Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет41/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   230
Дағдыландыру. Төмендегі сөйлемдердің ішіндегі зат есім 
сөздерді айырту.
Аш кісі ұрысқақ, арық қой тырысқак. Таспен ұрғанды аспен 
ұр. Еменнің иілгені – сынғаны, ердің ұялғаны – өлгені. Бұтаға 
қорғалаған торғай да қала- ды. Сиыр судан жериді, су сиыр-
дан жериді. Аюдан қорыққан тоғайға бармас. Мұртына қарай 
іскегі,  сабасына қарай піспегі.  Май  сасыса  тұз  себер,  тұз  са- 
сыса не себер? Жел болмай, шөп қозғалмас. Жаз шанаңды сай-
ла,  қыс  арбанды  сайла.  Пышақ  берсең  қынымен  бер,  қынын 
берсең шынымен бер. Күн ортақ, ай жақсы ортақ. Қазыға той-
са, қарта әлем сасиды. Оқ жетпес жерде қылыш суырма. Үйді 
қозғасаң көшірерсің, отты қозғасаң өшірерсің. Шоттың басын 
бассаң, сабы өзіңе тиер. Айран сұрай келіп аяғынды жасырма. 
Құр қасық ауыз жыртар. Тоқпағы зор бол са, киіз қазық жерге 
кірер. Қалауын тапса қар жанар. Ет етке, сорпа бетке.
Сынау. Төмендегі сөйлемдердің ішіндегі зат есім сөздердің 
астын сызып көрсетіңдер.
Бағың  артқан  шағында  жапалақ  салсаң,  қаз  ілер,  бағың 
тайған шағында сұңқар салсаң, аз ілер. Мал басқа бітер, қына 
тасқа  бітер.  Нар  жолында  жүк  қалмас.  Таяқ  тайға  жеткізер, 
тай құнанға жеткізер, құнан атқа жеткізер. Ата даңқымен қыз 
өтеді, мата даңқымен бөз өтеді. Ағасы бардың жағасы бар, інісі 
бардың тынысы бар. Кісі болған кісіні кісесінен танимын, кісі 
болмас кісіні мүшесінен танимын. Бұлт ала, жер шола. Ай мен 
күндей һәркімге бірдей. Би баласы биге ұқсар: биік-биік тауға 
ұқсар;  хан  баласы  ханға  ұқсар:  қанатын  жайған  қазға  ұқсар; 
бай баласы байға ұқсар: байланбаған тайға ұқсар. Қайырымсыз 
болса, ханнан без, өткелсіз болса судан без; асусыз болса таудан 
без, пайдасыз болса байдан без, панасыз болса сайдан без. Асық 


50
ойнаған азар, доп ойнаған тозар, қой бағып, қойыртпақ ішкен 
озар.  Үйеңкінің  түбінен  үйіріп  алған  қобызым,  қарағайдың 
түбінен қайырып алған қобызым.
ІІ. СЫН ЕСІМ
Сөздің  кейбіреулері  нәрсенің  сынын  атайды.  Мәсе лен: 
жақсы, жаман, биік, зор, аласа, ұзын, қысқа, те рец, тайыз, 
қатты, жұмсақ, қою, сұйық, бай, жарлы, жақын, алыс, аш, 
тоқ арзан, қымбат, қалың, жұқа, зерек, кешше, өткір, топас, 
семіз,  арық,  қараңғы,  жарық,  тұнық,  лай,  кәрі,  жас,  қиын, 
оңай, ауыр, жеңіл, сау, ауру, ақылды, ақымақ, есті, есалаң, ескі, 
жаңа, ұсақ, ірі, таза, тентек, жуас, сараң, жомарт, мырза, 
жылы, суық, тар, кең, бұзыр, тегіс.
Осындай нәрселердің сынын көрсететін сөздер сын есімдер 
деп аталады.
Сын есімнің сұрауы: қандай? Мәселен: жаман төре жан 
алар. Арық атқа қамшы жүк. Қандай атқа қамшы жүк? – Арық 
атқа қамшы жүк. «Жаман», «арық» деген сөздер «қандай?» деп 
сұрағанға жауап һәм өздері нәрсенің сынын көрсетеді. Осын-
дай «қандай?» деп сұрағанға жауап болатын сөздердің бәрі де 
сын есім болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет