Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет222/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   230
Сөйлеу бөлімдері.
І. Зат есім.
Түпнұсқадағы: «Нәрсе деп не түрлі де болса бап заттарды айта-
мыз» (3-бет) деген сөйлемдегі «бап» сөзі «Тіл тағылымында» (199-
бет). Түпнұсқа бойынша берілді.
Түпнұсқадағы:  «Есепсіз  бай  болсаң  да  Қарымбайдай,  сахи  боп, 
мал шашсаң да Атымтайдай, патшадай Әмір-Темірден түзетіп болсаң 
да...» (4-бет) деген сөйлем «Тіл тағылымында» (201-бет) берілмеген. 
Түпнұсқа қалпына келтірілді.
Жай қалып.
Түпнұсқадағы  «тары»  (9-б.)  сөзінің  жіктелуі  жатыс,  шығыс 
септіктерінде «неде? неден» деп берілсе, «Тіл тағылымында»: «кімде? 
кімнен?» (204-б.) болып қате берілген. Түпнұсқа бойынша берілді.
Сонымен қатар, түпнұсқада осы жіктеуден кейін «дүние» (9-бет) 
сөзін алып жіктеген. Ал, «Тіл тағылымында» «кеме» (204-бет) болып 
өзгертілген.


364
Түпнұсқаның  13-ші  бетінде:  «Сөз,  көл,  ел,  жер...»  деген  жеке 
сөздер берілген. Бұл сөздердің ішіндегі «көл» сөзі «Тіл тағылымында» 
«көк» (206-бет) болып өзгерген. Түпнұсқа қалпына келтірілді. (Ескер-
ту: Сөздердің бұлай басқа мағынаға ауысып кетуі «Тіл тағылымын-
да» көптеп кездеседі!)
Зат есімнен туған сөздер.
Түпнүсқадағы:  «-шылық»  жұрнағы  зат  есіміне...»  (24-бет)  деп 
басталатын сөйлемдегі «есіміне» сөзі «Тіл тағылымында»: «есімге» 
(213-бет) болып өзгеріс тапқан. Түпнұсқа бойынша түзетілді.
Түпнұсқадағы:  «Тұрмұхаммед,  Есмұхаммед,  Қосмұхаммед» 
(27-бет)  деген  кісі  аттары  «Тіл  тағылымында»:  «Тұрмағамбет», 
«Есмағамбет»,  «Қосмағамбет»  (215-бет)  болып  өзгертілген. 
Түпнұсқа бойынша берілді.
Сын есім.
Түпнұсқаның 30-бетінде берілген: «Сыр сыны сөздер таптыру» 
деген  сөйлемдегі  «таптыру»  сөзі  «Тіл  тағылымында»:  «тапқызу» 
(218-бет)  болып  өзгеріске  түскен.  Түпнұсқа  бойынша  қалпына 
келтірілді.
Түпнұсқадағы:  «Жай  сынның  жалғау  өзіне  жалғанбай»  (32-бет) 
деген  сөйлемдегі  «өзіне»  сөзі  «Тіл  тағылымында»  (219-бет)  түсіп 
қал ған. Түпнұсқа қалпына келтірілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет