Bay ake kedey ake 1 Роберт Кийосаки


VII Тарау Алтыншы сабақ



Pdf көрінісі
бет21/41
Дата19.01.2023
өлшемі1,48 Mb.
#61899
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41
VII Тарау
Алтыншы сабақ
Ақша үшін емес, тəжірбие үшін жүмыс істеңіз!
1995 жылы Сингапурде, бір газетке мен интервью бердім. Жас
журналшы қыз уақытында келіп, əңгіме бірден басталды. Тамаша
қонақ үйінің вестибюлінде кофе іше отырьш, менің Сингапурға келген
мақсатым туралы əңгімелестік. Мен, мұнда Зиг Зиелармен бірге сөз
сөйлеуге тиісті едім. Ол, мотивация жөнінде, ал мен байлардың
«құпиялары» жөнінде.
-Мен, Сіз сияқты кең тараған автор болғым келеді, -деді жас
журналшы қыз. Оньщ газетке шыққан кейбір мақалаларын көргенмін,
олар маған оң əсер еткен. Ол оқырмандар үшін тартымды жəне қысқа
да, нұсқа жазатын.
-Сіздің жазу тəсіліңіз тамаша -дедім мен.
-Сізге арманыңызды орындауға қандай кедергі бар? -деп
сұрадым.
-Менің жұмысым ешқандай нəтиже бермеу де, -деді ол. Бəріңе
Менің романдарымды мақтайды, бірақ ешқайсысы оларды
шығармайды.
Сондықтан, Мен газетте жұмыс істеуімді жалғастырудамын.
Мұндағы табысым, əйтеуір төлемдерді төлеуге
септігін тигізуде. Сіз, бұл мəселелер жөнінде, маған кеңес бере аласыз
ба?
-Ия, дедім мен.
Осында, Сингапурда сатушылар дайындайтын мектебті ұстайтын
бір танысым бар. Ол жергілікті белгілі корпорациялардың
жұмыскерлерін оқытады, менің ойымша, əділетсіздік. Ол өзінің
қолжазбасын ұмытып, есіктен атып шықты.
Дегенмен, жөнін айту керек, ертеңгі күні ол, мен туралы жақсы
жəне əділетті мақала жазды. Əлемде ақылды, дарынды жəне сауатты
адамдар баршылық. Олармен біз күнде кездесеміз. Олар барлық
жерлерде бар.
Бір күні менің машинам ақаулықтан тұрып қанды. Оны бір жас
механик екі минуттың ішінде жөндеп берді. Ол ақаулықты мотордың


дыбысынан-ақ аңғарды. Қандай дарындылық! -деп таң қалдым.
Бірақ, өкінішке орай, жалғыз дарындылық жеткіліксіз. Мені, осындай
дарынды адамдардың аз алатындығы таң қалдыратын.
Жақында, мен Америкада жылына 100 мың доллар табыс табатындар
5-ақ процент құрайтынын естідім. Мен жылына 20 мың доллардан
аспайтын табыс табатын: ақылды, дарынды жəне сондай сауатты
көптеген адамдармен таныспын.
Мысалы, бір бизнес-кеңесшісіден дəрігерлердің қаншалықты аз
алып, қаржы тапшылығынан қандай зардап шегулері туралы естідім.
Бұлардың мұндай жағдайда екендіктерін бұрын аңғармаған едім,
себебі: мұндай мамандардың, оқуларын бітіре салысымен-ақ, тұрмастары
ең жоғары дəрежеде болады, -деп есептейтінмін. Алайда, осы кеңесшінің
айтуынша: «оларды байлықтан бірнəрсе ғана
ажыратып тұр- ол білу». Айту керек, жұрттың көпшілігіне осы
«білуді» игеру қажеттілігі тұр, сонда олардың табыстары өсе түседі.
Қаржылық тапқырлык-бухгалтерлік, инвестиция, нарық жəне
заңдар білімдерінің жиынтығы. Осы 4 амалдарды пайдаланып, ақшамен
-ақша табуға көп жеңіл болады. Ақша жөнінде əңгіме
көтерілгенде, көпшілік тек қана, тырысып іс істеуді ғана біледі.
Бұған, журналшы жас қыздың білімділігі мен дарындылыгының
қосындысы, ең жоғарғы түрдегі мысалы бола алар еді.
Мен, оның орнында болсам, сатушылыққа ғана емес, жарнама
хаттарын жасау курсына да барып оқыған болар едім. Ақырында,
жұмысты газеттен емес, жарнама агенттігінен тапқан болар едім. Бұл
жерде жалақы біршама азырақ болғанымен, ол жақсы жарнамада
пайдаланатын, ұрандар тəрізді, қысқа жазылатындай қылып, ой-өрісін
нақты, дəл жазуға машықтанған болар еді. Бастысы, жарнама ісімен
таныс болып, ол арқылы миллиондаған ақшаны қалай табуға
болатындығын білген болар еді. Кешке қарай жəне демалыс күндері,
өзінің атақты романдарын жазып, оларды тез сатуға үйренер еді. Ол
лезде «бестселлерлер авторы» деп атанған болар еді. Мен бірінші рет
өз кітабымның атауын: «Егерде бай жəне бақытты болғың келсе,
мектепті таста», -деген тақырыпта бергенімде, кітап басушысы оны: «Білім
экономикасы» деген тақырыпқа ауыстырыңыз деді. Онда мен, мұндай
атаумен, кітаптың 2-ақ данасын сата алатындығымды айттым.
Біреуін өз отбасыма, екіншісін ең жақын досыма. Əрине, мен бұл екі
дана кітапты сатпаймын, тек сый ретінде беремін. Осындай атауды
таңдап алуым, ол ерекшелігімен жұрттың назарын аударған болар еді.
Жалпы оқу жүйесіне мен қарсы емеспін, ондағы болып жатқан
реформаларға сенемін. Егер мен оған қарсы болсам, онда ескірген оқу
жүйесін, өзгерту керек, -деп, осынша ма уақыт айтар ма едім? Мұндай
тақырыпты таңдап алу себебім: мен теледидар жəне


радиохабарларына көбірек қатынасып, пікір таласып тудырғым келді.
Жұрттың көбі, мені есуас, -деп санады, дегенмен кітап тез сатылып
кетті.
1969 жылы, мен Американың теңіз-сауда академиясын аяқтап
шықтым, менің оқымысты əкем, бұған қатты қуанды. Калифорниялық
«Стандарт Ойл» компаниясы, мені мұнай тастың танкердің үшінші
көмекшілігіне жалдап алды. Менің жалақым, өзімнің класстас
жолдастарымнан аз еді, бірақ оқуды бітіргеннен кейін бірінші жылғы
жүмыс үшін, онша жаман да емес еді. Жалақым бастапқы кезеңде
жылына 42 мың долларды құралы, оның сыртында негізгі жұмыс
уақытынан тыс жұмыстар үшін, қосымша ақы төленетін, жылдың жеті
айында жұмыс істеп, қалған бес ай бойынша демалыста болатынмын.
Маған қажет болса, осы бес айға Вьетнамдағы еншілес көлік
компаниясына жұмысқа тұрып, табысымды екі есе көбейтуге
жағдайым болды. Менің алдымда үлкен мансапқа ие болу
мүмкіншілігі тұрды, бірақ мен жарты жылдан кейін тыстан босап,
ұшқыш болу үшін əскерге кеттім. Бұл іс оқымысты əкемнің зəре-
құтын алдырмады, ал бай əке тарапынан қолдау таптым.
Жұрттың көпшілігі: оқуда да, жұмыста да «мамандандыру» өте
қажетті, -деп есептейді. Яғни, көп ақша табу үшін «мамандану» керек
дейді. Міне, сондықтан дəрігерлер нақтылы мамандықтарды итереді,
мысалы, ортопедияны немесе педиатрияны. Бухгалтерлер, заңгерлер,
архитекторлар, ұшқыштар жəне т.б. нақ осылай жасайды. Менің
оқымысты əкем осы көзқарасты қолдайтын. Ол докторлық дəрежесіне
ие болғанда, қуанышында шек жоқ еді.
Ол, мектептерде оқушылардың қай пəнге қабілеттілігін негізге
алып, қалғандары туралы аз одан да азға оқытуды мадақтайтынын
мойындайтын.
Бай əке маған, керісінше түбегейлі қарама-қарсылықты кеңес
беретін. «Барлығы жөнінде аз-аздан болсада білу керек», дейтін.
Сондықтан, мен көп жылдар бойы, оның компаниясының əртүрлі
бөлімдерінде жұмыс істедім. Біршама уақыт бухгалтерияда болдым.
Дегенмен, мен ешуақытта бухгалтердің міндеттерін атқара
алмаған болар едім, бірақ ол менің «осмотикалық» тəсілге
үйренгенімді қалап еді. Бухгалтерлік істе ненің маңызды, ненің
маңызды емес екенін аңғарып, негізгі терминдерді түсініп, игерсін
деген болар. Мен, солай даяшының көмекшісі, құрылыс мастерінің
көмекшісі де болып жұмыс істедім жəне саудамен, маркетингпен де
айналыстым. Ол. Майк екеуімізді осылай «есірді».
Бухгалтерлермен, банкі қызметкерлерімен, заңгерлермең жəне
Брокерлермен өзі өткізетін кеңес-жиналыстырына біздің


қатынасуымызды талап ететін. Сөйтіп, ол өз империясының əр саласы
бойынша біздің бірдеңе ұғуымыз керек. -деп есептейтін.
Мен мұнай компаниясындағы жоғары ақылы жұмыстан бас
тартқанымда, менің оқымысты əкем, менімен егжей-тегжей сөйлескісі
келді. Менің кызмет бабында өсу мүмкіншілігі бар, еңбекақысы
жоғары, жеңілдіктері көп, демалыс уакыты ұзақ жұмыстан бас
тартқанымды түсінбей, аң-таң болды. Бір күні кешке, ол менен: «Сен
неге кеттің?»-деген сұрағына, қанша тырыссам да, түсіндіре алмадым.
Менің ойым, оның ойымен сəйкес келмеді. Шын проблемасы: менің
ойымбай əкенің ойы болатын.
Оқымысты əкем үшін, тұрақты жұмыс қашанда негізгі
айқындаушы фактор болатын. Бай əке үшін- білім. Оқымысты əкем,
менің əскери-теңіз офицерлігіне окығанымды ұнататын, ал бай əке, менін
халықаралық сауданы оқып жүргенімді білетін. Мен əртүрлі
үлкен кемелермен Қиыр Шығысқа, Тынық мұхиттың оңтүстік
жағалауларында сауда жұмыстарын жүргіздім. Бай əке, маған
Европаға емес, Азиядағы жаңа дамып келе жатқан мелекеттерге бару
керек, деп ақыл беретін.
Менің көптеген жолдастарым, оның ішінде Майкте бар, уақыттарын
көңілді кештерде өткізіп жүргендеріңде, мен Японияның, Тайванның,
Тайландтың, Сингапурдың, Гонконгтың, Вьетнамның, Кореяның, Таитидің,
Самоаның жəне Филиппиннің саудасын, адамдарын, іс-тəсілдерін жəне
мəдениеттерін зерттедім. Мен, сөйтіп
тез ересек болдым.
Менің оқымысты əкем, əскерге қызметке кеткенімді мүлдем
түсінбеді. Мен, оған ұшқыш болғым келетінімді айттым, бірақ
шындығында, адамдарды басқаруға үйренгім келіп еді. Бай əке
компаниядағы күрделі мəселе- ол адамдарды басқару,-деп
түсіндіретін. Ол əскерде үш жыл болған, ал оқымысты əкем кезінде
əскерге барудан босатылған болатын. Адамдарды өзіңнің соңыңнан
ертіп, қатерге қарсы шабуға үйренушілік- маңызды іс, -деп айтатын
бай əке. «Енді саған лидер болуға үйренуің керек,- деді ол. Егер сен
жаман командир болсаң, сені артыңнан атады- бизнесте де нақ
осылай».
1973 жылы Вьетнамнан оралғаннан кейін, маған ұшқыш болу
ұнасада, əскерден кеттім. «Кегог» корпорациясына жұмысқа кірдім.
Мен мұнда бір себебпен барып едім, əрине ол қызметкерлерге
берілетін жеңілдіктер үшін емес еді. Мен табиғатымнан ұяң адам едім,
сондықтан бірдеңені сату дегеннен менің зəрем қалмайтын. Ал
«Кегог» компаниясында Американың сауда агенттерін оқытатын ең
жақсы бағдарлама бар болатын. Бай əке, мені мақтан тұтатындығын
айтты. Оқымысты əкем, ұяттан өлердей болып жүрді. Ол интеллигент


болғандықтан, сатушыны, өз дəрежесінен кем, деп есептейтін.
Сауда жасаудың барлық амалдары мен тəсілдерін үйренгенше, мен
«Кегог» компаниясында төрт жыл жұмыс істедім. Тəжірбиемді
шыңдай отырып, сатушылардың ең жақсы бірінші бестігіне тұрақты
түрде енгеннен кейін, тамаша лауазым мүмкіншіліктерінің
баршылығына қарамастан, бұл компаниядан да жұмыстан кеттім.
1977 жылы мен, өз компаниямды құрдым. Бай əке, Майк
екеуімізді өз компанияларымызды қалай басқаруды үйретті, енді
оларды қалай құруға болатындығы жөнінде үйренуім керек болатын.
Сөйтіп, менің бірінші шығарған өнімім жабыстырмалы нейлон
қағаздары Қиыр Шығыста шығарылып, Нью-йоркке тасып əкелінетін.
Солай, менің формальді түрдегі оқуым аяқталып, енді өзімді іс
барысында сынау мерзімі туды. Сəтсіз болса, мен банкротқа ұшыраған
болар едім. Бай əке, банкроттыққа 30 жасқа дейін ұшыраған дұрыс деп
есептейді, «оңда сен күшіңді қайта жинауға уақытын болады,деп
кеңес беретін». Мен 30 жасқа толар қарсаңында Кореядан Нью-
Йоркке менін жеке компаниямның бірінші партиясының жүгі
жіберілді.
Бұрынғыдай, мен қазір де халықаралық бизнеспен айналысамын.
Бай əкенің кеңесі бойынша, тез даму жолындағы елдермен жұмыс
атқаруға тырысудамын. Қазіргі кезеңде менің инвестицияларым
Оңтүстік Америкада, Азияда, Норвегияда жəне Россияда бар.
Ағылшындардың «жұмыс» деген сөзінің мағынасы: «банкроттықтан
сəл ғана артық», -деген мəтелді керсетеді. Өкінішке орай, жұрттың
көпшілігіне осындай жағдай тəн.
Мектептер мен университеттер қаржылық білім алуды жағымды
іс емес,-деп есептегендіктен, жұрттың көпшілігі «қаржылық
мүмкіншіліктерінше» өмір сүреді. Олар жұмыс істейді, содан кейін
төлемдерін төлейді.
Менеджментте тағы бір сұмдық теория бар, оның мағынасы
мынаған келеді: «Жұмыскерлер жұмысты, керекті мөлшерден артық
істемейді, жұмыстан шығарып жібермесін деп істейді, ал қожайындар
оларға ақшаны қажетті мөлшерде төлемейді, жұмыстан кетіп
қалмасын, -деп төлейді». Егерде компаниялардың жұрттың
көпшілігіне жалақыны қалай төлейтіндігіне үңілсек, бұл сөздерде
шындықтың «дəні» бар екенін мойындауымыз керек.
Сөйтіп, жұмыс істеушілердің көбі қаржылық игілікке қолдарын
жеткізе алмайды. Олар ғұмыр бойы өздерін қалай үйреткендерінен
бұлтармай, «тұрақты жұмыс істеушілікте» болады. Барлығыда
зейіндерін жалақыға жəне жеңілдіктерге, əртүрлі қысқа мерзімді
пайдаларға аударады, бірақ бұлар ұзақ мерзімді көзқараспен


салыстырғында жиі күйреушілікпен аяқталады.
Мен жас адамдарға, бірдеңеге үйренетін жұмысты іздеулеріне
кеңес берген болар едім. Ең алдымен өзіңізге не нəрсеге үйренгіңіз
келетінді. қандай тəсілдерді игергіңіз келетіндігіңізді ойластыру
керек. содан кейін барып нақтылы бір мамандыққа тоқтау керек, сөйтіп
«егеуқұйрық жүгірісіне» қатынасу керек. Адамдар ғұмыр бойы
төлемдерін төлеумен жүгіріп жүргенде, тура шеңбер ішінде жүгірген
тиінге ұқсайды. Олар күнде осындай шеңбердің ішінде жүгірумен
болады. Тамаша! Көп адамдарға мен мынандай сұрақ қоямын: «Сіздің
күнде істейтіндігіңіз, Сізді қайда апарады?» шеңбердегі тиін секілді,
олардың ынталанып істейтіндері, соңында неге апарып соғарына
ешқандай көңіл бөлмейді. Оларға келешек не береді?
Американың Зейнеткерлер ассоциациясының бұрынғы
президенті Сирил Брикфилд: «Жеке тұлғаларға зейнетақы төлеу
былықты жағдайда. Біріншіден, қазіргі кезеңде жұмыс күшінің 50
процентінде ешқандай зейнетақы жоқ. Мұндай жағдай бізді қатты
алаңдатуы керек. Ал қалғандарының 75-80 проценті күлкілі көлемдегі
зейнетақы алады: айына 50-150 немесе 300 доллар», -деп
тұжырымдайды.
Крэг С. Карпел өзінің «Зейнетке шығу қиялы» атты кітабында:
«Зейнетақы туралы кеңес беретін бір үлкен компанияның
басқармасына барып, онда жоғары басшы тұлғаларға үлкен зейнетақы
тағайындаумен айналысатын директормен кездестім. Мен ол кісіден, ал
жеке кабинеттері жоқтар неменеге сене алады? -деген сұрағыма,
жымыйып: «Күміс оққа». Күміс оқ деген немене? -дедім мен
таңданып. Ол иығын көтеріп: «егерде адам қартайғанда, өміріне ақша
жетпейтіндігін аңғарса, ол қашанда болмасын өзін-өзі атуға еркі бар
деді», -деп жазады. Одан əрі Қарпел зейнетке шығудың ескі
жоспарымен, жаңа өте қауіпті жаңа жоспардың айырмашылығын
түсіндіреді. Сондықтан, қазіргі жұмыс істеп жүргендер үшін, жағдай
онша айтарлықтай емес. Біз тек қана зейнетақы туралы айтып
отырмыз. Ал, егерде қарттар үйінде тұрушылықты жəне дəрігерлік
көмекті қоса ескерсек не болады? Ахуал өте қорқынышты.
Ол өзінің 1995 жылы жазылған кітабында, қарттар үйіндегі тұру
құны жылына 30 мың доллардан 125 мың долларға дейін
тұратындығын айтады. Дəрігерлік көме мемлекет тарапынан
керсетілетін елдердің ауруханаларында кей уақытта, кімге өмір сүру
керек, кімге өлу керек екендігі туралы, өте күрделі шешім кабылдауға
тура келеді. Мұндай шешімдер ауру адамның жасына қарай жəне
қанша ақшасы бар, осылардың негізінде қабылданады. Дəрігерлік
көмек жас адамдарға жасалынып, кедейлер мен кəрілер кезектің
соңына қойылады. Байлар жақсы білім алуға ғана емес, сонымен қатар
ұзақ өмір сүруге де мүмкіншіліктері бар, ал ақшасы жоқтар өледі.


Мен: «Жұмыс істеуші адамдар, келешегінде не күтіп
тұрғандарына үңілмей ме екен?»-деп таң қалатынмын. Əлде, олар
жалақыдан-жалақыға дейін, қайда бара жатқандарын өздерінен-өздері
сұрамай өмір сүре ме екен?
Көп ақша тапқысы келген адамдарға берер кеңесім: өз
өмірлеріңізге ұзақ мерзімді болашақта не күтіп тұрғандары жөніндегі
тұрғыдан қараңыздар.
Жұмысты акша табу жəне тұрақтылық мақсатында істеудің
орнына (əрине, бұл маңызды) мен оларға екінші жұмысқа, қосымша
кəсіби-машықтық алуға ұсыныс жасаймын. Тауарларды сатуға үйрену
мақсатында, жүйелі маркетингпен (оны көп деңгейлі деп атайды)
айналысуға шақырамын. Кейбір жүйелі маркетинг компанияларында,
қорқыныш пен үрейден қалай құтылуға болатындығы жөнінде
оқытатын тамаша бағдарламалар бар (нақ осы қорқыныш пен үрей
адамдардың табысқа қол жеткізе алмайтын себебтердің бастыларының
бірі). Ұзақ мерзімді тұрғыдан қарағанда білімділіқ, ақшадан əлдеқайда
артық. Менің осындай кеңестеріме жұрттың көпшілігі: «Бұл өте
күрделі» немесе «Мен өзіме ұнағанды ғана істеймін», -деп жауап
беретін. Мұның біріншісіне, мен: «Сіз ғұмыр бойы жұмыс істеп,
табысыңыздың жартысын мемлекетке бересіз бе?»-деген қарсы сұрақ
қойатынмын, ал екіншісіне: «Маған спортзалға бару ұнамайды, бірақ
мен барамын, себебі: мен өзімді жақсы сезініп жəне ұзақ өмір сүргім
келеді» дейтінмін. «Кəрі ақымақты, жаңа əзілдерге үйрете алмайсың
дегендей, егер адам өзгерістерге бейімделмесе, оның өзгеруі қиын.
Сіздердің араларыңыздан, шындығында бір жаңа істерге үйрену керек
шығар, деп ойланатындар табылса, мен оны қолдаймын, себебі: өмір-
спортзалға барғанмен бірдей. Мұның қиындығы оған бару. Бірақ, оған
кірген сəттен бастап-ақ, Сізге жеңіл болады. Əрқашанда мен
спортзалға баруға жүрексінетінмін, бірақ ішіне кіргеннен кейін, қимыл
жасап, бір рахат сезімге бататынмын. Жаттығудан кейін
қуанышты болатынмын, себебі: мен өз жалқаулығымды жеңіп, өзімді
осында келуге мəжбүр еттім.
Егерде Сіз жаңа бірдеңені үйренуге жұмыс істегіңіз келсе жəне
тек қана бірізділік мамандандырулықты қаласаңыз, онда Сіздің-
компанияда кəсіподақтың барлығына көзіңізді жеткізіңіз.
Кəсіподақтар жұмыс істеушілерді қорғау үшін құрылады.
Менің оқымысты əкем, штаттың губернаторымен келісе
алмағандықтан, Гаваядағы оқытушылар кəсіподағын басқарды. Ол
маған, бұрын мұндай күрделі жұмыстың өзінде болмағанын айтатын.
Менің бай əкем, өзінің компанияларында кəсіподақтардың пайда
болуына жол бермейтін. Бұл оның қолынан келетін. Шабуылды
тоқтатуға, ол əрқашанда үлгеретін, Мен ешкімнің жағына


шықпайтынмын, себебі: əрбір көзқарастың өзіндік пайдасы болатын.
Егерде мектепте үйреткендей жəне бір ғана мамандықты қаласаңыз,
онда қорғауды кəсіподақтан іздеу керек. Мысалы, мен ғұмыр бойы
ұшқыш болуды қаласам, онда мен ұшқыштардың күшті кəсіподағынан
жұмыс тапқан болар едім. Неге?
Себебі: менің барлық өмірім бір саланы ғана білуге, игеруге
арналған еді. Егерде мені жұмыстан шығарып жіберген жағдайда, басқа
салада бұл білетіндерімнің қажеті болмас еді. Жүз мың сағат
ұшқан жəне жылына 150 мың доллар табысы бар, жұмыстан
босатылған тəжірбиелі ұшқыш осыңдай жұмысты, сірə мектептен таба
алар ма еді? Сенің біліктілігін басқа жерде қажет емес. Дəрігерлер
жөнінде де осыны айтуға болады. Денсаулық сақтау саласында
көптеген өзгерістер болуына байланысты, көптеген дəрігерлерге
əртүрлі дəрігерлік ұйымдарға жəне кəсіподаққа кіруге тура келеді.
Кəсіподақ мұғалімдерге міндетті түрде қажет. Мұғалімдер кəсіподағы
Америкадағы ең үлкені жəне байы. Білім беру Ассоциациясының
айтарлықтай саяси күші бар. Мұғалімдерге кəсіподақ тарапынан
қорғаныш қажет, себебі: олардың кəсіби мамандықтары басқа
салаларда қажеттілігі жоқтың қасы. Сондықтан, бір мамандықтыларға
кəсіподақ мүшелері болу қажет. Бұл ақылға тұрарлық іс.
Семинарлар ету барысында менің: «Сендердің қайсыларың
гамбургерді «Макдональдстен» артық дайындай аласыңдар?»-деген
сұрағыма көпшіліктері қолдарын көтеретін. Одан əрі жалғастырып:
«Егерде көпшіліктерің гамбургерді жақсы дайындасаңдар. онда
«Мақдональдс» неге ақшаны сендерден көп табады?»-деймін. Жауап
белгілі: «Макдональдс» компаниясы бизнесті тамаша жүргізе біледі.
Көптеген дарынды адамдардың кедей болуы, олар бір сала бойынша.
бір істің төңірегінде ғана (гамбургерлерді жақсы дайындаған секілді)
біліктілігін арттырумен болады да. бизнес жөнінде ештеңе білмейді.
Гаваяда менің белгілі суретші бір досым бар. Ол көп табыс
табатын. Күндердің-күнінде шешесінің адвокаты, оған 35 мың доллар
көлемінде мұра қалдырылғаны туралы телефон соғады. Ол өзінің
бизнесіне пайда келтіру мақсатында. бұл ақшаны жарнамаға салады.
Екі айдан соң, байларға арналған қымбат журналдың бетінде əсем
əшекейленген, оның бірінші хабарламасы жарияланады. Бірақ, оған
бірде-бір ұсыныс түспейді, солай оның мұрадан түскен ақшасы текке
кетеді. Енді ол журналды, жарнаманы дұрыс орналастырмағаны үшін,
сотқа бергісі келеді.
Бұл сені неге үйретті? -деген сүрағыма. оның берген жауабы: «Жарнама
агенттері алаяқтар»-деді. Ал,сен саудаға жəне маркетингке
үйренуге оқысаң қайтеді-дедім. «Оған менің уақытым жоқ жəне текке
ақша шығарғым келмейді»,-деді.


Өмір дарынды кедей адамдарға толы. Олардың көп жағдайларда
кедей болушылықтары, қаржы тапшылығын көрушіліктері немесе
табыстарының аз болушылықтары, олардың мамандықтарының
сондай болушылығынан емес, бірдеңелерді білмеушілігінен
туындайды. Олар ғұмыр бойы тек қана бір істі, бір саланы жан-жақты
жетілдірумен ғана шұғылданады, мысалы, сол гамбургерлерді, ал оны
қалай жеткізіп, қалай сатуға болады; оған мəн бермейді. Мүмкін
«Макдональдс» ең жақсы гамбургерлерді шығара да алмайтын шығар,
бірақ олар өздерінің орташа гамбургерлерін, басқалардан гөрі шашпаң
жəне жақсы сата алады.
Кедей əкем менің бірізділік санаулы мамандықтың иесі
болуымды қалайтын. Гаваяның губернаторы оған енді, штаттың
басқару жүйесінде болмайтындығын айтса да, менің оқымысты əкем
осы пікірінің айтушылығын қоймайтын. Содан кейін, ол оқытушылар
кəсіподағымен айналысып, білімді кəсіби мамандардың құқықтары
мен жеңілдіктерін қорғаушылықпен айналысты. Кəсіподақтардың
пайда болуына, яғни осындай бірізділік мамандарды қорғаушылық
мəжбүр еткені туралы жиі пікір таластыратынбыз, бірақ ол мұны
мойындамайтын.
Бай əке, Майк екеуімізге өзімізді «өсіруге» кеңес беретін.
Көптеген корпорациялар да осыны істейді. Олар бизнес
колледждердегі оқушылар арасынан қабілеттілерін іздеп, тауып
оларды «өсіріп» жəне «тəрбиелей» бастайды, сөйтіп түбінде
компанияны басқаруға дайындайды. Бұл жас мамандар тек қана бір
бөлімде жұмыс істеуге мамандандырылмайды. Оларды бір бөлімнен
екінші жəне басқа бөлімдерге, бизнестің жан-жақты қырларымен
танысу үшін, ауыстырып отырады. Байлар Өздерінің жəне
басқалардың балаларын осылай «тəрбиелейді». Осының нəтижесінде
олардың балалары бизнестің жалпы қалай Жұмыс істейтіндіктері
жөнінде жəне компанияның бөлімдерінің бір-бірімен байланыстылығы
туралы терең мағлұмат алады.
Екінші дүниежүзілік соғысы кезеңінде туған ұрпақ үшін
компаниядан-компанияға ауыса берушілік «жаман». -деп есептелетін.
Қазіргі кезеңде, бұл ақылды іс. Бір жерде тапжылмай, бір
мамандықтың көлемінде ақша үшін жұмыс істей бермей, басқа
салаларды да біліп, үйренуге неге ұмтылмасқа, қысқа мерзімді
уақытқа, мұндай істің пайдасы аз болып көрінуі мүмкін. Бірақ, ұзақ
мерзімді тұрғыдан алсақ. олар Сізге көп дивидентер түсіреді.
Жетістікке қол жеткізу үшін. басқаларды үйренуде мыналарды білу
қажет:
1.Ақша ағымын басқару.
2.Жүйелерді басқару (соның ішінде өзіңді жəне отбасындағы


уақытыңды)
3 Адамдарды басқару.
Арнайы ықшамдылыққа үйренудің ең маңыздысы- ол сата білу
жəне маркетинг амалдарын игеру. Егер Сіз сата білсеңіз, онда басқа
адамдармен сөйлесе аласыз деген сөз. Бұл адамның жетістікке қол
жеткізушілігіне үйренудің негізгі шарты. Адамдардың қарым-
қатынастарында: хаттар, кездесулер жүргізу, пікір алушылық, əңгіме
өткізушілік-мұның бəрі де маңызды. Мен əрдайым өз білетіндерімді
семинарлар арқылы жəне аудиокассетаға жазылған лекцияларды
тыңдаумен жетілдіріп отырамын. Мен бірнеше рет айтканымдай, менің
оқымысты əкем, өз біліктілігін арттыру мақсатында, өте көп
жұмыс істейтін. Ол солай «егеуқұйрық жүгірісіне» одан сайын
тереңірек ене түсетін. Оның жалақысы өскенмен, таңдап алу
мүмкіншілігі қысқара беретін. Білім министрлігінен оны босатқанда, ол
өз мамандығының кəсіби тұрғысынан əлсіз жағын байқады.
Мұндай жағдай кəсіби спортшылардың басында да болады. əсіресе
олар қартайғанда немесе үлкен жарақат алғанда. Бір кезеңде алған
үлкен жалақылары тоқтатылады, енді өмір олардың не
білетіндіктеріне келіп тіреледі. Міне, сондықтан менің əкем кəсіподақ
жағына шықты ғой деп ойлаймын. Енді кəсіподақ ол үшін, шешуші
күш екенін түсінді.
Бай əке, Майк екеуімізге, əр нəрседен аз да болса, бірдеңе
бітуімізге кеңес беретін. Ол бізге, өздеріңнен ақылды адамдарды
жұмыс істетіп жəне оларды бір командаға ұйымдастыра біліңдер,-деп
үйрететін. Жылына жүздеген мың доллар табыс табатын, мен өзімнің
мектептегі ұстаздарымды талай рет кездестірдім. Олардың мұндай
дəрежеге жетушіліктері, білім беру жүйесіндегі біліктіліктері ғана
емес, сонымен қатар маркетингті білушіліктері еді. Жұрттың
көпшілігінің саудаға бейімделе алмаушылықтары себептерінің бірі, ол
сауда барысындағы бас тартушылықпен, алмай кетушіліктен қорқу.
Адамдармен сөйлесуді жақсы білсеңіз, олармен қалыпты əңгімелер
өткізе алсаңыз, дұрыс қарым-қатынаста болсаңыз, жұрттан үрейлену
қорқынышы азая түседі де. Сізге өмір сүру жеңілге түседі.
Мен, баршалыққа кезінде «Бестселлерлер авторы» болғысы
келген жас журналшы қызға берген кеңесімді беруге даярмын.
Мамандандырушылыктың жақсы да жəне əлсіз де жақтары бар. Менің
дарынды талай жолдастарым бар. бірақ олар басқа адамдармен тиімді
сөйлесе алмайды, соның салдарынан табыстары аз. Сондықтан, мен
оларға бір жыл бойы сатуға үйренушілікке кеңес берумен келем. Осы
уақыт ішінде олар ешқандай табыс таппасада, адамдармен сөйлесуге
үйренген болар еді. Ал,бұл бағасы жоқ ұғым.
Жақсы оқушы, сатушы жəне маркетинг маманы болу үшін, жақсы
мұғалім де болуы керек. Нақтылы бай болу үшін, тек қана


алуды ғана емес, беруге де үйрену керек. Адам өзінің қаржылық
немесе кəсіби проблемаларымен күресу барысында, ол беру мен
алуды ұмытып кетеді. Маған көп адамдардың,не жақсы оқушы бола
алмағандарынын, не жақсы оқытушы бола алмағандарының
салдарынан кедей болғандары мəлім.
Менің екі əкемде тамаша жəне жомарт адамдар еді. Екеуіде
басқаларға бірдеңе беруге ұмтылатын. Оқыту осының бір түрі. Олар
қанша берсе, сонша алатын. Ал ақша беруде, бұл екі адамның бір-
бірінен түбегейлі түрде айырмашылықтары бар еді. Бай əке көп ақша
тарататын. Ол ақшаны шіркеуге, қайырымдылық орындарына, өзі
құрған əртүрлі қорларға беретін. Ол, егер ақша алғың келсе, беру
керектігін білетін. Бұл атақты бай тұқымдарының құпиясы. Міне,
сондықтан Рокфеллер немесе Форд қорлары бар. Олар байлықтарын
өсірумен қатар, оны таратуды да біледі.
Менің оқымысты əкем: «Менде басы артық ақша пайда болғанда, оны
басқаларға беремін», -деп қайталайтын. Бірақ, мұның
проблемасы, онда ешқашанда артық ақша болған емес. Ақшаның: «Бер-
содан кейін аласың»- деген негізгі заңының маңызын түсінуге
ойланудың орнына, ол жұмысты ынталы істеп, көп ақша табуға
тырысатын. Оның девизі: «Ал- содан кейін бер»болатын. Мен екі
əкелеріме ұқсас болып өстім. Мен, ақша жасау ойынын өте жақсы
көретін, жартылай капиталистпін. Екінші жағынан қоғамдық
сауаттандыру оқытушысымын. Мені, байлар мен кедейлердің
арасындағы өрескел алшақтық үнемі алаңдатады.
Менің жеке пікірім: осындай айырмашылықтың болуына, біздің
ескірген оқу жүйесінің тікелей кінəсі бар, деп есептеймін.
Неден бастау керек?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет