Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет223/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   230
Тәуелді қалып.
Реттік.
Түпнұсқадағы: «-тық» жұрнағын жалғатып, алпыстық деген» 
(43-бет) сөйлеміндегі «деген» сөзі «Тіл тағылымында»: «дейміз» (225-
бет) болып өзгеріс тапқан. Түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Есімдік.
Түпнұсқадағы:  «...жүретін  сөздер,  мәселен,  мұгалім...»  (44-бет) 
деген сөйлемдегі «мұғалім» сөзі «Тіл тағылымында»: «мағлұм» бо-
лып өзгерген. Түпнұсқа қалпына келтірілді.
Етістер.
Түпнұсқадағы:  «шағыс  етіс»  (53-бет)  деген  атау  «Тіл 
тағылымында»:  «шығыс  етіс»  болып  берілген  (231-бет).  Түпнұсқа 
бойынша түзетілді.
Ырықсыз етіс.
Түпнұсқадағы: «қуылды» деген сөз (55-бет) «Тіл тағы-лымында»: 
«туылды»  (233-бет)  болып  өзгеріске  түскен.  Түпнұсқадағыдай 
берілді.
Тұйық рай.
Түпнұсқадағы: «... түбірінің аяқ дыбысына қарай етістік өзгереді» 
(57-бет)  деген  сөйлемдегі  «етістік»  сөзі  «Тіл  тағылымында»  жоқ 
(234-бет). Түпнұсқа қалпына келтірілді.


365
Қалау рай.
Түпнұсқадағы: «...істі көңіл қалау, қаламауын көрсететін...» (69-
бет)  деп  басталатын  сөйлемдегі  «қалау»  сөзі  «Тіл  тағылымында» 
берілмеген (242-бет). Түпнұсқа бойынша өзгертілді.
Етістіктен туатын басқа сөздердегі жұрнақтар.
Түпнұсқадағы: «...сондай етістік түбірлерін алып...» (85-бет) де-
ген сөйлемдегі «етістік» сөзі «Тіл тағылымында» кездеспейді (255-
бет). Түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Осы  беттегі:  «...етістік  түбірлеріне...»  деген  сөйлемдегі 
«түбірлеріне» сөзі «Тіл тағылымында»: «түбірге» болып өзгерген. 
Түпнұсқа қалпына келтірілді.
Одағайдан туған сөздер.
Түпнұсқаның 95-інші бетіндегі: «...кілт ету, тырс ету, шақ ету, 
так emv, шық ету...» деген сөз тіркестеріндегі «так ету, шық ету» 
тіркестері «Тіл тағылымында» түсіп қалған (262-бет). Түпнұсқа бо-
йынша өзгертілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет