«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Өз бетімен шығаруға арналған есептер



бет90/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   130
6.2. Өз бетімен шығаруға арналған есептер.
Есеп – 1.
Тұтыну қызметінің бағасы (тариф) 2000 теңге, соның ішінде шығындар 1300 теңге, пайда – 700 теңге және қызмет көрсетудің пайдалылық коэффициенті (пайда / баға) – 35 %. Электр энергиясы мен жалға алу ақысы тарифтерінің өсіміне байланысты ,шығындар 18 % -ке артады деп болжануда.
Пайда деңгейін және қызмет көрсетудің пайдалылық коэффициентін - 35%, қамтамасыз ететін баға деңгейін есептеңіз.


Есеп - 2.
Фирманың өнімнің бір өлшеміне есептеген толық шығындары, ағымдағы жылы – 10 000 теңге құрады. Баға деңгейін есептегенде, фирма пайдалылық коффициентін
25% деп алады. Инфляция жағдайында шығындар 2200 теңгеге өсті.
Есептеңіз:
а) ағымдағы жылдағы баға деңгейін;
б) фирманың шығындарын толығымен өтейтін және өнімнің бір өлшеміне есептегенде пайда деңгейін бұрынғы қалпында сақтайтын бағаны;
в) шығындарды толығымен өтейтін және 25% пайдалылық коэффициентін қамтамасыз ететін баға деңгейін.


Есеп – 3.
Тауар айналымы аптасына 50000 теңге және өнімді өткізу рентабельділігі 20% дүкен баға деңгейін 10% - ке арзандатады. Ағымдағы жалпы пайда деңгейін бірқалыпты сақтап қалу үшін, тауарды өткізу көлемін қандай сомаға дейін арттыру қажет?


Есеп – 4.
Кестеде белгілі бір тауарды өндіру мәліметтері берілген:
Кесте 15



Көрсеткіштер




1

Өнімнің бір өлшемінің өзіндік құны, теңге

1200

2

Тауардың бір өлшемін өткізуден түскен пайда, теңге

292

3

Өндіріс көлеміне сай толық өзіндік құндағы өзгермелі шығындардың үлес салмағы

0,6

4

Өндіріс көлемі, мың дана

100

Фирма баға деңгейін 75 теңгеге арзандатпақ. Баға бойынша ұсыныстың икемділік коэффициентінің қандай шамасы, фирмаға пайда деңгейін бастапқы қалпында сақтап қалуға мүмкіндік туғызады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет