Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет42/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   230
Дағдыландыру.  Төмендегі  сөздерді  айырту:  қайсысы  зат 
есім, қайсысы сын есім?
Жақсы  кісі,  жаман  мал,  биік  тау,  аласа  ағаш,  ұзын  арқан, 
қыска жіп, терең теңіз, тайыз көл, қатты құрт, жұмсак нан, қою 
ауыл, өткір пышақ, топас кісі, семіз қой, арық ат, қараңғы қора, 
жарық түн, тұнык су, лай қақ, кәрі түйе, жас айғыр, қиын күй, 
оңай  өлең,  ауыр  жүк,  жеңіл  сандық,  сау  жылқы,  ауру  сиыр, 
ақылды бала, ақымақ жігіт, ескі етік, жаңа шапан, ұсақ құм, ірі 
тары, таза жұрт, лас қора, сақ ит, салақ қатын, сұм бала, аңқау 
қойшы, жуан қарағай, жіңішке тал, жылы жаз, суық қыс, тар 
шалбар, кең жаға, бұдыр жер, тегіс дала.
Сынау.  Төмендегі  сөздерді  көшіріп,  сын  есім  сөздердің 
астын сызып көрсетіңдер.
Аш  бала  тоқ  баладай  ойнамайды.  Қатты  жерге  қақ  тұрар, 
қайратты ерге мал тұрар. Жаман сайға су түссе, өткел бермес 


51
кешуге. Бай кісі балпаң келер, жарлы кісі қалтаң келер. Жақсы 
кеңес жарты ырыс. Ұзын көсеу қол күйдірмес. Тура биде туған 
жоқ. Ауру күлкі сүймес. Жүйрік итті түлкі сүймес. Қысқа жіп 
күрмеуге  келмес.  Құтты  қонақ  келсе,  қой  егіз  табар.  Өткір 
пышақ қынға қас, өтірік сөз жанға қас. Арық малды асырасаң 
аузы-мұрның май етер. Қараңғы үйде қабан күркүрейді. Кәрі 
түйе ойнақтаса, жұт болады. Арық атқа ауыр қамшы да жүк. 
Жыртық үйге тамшы ой нар. Шабан үйрек бұрын ұшар. Құрғақ 
қасық ауыз жыртар. Қуыс үйден құр шықпа. Аз асқа жасауыл 
болма. Көп асқа бөкеуіл болма! Жақын жолдың алысы жаман. 
Тез қасында қисық ағаш жатпас.
ІІІ. САН ЕСІМ
Кей  сөздер  нәрсенің  санын  атайды.  Мәселен:  бір,екі,  үш, 
төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, он бір, он екі, он үш, 
он төрт, он бес, он алты, он жеті, он сегіз, он тоғыз, жиыр-
ма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз, бір 
жүз, екі жүз, үш жүз, төрт жүз, бес жүз, алты жүз, жеті 
жүз, сегіз жүз, тоғыз жүз, мың, миллион.
Нәрсенің  санын  сұрағанда  неше?  деп  яки  қанша?  деп  сұ-
раймыз.
Неше? деп сұраймыз нәрсенің дәл санын білуге, мәселен: 
неше кісі келеді?» – үш кісі келеді.
Қанша? деп сұраймыз нәрсенің дәл санын білуге емес, ша-
масын ғана білуге, мәселен: «қанша күн жүресің?» – «үш-төрт 
күн жүремін».
Тойда неше кісі болды? деп сұрамайды, қанша кісі болды? 
деп  сұрайды,  үйткені  тойдағы  кісілердің  анық  санын  білуге 
емес,  шамасын  ғана  білуге  сұралады.  Жауап  беруші  тойдағы 
кісілердің  анық  санын  айта  алмай,  шамасын  ғана  айтады, 
мәселен,  «екі  жүз  кісі  болды»  демейді,  «екі  жүздей  кісі  бол-
ды» дейді.
Жоғарғы  келтірілген  мысалды:  «Неше  кісі?»  дегенге  «үш 
кісі» деген сөз жауап; қанша кісі дегенде «екі жүздей кісі» деген 
сөз жауап; басқаша айтқанда «неше?» дегенге «үш», «қанша» 
дегенге «екі жүздей» деген сөздер жауап болып тұр. Міне, осы 


52
сияқты неше? қанша? деп сұрауға жауап болатын һәм нәрсе-
нің санын көрсететін сөздерді сан есім дейміз.
Неше? деген сұрау нешеу? деп де айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет