Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет40/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   230
Дағдыландыру. Төмендегі түбір сөздерге -ма, -ме, -ба, -бе, 
-па, -пе жұрнақтарын жалғатып, туынды сөз істету.
Сал,  қаз,  бат,  жап,  сүз,  таста,  ас,  күре,  қақ,  қада,  кір,  төк, 
сүрт, таңда, қара, жек, қыдыр, сыз, ұр, соқ, тый, ой, қуыр, ор 
жап,  ұста,  тұттық,  ора,  сына,  айнал,  боя,  бас,  тура,  жар,  үш, 
жала, құй, қына, жақ, қыр, үз, шеш, құс, құла, жыр, жүз, кеш, 
көтер, тай, оз, жаныш, жай, соз, шаш, қайна, ау, қой, сық, ки, 
тоқы, шұқы, қыс, тара, көш.
АТАУЫШ СӨЗДЕР
І. ЗАТ ЕСІМ
Сөздердің  кейбіреуі  нәрсенің  өзін  атайды.  Мәселен:  жер, 
тay, тac, су, ағаш, шөп, жапырақ, күн, ай, жұлдыз, бұлт, қар, 
жаңбыр, жел, су, сағым, кісі, мал, аң, құс, бақа, шаян, шыбын, 
шіркей,  құрт,  құмырсқа,  қала,  үй,  төсек,  орын,  аяқ,  табақ, 
киім, қазан, ошақ, арба, шана, ер, тоқым, қамыт, доға, арқан, 
жіп, тамақ, сусын, қалам, сия, астық, жеміс, бақан, сойыл, 
құрық,  таяқ,  асық,  топай,  доп,  қобыз,  домбыра,  сыбызғы, 
ақша, кез, қадақ, мылтық, найза, қылыш, қанжар, оқ.
Осындай нәрсенің өзін атайтын сөздерді зат есім дейміз. 
Зат  туралы  кім?  не?  деп  сұраймыз.  Кім?  деп  сұраймыз  адам 
туралы. Не? деп сұраймыз басқа заттар туралы.
Мысалы:  1)  «Ат  ерінді  келер,  ер  мұрынды  келер».  «Кім 
мұрында келер?» – «ер». «Не ерінді келер?» – «ат».
2.  «Ауруда  шаншу  жаман,  сөзде  қаңқу  жаман».  «Не  жа-
ман»? – «шаншу». «Не жаман? – «қаңқу».
3.  Жылы-жылы  сөйлесең,  жылан  іннен  шығады,  қатты-
қатты сөйлесең, кәфір діннен шығады». «Не іннен шығады?» –  
«жылан». «Кім діннен шығады?» – «кәфір».
4.  «Ит  тойған  жеріне,  ер  туған  жеріне».  «Не  тойған 
жеріне?» – «ит». «Кім туған жеріне? – «ер».


49
5. «Ас – адамның арқауы». «Адамның арқауы не?» – «ас». 
«Ас кімнің арқауы?» – «адамның».
6.  «Ананың  көңілі  балада,  баланың  көңлі  далада».  «Кім- 
нің  көңілі  балада?»  –  «ананың».  Кімнің  көңлі  далада?»  – 
«баланың». Ананың көңілі кімде? – «балада». «Баланың көңілі 
неде?» – «далада».
Осындай кім? не? деп сұрауларға жауап болып айтылатын 
һәм нәрселердің атын көрсететін сөздерді зат есім дейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет