«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Мемлекеттік реттеудің ықпалын бағалау



бет38/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   130
Байланысты:
Saginova-Baga-j-baga-bel (1)

8. Мемлекеттік реттеудің ықпалын бағалау. Ол, белгілі бір фирманың баға шешімін немесе баға стратегиясын жүзеге асыру барысында тікелей әсер ететін, экономиканы мемлекеттік басқару органдарының мүмкін болатын, іс әрекеттерін болжамдау және ескеру болып табылады.
Бұл, төменде көрсетілген мәселелелердің шешімін табуды көздейді.

  • мемлекет тарапынан бағаны реттеу фирманың баға өзгерісін жүзеге асыруына қалай ықпал етуі мүмкін?

  • монополиялық жағдайларға ие нарық субъектілерін мемлекеттік реттеу фирманың шығындарының деңгейіне елеулі ықпал етеді ме? Қалай ықпал етеді?

  • сыртқы сауданы мемлекеттік реттеуде өзгерістер болуы мүмкін бе, егер болса, ол нарыққа келіп түсетін шет ел бәсекелестері тауарларының көлеміне және нарықтағы осы тауарлардың бағасына қалай әсер етеді?

  • мемлекеттің экономикалық саясаты фирма үшін мақсатты нарық сегментіндегі тұтынушылардың жағдайына әсер етуі мүмкін бе? Қалай әсер етуі мүмкін? және т.б.



III. Стратегияны қалыптастыру.
Жоғарыда аталған мәселелердің барлығының шешімін тапқаннан кейін, фирма үшін неғұрлым үйлесімді, бағалы, басқаларға қарағанда артықшылығы бар, қорытынды баға стратегиясын қалыптастыру жүзеге асырылады. Бұл, қолайлы баға стратегиясы, ол келешектегі бизнесті басқару жоспары болып табылады. Баға стратегиясын қалыптастыруда басқа фирмалардың стратегиясын, әдебиеттерде мамандар мен ғалымдар ұсынатын стратегияны және аталған фирманың өз тәжірибесінде жүзеге асырылған стратегияларды түп нұсқа ретінде қарастыруға болады. Бірақ, басқа тәжірибені қолма қол көшіріп алған жөн болмайды. Белгілі бір салада қалыптасқан стратегияны басқа салаға толығымен көшіру тиімсіз, өйткені, әрбір салада қалыптасқан шығындар құрамы мен құрылымы, сатып алушылар әлде бәсекелестердің жағдайы әр түрлі деңгейде ерекшеленеді. Сондықтан, келесі элементтерден құралған, «тауар- фирма- бәсекелестер- сатып алушылар- мемлекет» (сурет 1)бірден-бір ерекше қисындастырудың барлық ерекшеліктерін есепке ала отырып, өз фирмаңызға жеке, дербес стратегияны қалыптастырғаныңыз жөн. Тек сонда ғана, баға стратегиясы негізінде қалыптасқан нақты баға жоғары деңгейдегі пайдалылықты қамтамасыз ете алуы мүмкін.

Сурет 1. Бағаның факторлар әрекеттестігі негізінде қалыптасуы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет