Шығындарды бағалау. Баға белгілеу туралы нақты шешім қабылдауға қандай болдырмауға болатын қосымша шығындар әсер етеді?
өндірісті, клиент сервисін және техникалық қызмет көрсету сатыларын қоса қарастырғанда, сату көлемінің өзгеруіне байланысты қандай шығындар нақты көбейетін шығындарға жатады?
өнім өндірісінің қандай деңгейінде қосымша шығындар қажет және ол неге тең болады?
өндіріс көлемі өзгерісінің қандай деңгейінде шартты-тұрақты шығындар өзгеріске ұшырайды, осы өзгеріс соншалық маңызды ма?
қабылданған баға шешіміне қатысты алғанда қандай тұрақты шығындарды болдырмауға болады?
Тұтынушылар туралы ақпарат. Потенциалды тұтынушылар кім, және олар неліктен осы тауарды сатып алғысы келеді?
тұтынушылар үшін осы өнімнің әлде қызметтің экономикалық құндылығы неден тұрады?
басқалай қандай факторлар (альтернативаларды салыстырудағы қиындықтар, сатып алынған тауардың мәртебесі, бюджеттік шектеулер т.б.) тұтынушылардың бағаға сезімталдығына әсер етеді.
тұтынушылардың бағаға сезімталдығына әсер ететін, баға және бағаға қатыссыз факторларды қабылдаудағы айырмашылықтар тұтынушыларды нарық сегменттеріне қалай бөледі?
нарықта тауарды жайғастыру стратегиясы тұтынушылардың тауарды сатып алуға әзірлігіне қалай әсер етеді?
Әлеуеттік бәсекелестер туралы деректер. Кім ағымдағы және әлеуетті бәсекелес болуы мүмкін, кімнің бағыты осы нарықта пайдалылық деңгейіне тосқауыл болуы мүмкін?
қандай фирмалар ағымдағы және потенциалдық негізгі бәсекелестер болып саналады?
егер қазіргі кезеңде нарықта бәсекелестер болатын болса, олардың өз тұтынушыларымен арасында қандай келісім бағалары қалыптасқан?
бәсекелес-фирмалар туралы келесі ақпарат негізінде олардың баға белгілеудегі мақсатын анықтауға болады ма? Олар: өткен кезеңдегі әрекеттері, менеджерлердің жеке ерекшеліктері, ұйымдық құрылымы, даму жоспары және т.б.. Әсіресе, фирма үшін негізгі мәселе - пайданы ұлғайту мақсаты ма, әлде өткізу көлемін ұлғайту мақсаты ма екенін анықтау мүмкіндігі қандай?
сіздің фирмаңызбен салыстырғанда бәсекелестердің артықшылықтары және әлсіздіктері неден көрінеді: а) олардың бағадан алатын ұтыс шамасының үлесі жоғары (төмен); б) олар тұтынушылар үшін жақсы (нашар) атаққа іліккен; в) оларда көпті (азды) жетілдірілген тауарлар бар; г) олар көпті (азды) ассортиментке ие?
4.Кәсіпорынның қаржы мақсаттарын талдау. Баға стратегиясын жете зерттеуді бастамас бұрын, баға белгілеуші маман кәсіпорынның басқа мамандарымен ақылдаса отырып, дәл осы кезеңде кәсіпорынның негізгі қаржы мақсаттарына не жататындығын анықтап алуы қажет. Егер, бұл мәселе алдын ала қарастырылмай, мамандар талдауынан тыс қалса, баға стратегиясы қанағаттанарлықсыз болады. Осыған сәйкес, бұл жұмыс барысында келесі сұрақтарға жауап іздеу керек:
осы тауарлар түрін сатып өткізе отырып, кәсіпорынға қандай деңгейдегі пайдалылық деңгейін қамтамасыз ету қажет;
кәсіпорын дәл қазіргі жағдайда келесі жағдайлардың қайсысына бағытталған: неғұрлым жоғарғы деңгейдегі пайдалылық деңгейін алуға; жалпы пайда көлемін ұлғайтуға; алдын ала тартылған қарыздарды жабу үшін пайда табу және т.б.?