«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Нарықтық жағдаятты және баға динамикасын зерттеу әдістері



бет93/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   130
Нарықтық жағдаятты және баға динамикасын зерттеу әдістері

7.1. Әдістемелік нұсқауы бар есептер


Есеп - 1.
Тауардың жылдық орташа бағасын анықтаңыз, егер, келесі жағдайлар белгілі болса, тауардың бір данасының жыл басындағы бағасы 75 теңге, 25.03 – нен бастап оның бағасы 8 % - ке, ал 7.07 – ден бастап, тағы 10 % -ке қымбаттады.Бір жыл ішіндегі тауарды өткізу айналымы 4000 мың теңгені құрады. Соның ішінде, аталған жылдың 1- кварталында өткізу айналымы – 800 тың теңге, оның ішінде, наурыз айында – 250 мың теңге, 2 – кварталда 1000 мың теңге, шілде айында 210 мың теңге құрады.
Шешімі:
Баға көтерілгеннен кейінгі баға деңгейін анықтаймыз. 25 наурыздан бастап баға 81 теңге, ал 7 шілдеден бастап, 89,1 теңгені құрады.
Баға өзгеріске ұшыраған айлардағы орташа айлық бағаны анықтаймыз, яғни наурыз және шілде айлары бойынша. Орташа бағаны анықтауда, орташа үйлесімді салмақты формуласын пайдаланамыз.
Наурыз айы бойынша орташа баға = 31 : (24 : 75 + 7 : 81) = 75 теңге 60 тиын
Шілде айы бойынша орташа баға = 31 : (6 : 81 + 25: 89,1) = 88 теңге 57 тиын
Жылдық орташа баға мөлшерін анықтаймыз.


=


= 4000 : ((800 – 250) : 75 + (250:75,60) + (1000 : 81) + (210 : 88,57 ) + (1990 : 89,1) ) = 84 теңге.
Мұндағы, 1990 теңге, қалған кезеңдегі өткізу айналымы = 4000 – 800 – 1000- 210.


Есеп 2.
Есепті кезеңде бас киімдер - 224 мың теңге, тері бұйымдары – 600 мың теңге, аяқ киімдер – 354 мың теңгеге өткізілді.
Аталған тауарларға бағаның жалпы индексін анықтаңыз, егер, бас киімдердің бағасы 10% -ке, тері бұйымдары - 5% -ке, аяқ киімдер 8% -ке арзандатылған болса.
Шешуі:
Ip = р1 болу керек

Ip = (224+600+354)/ 224/0,90 +600/0,95+354/0,92 = 1176/1265,3=0,93




7.2.Өз бетімен шығаруға арналған есептер.
Есеп 1.
Әр ай басында тіркелген тауар бағасы туралы мәліметтер берілген (теңге 1 кг): қаңтар – 150, ақпан – 142, сәуір – 145, мамыр – 152, шілде – 160. Жарты жылдағы тауардың орташа бағасын анықтаңыз.


Есеп 2.
В тауарының бағасы туралы мәліметтер төмендегідей: 1 қаңтар – 192, 1 наурыз - 212 , 1 – сәуір 264, 1 мамыр – 292, 1 шілде – 320.
Өнімнің жарты жылдық бағасының орташа шамасын анықтаңыз.


Есеп 3.
Әр ай басында тіркелген сәбіздің бағасын келесі мәліметтер сипаттайды (теңге 1 кг-на):
1қаңтар - 160, 1 ақпан – 170, 1 наурыз – 178, 1 – сәуір – 200, 1 мамыр – 185, 1 шілде – 174.
Тауардың жарты жылдағы орташа бағасын анықтаңыз.


Есеп 4.
Сауда орталығында 1 кварталда өткізілген көкөніс өнімдерінің көлемі және айлық орташа бағалары берілген:
Кесте 17

Көрсеткіштер

қаңтар

ақпан

наурыз

Орташа айлық баға, 1 кг-ға, теңге

100

115

132

Өткізілді (сатылды), кг

1000

800

730

Квартал бойынша орташа баға деңгейін анықтаңыз.




Есеп 5.
Тауардың жылдық орташа баға деңгейін анықтаңыз, егер, жыл басындағы тауардың 1 данасының бағасы 1100 теңге болса, 15 наурыздан бастап, баға 20%-ға арзандады, ал 15 шілдеден бастап, ол 12 %-ға арзандады. Жылдық тауар өткізу айналымы 600 мың теңге құрады. Соның ішінде, 1 кварталда – 100мың теңге, оның ішінде наурыз айында – 40 мың теңге . 2 кварталда – 120мың теңге, шілде айында – 50 мың теңге.


Есеп 6.
Тауардың жылдық орташа баға деңгейін анықтаңыз, егер 1 қаңтарда бір дана тауар бағасы 800 теңге деңгейінде болса., ол 11 наурызда 8% - ға қымбаттады, ал 6 шілдеден бастап 20% - ға өсті. Бір жылдағы тауар айналымы 1200 мың теңгені құрады, соның ішінде – 1 кварталда – 200 мың теңге, соның ішінде наурыз айында 60 мың теңге, 2 – кварталда 280 мың теңге, соның ішінде шілдеде – 68 мың теңге.


Есеп 7.
Сүт өнімдерін өткізуден тауар айналымы 1 – ші дүкенде 20 мың теңге, 2 – шісінде 24мың теңге, 3 – ші дүкенде 28 мың теңгені құрады. Баға деңгейі: 1- ші дүкен – 180 теңге, 2 – ші дүкен 197 теңге, 3 – ші дүкен 210 теңге. 1 литр сүттің орташа бағасын анықтаңыз?
Есеп 8.
Бірінші кварталда тұздалған қиярдың 30 000 банкасы өткізілді. Бір банканың бағасы 220 теңге. Екінші кварталда бағасы 235 теңге 20 000 банка өткізілді.
Тұздалған қиярдың бір банкасының орташа бағасын анықтаңыз?


Есеп 9.
«Ел ырысы» нарығында жаңа піскен қиярдың бағасы келесі ретпен арзандады:
1.05 – 650 теңге, 8.05 – 620 теңге, 15.05 – 590 теңге, 21.05 – 550 теңге, 28.05 – 500 теңге. Мамыр айындағы жаңа піскен қиярдың орташа бағасын анықтаңыз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет