Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқас (роман)



Pdf көрінісі
бет8/45
Дата19.05.2023
өлшемі1,68 Mb.
#94921
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45
РЕКОГНОСЦИРОВКА 
ІІІтабым Рождествено қыстағында еді. Келсем Мұхаметқұл қонақ болып отыр екен. 
Командирлерге тиісті бұйрықты беріп, олардың әрқайсысына қайда барып карта 
бойынша айтып көрсетіп болған соң: 
Ал, Мұқа, жақсы келіпсің, роталар даярланып жиналғанша бір сағаттай уақытымыз бар, 
әңгіме шертіңіз, — дедім мен, келгеннен бері үн қатпай отырған Исламқұловқа. 
— Иә, тағы да жолығамыз ба, жолықпаймыз ба, «час неровный» деп орыстар айтпақшы, 
ауытқып тұрған соғыс жағдайы ғой,— деп бастады ол әңгімесін. — Бірнеше сарбаздар 
қыршын кетті, олардың ерлігі ел құлағына жетіп те, жетпей де жатқан шығар. Өлім 
хабары кімге де болса суық хабар ғой. Ақыры қырғын ішінде жүрген өзіміздің де өлім 
десе денеміз түршігеді. Адамның еті өліп кетеді екен дегенге мен сенбеймін, өзің өлмей 
етің өлмейтініне менің көзім анық - ақ жетті. Үлкен ғанибет, халықтың намысына қара 
таңба түсірмей, ананың ақ сүтін ақтай қайтты марқұмдар. Мүмкін, бір күні біз де шейіт 
болармыз. Сені мен бұрын онша түсінбеуші едім. Тәртіпті кей мезгілде өте қатал ұстауың 
жанымды шошытып ренжітуші еді. Енді ойлап қарасам, оның игілігін көрген жігіттердің 
иықтары көтеріңкі. Біз осалдықтың кесепатынан сорлап, ақыры бір ұрысқа төтеп бермей, 
тобымыз бытырап, рәсуә болдық. Сендерді генерал тағы иір қысылтаяңға жұмсапты, бұл 
жерден не өліп шығасыңдар, не үлкен, зор абырой, атақпен шығасыңдар. Қарттың 
жасырмастан ашық айтқандығы, сендерге сенгендігі ғой. Ол кісінің онысы сабаздық. 
Сендер де сабаздық істеңдер. Сабаздыққа сабаздық болсын... 
— 
Ай, Мұқа, ақылыңызға рақмет, осыңыз да жетіп жатыр, қысқаша басыңыздан 
өткендерді айтыңызшы, — деп қулана күлімсіреп, көзі жәутеңдеген Бозжанов сөзін бөліп 
жіберді. — Есітігіміз келеді. Енді бес минуттан кейін комбат барлығымызды мынау үйден 
қуып шығарады, ананы-мынаны тексер деп, бұл кісінің сырын сіз білмейсіз ғой? — деді. 
— 
Ой, қарағым Жалмұхамед - ай, мен де қалай бастарымды білмей отырғаным ғой, 
жайбарақат аспай-саспай отырып айтатын әңгімелерді қалай қысқартып, тоқетерін 
айтарымды білмей отырмын... Ал, қысқарта айтқанда әңгімем мынадай: Дұшпанмен 
бірінші рет кездескенде дұрыс айқастық. Жігіттер көңілдегідей - ақ төтеп берді. Екі 
шабуылын қаусырата тойтардық. Түс қайта бергенде күтпеген жерден артымыздағы 
орманнан екі жүзден аса автоматчиктері шыға келді... бытырлатып оқты жаудыра 
бастады...пәлені қара тана бастады дегендейін штаб маңайындағы бөлімшелер үркіп, 
қойдай тоғысып, үрейлене састы... «Қоршау!», «Қоршалдық!» деген дегбірсіз хабардың 
алға қалай жетіп қалғанын қайдам, бет-бетімен босып бара жатқандарын бір - ақ көрдік. 
Батальон командирі, қарт майор Поляков орынды бұйрықтар беріп, жан-жаққа 
хабаршылар жұмсап, обалы не керек, қолынан келгенін істеп жатты. Штаб 
маңайындағылардан 50-60 адам жинап қорғана бастадық. Әрқайсысының қасына барып 


69 
«атқын - атқын!» деумен зордан ұйымдастырып жау тобын атқылай бастадық... Оған да 
жан керек емес пе, тізіле қаптап келе жатқан немістер етпетінен түсіп жата - жата қалды. 
Қаптан келіп қалған жау қарқынын оқпен басып, тыныс алғандай болдық... Орнымнан 
атып тұрып бесатарымды көтере «За мной!» деп айқайлап жауға қарсы тұра жүгірдім. 
Немістер атуын тоқтатты. Қарасам қолдарын бұлғап сақ - сақ күліп жатыр екен иттер. 
Артыма жалт қарадым. Маған ілесіп келе жатқан еш пенде жоқ. Не етерімді білмей тұрып 
қалсам керек — басым мең-зең, жынды болып кете жаздадым... үріккен танадай жалт 
беріп, бетімнен отым шығып, ішім құса, запыранға толып қайта қаштым, немістер мені 
мазақтай атқылады... Келсем барлығы бұғып орындарынан тырп етіп бас көтермей жатыр. 
Құсаланып, не айтарымды білмей, тұншыға көгеріп, «ә, пасық иттер!» деп бастап, бірнеше 
ашулы қатты сөздерді айтып айқайлап жіберіппін, Майор Поляков маған жаны ашыған 
көзбен кінәлана қарады. Оның орынбасары Черных үн қатқан жоқ. Немістер шынымен ақ 
оқты жаудыра атты. Орнынан тұра бергенде майордың маңдайынан бір оқ дәл тиіп, табан 
асты тіл қатпай қаза тапты бишара шал... Атысып жатырмыз... Черныхқа «енді батальон 
командирінің орнын басып, берер бұйрығыңды тез бергін» дедім. Күйгелек жазған 
ешнәрсе мардымды айта алмады, жағдайды өзгертерлік әрекет істей алмадық... Кеш 
батты. Түнде Черныхтан да айрылдық... Таң ата, орман ішінен он шақты адаммен бірге 
келе жатып, роталардың қалғанына кездестім. 80-90 жауынгерлердің басын қосып, «енді 
қайда барамын» деп біраз қиналып отырдым... Үш-төрт күн жау сыртында сандалып 
жүріп, ақыры Волоколамск қаласына келіп, полк штабын таптық... Сол күннен бастап 
үшінші батальонның үні өшті. Осы кезде біз бен екіншінің қалғандарын біріктіріп бір 
батальон болып отырмыз. Мені алтыншы ротаның командирінің орынбасары етіп 
тағайындады... 
Роталар орындарынан қозғалып, жолға шықты, жолдас комбат! — деп баяндады Рахимов. 
Дұрыс, Мұқа, енді жүре әңгімелесейік, сөзің аузыңда, — дедім мен. Барлығымыз үйден 
бірге шықтық. 
Екінші ротаның командирі Семен Краев, ұзын бойлы, құлағы күдірейген, етсіз жақты, 
өткір жасыл көзді, арық тарамыс сары жігіт еді. Аяздан сары түрі үрпиіп, көгере 
тоңғандай жағы қусырылып, бұрынғысынан да арық көрінді. Біз 151,0 нысаналы төбенің 
айналасын аралағалы екі сағаттай болды. Жан-жақты болжап, бақылап, әскер тілінде 
айтқанда, рекогносцировка жасап болғандаймыз. 
Күн батып, ымырт жабылардың алды. Екі қара жолдың торабы көпірдің алдында 
тұрмыз.Қысқасын айтқанда былай, Краев, —дедім мен. — Дұшпан тағы мына екі жолмен 
келеді. Басқа айналаның бәрі шалшық екенін көзің көрді ғой. Алдындағы қалың орман 
оған паналап көруге өте жағдайлы - ақ. Сен орманда соғыспағын, айналдырған сексен 
адамыңмен соқыр орманда жасырынбақ ойнаудың қажеті жоқ. Орманнан шегіне беріп, 
мына ашықты қорға. Алдынан қосып алып, дәлдеп атуға артық жер ыңғайлы болар 
деймін. 
—Жолдас комбат - ау, ол орманды паналап тұрып бізді де дәлдеп атады ғой. Сөйтіп жер 
жағдайын пайдаланса. ол бізді ұтпай ма, — деді Краев үріккен тананың көзіндей көзін 
алақтатып. 
— 
Ей, сен,— деп зекірдім, — саған мен кеудеңді жау оғына ашып, тосқын деп тұрмын 
ба! Тосып ал дегенге неге түсінбейсің. Немістерді орманнан 150-200 метрдей 
шығармастан атып нең бар сенің. — Онда түсіндім, жолдас комбат,— деді ол езуін 
самарқау жиып. 


70 
— 
Дұрыс түсінсең. Ол да ақымақ емес, қалбалақтап тосқан оқ торына келіп түсе 
қалатып аңқау айуан ол емес. Алдымен барлау жібереді. Оны қалай етпексің? — деп тіке 
сұрадым. 
Біраз ойланып тұрып: 
— 
Бәсе, оны қалай ет дейсіз, жолдас комбат? — деп о да сұрақ қойды. 
— 
Барлаушыларын неғұрлым бермен ашыққа шығарып алып, ақырғы адамына дейін 
мына алдағы ойпаңнан кейін қайтармай қырып салғын. 
— 
Кейінгі, арттағы күші... 
— 
Жә, жә! Сабыр етіп тыңда алдымен. Артынан келе жатқан негізгі күш бұл бағытта 
батальоннан аспас, барлық салмақ даңғыл жолда болар. Сенің жатқан мына тәмпешігіңді 
ол зеңбірек, минометпен біраз иге салады. Жауап қатпай, тырп етпестен жата бергін... 
Жаяу әскері ашық жерге тығып жақындағанда пулеметің мен мылтықтарыңа сөз беріп, 
оқпен қапсыра құшақтап бір көргін... Не болып шығар екен. Алыстан бажылдасып не 
керегі бар... не де болса жақыннан болсын. Мұндайда қолтықтаса құшақтасудан қашпаған 
ұтады. Не де болса тәуекелге бел байла, тәуекел. 
— 
Жарайды, құп болады, — деді ол күйгелектеп, үйреншікті жауаппен. 
— 
Алдымен ойлан. Біздің әңгімеміз құр бал ашу болып жүрмесін. Ойлан, Краев, 
шалағайлық болмасын. «Құп боладымен» ғана жауды жеңген командирді әлі көре 
алмадым. Ойлан! Сендердің еншілеріңе тиген осы жер. Сыбағаңа ақылмен ие болып
айламен қорға, қорғай біл... 
Я, дұрыс айтасыз, жолдас комбат, ойлайын, — деді ол тағы да қаймыға күйгелектеп. — 
Еш нәрсемді аямаймын, біраз күмілжи тұрып: — Бірақ та сізден қандай жәрдем болады... 
егер де күтпеген жерден халіміз нашарлай қалса, қайттік?Саған шыны керек пе? — деп 
тіке қарадым. 
Әрине, жолдас комбат, әрине. 
Қысыр сиырдан бұзау күтпегін. Егерде телефонмен байланысымыз болса, мен саған 
жәрдем... — дей бергенімде Краев жалма-жан... 
Болады ғой, бұзылса тездеп түзетіп тұрамыз, — деді. 
Менің жәрдемім... қысылған кезде саған ұрсу, әрі-беріден кейін зекіріп боқтау. Ол мырс 
етіп күліп жіберді. 
— 
Одан басқа, жолдас комбат, одан басқа, жәрдем жағы... 
— 
Одан басқа түк те бере алмаймын, түгім де жоқ... Айта берсең, Матринино, Гарюны 
халдері нашар болса сенен 30-40 адам алуым да мүмкін. О да есіңде болсын. Сен 
алыстасың. Мұнда қимыл жекпе-жек қана. Даңғыл жол бойына қарағанда, мұнда онша 
ауыр бола қоймас. 
Біраз сұрлана бозарып: 
— 
Бірақ та бізді есіңізден шығармаңыз, жолдас комбат. Сіздің даусыңызды уақтылы 
естіп тұру бізге бұрын медет болушы еді, 
деп жасығандай болды. 


71 
— 
Тәйт! Менімен біржолата қоштасып тұрсың ба, өзің, — деп зекірдім. 
— 
Жоқ, жолдас комбат, өзіңізден бұйрық болмай, мына төбені қолдан шығармаймыз, 
— деді ол күліп. 
— 
Істерің қайырлы болсын! Жауынгерлерге түсіндіріп айтқайсың... 
*** 
Жолда, Матренинода бірінші ротаның командирі Филимоновпен жолығып, біраз кідіріп 
даңғыл жол бойындағы Горюны қыстағына қас қарайғанда жетіп, аттан түстім. 
Күн бойы салқын далада болып, үйге еніп біраз жылына бастағанда суық қарыған бетің 
мен ерінің тырыса ашып, шаршағаныңды бір-ақ сезіп, көзің кірбиіп қалғи бастайсың. 
Бірақ қызмет жағдайы әр уақытта да сергектікті тілейді. Бастаған істі аяқтамай ойың жай 
таппайды. Тыныштық безген жерде ұйқының не ақысы болсын. 
— 
Үшінші рота жаңа келіп жепті, лейтенант Танковқа қай жерді қалай қорғауды 
көрсеттім, — деп баяндады үйге ене Рахимов. 
Мен оған бірінші, екінші роталардың жағдайын толығынан айтып, карта жүзінде көрсетіп, 
олармен қалай байланыс жасау, тағы басқа нұсқауларды беріп бітірген соң, Жалмұхаммед 
Бозжановты ертіп далаға шықтым.Айнала жым-жырт. Қап-қараңғы түн. Жер беті аппақ 
қар. Айналадағы орман тым-тырыс мүлгіп тұрғандай. Даңғыл жол енді тоқылған өрмектей 
тіп-тіке, тұп - тұра жалтыр, жосылып жатыр. Қыстақтың азғана үйлері де жол жағасында 
күркеше - күркеше болып қарауытып, қаз-қатар тізіліп тұрғандай, олар да жым - жырт, 
тым-тырыс. Лейтенант Танков келді. Үшеуміз қыстақты екі айналып шықтық. Шаршаған 
жауынгерлердің көбі окоптарына бір құшақ пішен, я сабанды әкеліп төсеп, шинельдерінің 
бір етегін төсеніп, бір етегін жамыла бүрісіп ұйықтап жатыр екен. Әр бөлімшеде аяздан 
тықыршып қарауылда тұрған жауынгерлер ғана. 
— 
Жігіттерге демалуға рұқсат етіп едім, жолдас комбат, — деді Танков. 
— Дұрыс, демалғандары да теріс болмас. Айналаны жарық кезде біраз болжап, қалай 
бекініс істеуді ойладың ба? — деп сұрадым одан кеп. 
Танков әр окоптың басында қалай қорғану мәселесін ретімен баяндай бастады. Толығынан 
тыңдадым. Қараңғы түнде не көріп, не түзетерсің. 
— 
Жарайды, таң ата көрерміз. Тиісті қызметіңді істей бер, — деп Танковқа рұқсат 
беріп, штабқа келдім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет