«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Баға – тауар құнының ақшалай көрінісі. Бағалар ауқымы



бет111/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   130
Байланысты:
Saginova-Baga-j-baga-bel (1)

Бағатауар құнының ақшалай көрінісі.


Бағалар ауқымы –нарықтық бағаларды айқындау әдістерінің бірін немесе ақпарат көздерін қолдану нәтижесінде айқындалған нарықтық бағалардың ең төменгі және ең жоғарғы мәндерімен шектелген нарықтық бағалардың бірқатар мәндері.


Баға белгілеу - әрбір нақты уақыт мерзімінде, қоғамдық ұдайы өндірістің қарқыны мен пропорциясын экономиканың дамуы заңдарының талаптарына сай қамтамасыз ету мақсатында, біртұтас жүйені құрушы бағаның деңгейі, құрылымы, динамикасын құру процесі.


Баға белгілеу. Мемлекеттік баға белгілеу– уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттің баға саясатын, бюджет жағдайын, экспорттық және импорттық мүмкіндіктерін ескере отырып, тауар бағасын белгілеуі. Мемлекет, заңды түрде мемлекет тарапынан реттелетін разрядқа енгізілген тауарларға ғана баға белгілейді. Бағаны мемлекеттік реттеуге тікелей баға белгілеуден басқа, жекелеген өнім түрлеріне шектелген пайдалылық нормативтерін бекіту және жекелеген өнім топтарына ең төмен әлде ең жоғарғы баға деңгейін белгілеу де жатады.


Баға белгілеу. Алаяқтық баға белгілеу – тауар дәл қазіргі деңгейінен төмен бағамен сатылады деп жариялау. « Екеуі бір өнімнің бағасымен» деген ұранмен өнімді заңсыз сату. Егер, мұнда өнімнің бір өлшемінің бағасы, өнімнің екі өлшемінің шығындарын өтеуді қамтамасыз ететін деңгейге дейін көтерілсе.


Баға белгілеу, толық шығындар негізінде – тікелей өндірістік шығындар және тұрақты шығындар жиынтығын, яғни толық шығындарды есепке ала отырып, баға белгілеу әдісі. Баға толық өндірістік шығындар және белгіленген пайданың қосындысы ретінде қарастырылады. Одан ұсыныс бағасы қалыптасады.


Баға белгілеу, тауар өндіруші деңгейінде - өндіруші нақтылы тауарға, қызметке бағаны өз өндірісіндегі өзіндік құнға, шығын элементтерін талдау нәтижесіне, қолданыстағы заңнамаға сәйкес нарықтағы жағдаятты есепке алуға байланысты белгілейді. Әдістемелік тұрғыда баға белгілеу өндіріс салалары бойынша өзгешеленеді және нарықтың құрылымын ескереді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет