Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті


ТІЛ – ҚҰРАЛ Дыбыс жүйесі мен түрлері



Pdf көрінісі
бет51/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   230
ТІЛ – ҚҰРАЛ
Дыбыс жүйесі мен түрлері
1-інші тіл танытқыш кітап
қазақ-қырғыз білімпаздарының 1-інші тобының 
қаулысы бойынша өзгертіліп 5-інші басылуы
Қазақстан мемлекет баспаханасы
Қызыл-Орда 1925 жыл


65
СӨЗ БАСЫ
Тіл  –  адамның  адамдық  белгісінің  зоры,  жұмсайтын 
қаруының  бірі.  Осы  дүниедегі  адамдар  тілінен  айырылып, 
сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге түсер еді, осы күнгі 
адамдар  жазудан  айырылып,  жаза  алмайтын  күйге  ұшыраса, 
ондағы күйі де тілінен айырылып, жеңіл болмас еді.
Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен 
сөйлесуден  артық  даражаға  жеткен  заман.  Алыстан  ауызбен 
сөйлесуге  болмайды.  Жазумен  дүниенің  бір  шетіндегі  адам 
екінші  шетіндегі  адаммен  сөйлеседі.  Сондықтан  сөйлей  білу 
қандай керек болса, жаза білудің керектігі онан да артық. Қай 
сөз қай орында қалай өзгеріліп, қалайша біріне-бірі қиындасып, 
сөйлегенде  сөздің  жүйесін,  қисынын  келтіріп  сөйлеу  қандай 
керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай 
керек. Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге қай сөз 
қандай орында қалай өзгеріліп, қалайша біріне-бірі қиындасып 
жалғасатын жүйесін білу керек. Халық өмірі бір жылдап, он 
жылдап,  хәттә  жүз  жылдап  та  емес,  мың  жылдап  саналады, 
сондай ұзақ өмірінің ішінде әр халықтың тұтынып келе жатқан 
сөздері, ол сөздерінің біріне-бірі жалғасып, тізілетін дағдылы 
жолы, жүйесі, қисыны болады. Әр жұрттың түрінде, тұтынған 
жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде де сондай 
басқалық болады. Біздің жасынан не орысша, не ноғайша оқыған 
бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп 
жаза алмайды, не жазса да қиындықпен жазады, себебі жасынан 
қазақша  жазып  дағдыланбағандық.  Орысша  оқығандар  орыс 
сөзінің  жүйесіне  дағдыланып  үйренген,  ноғайша  оқығандар 
ноғай  сөзінің  жүйесіне  дағдыланып  үйренген,  қазақ  сөздерін 
алып орыс не ноғай жүйесімен тізсе, әрине, ол нағыз қазақша 
болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін әр жұрт ба-
ласын әуелі өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, 
өз  тілінің  жүйесін  білдіріп,  жолын  танытып,  балалар  әбден 
дағдыланғаннан кейін басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз 
бұзылмай  сақталуын  тілесек,  өзгелерше  әуелі  өз  тілімізбен 
оқытып,  сонан  соң  басқаша  оқыту  тиіс.  Қазақтың  бастауыш 
мектебінде басқа білімдермен қатар қазақ тілінің дыбыс, сөз, 


66
сөйлем жүйелерін де үйрету керек. Бастауыш мектептегі оқуға 
шамалап қазақ тілінің дыбыс, сөз, сөйлем жүйелерін балаларға 
оқытуға осы «Тіл – құрал» деген кітапшаларды шығардық.
Бастауыш  мектепте  балаларға  тіл  таныту  үш  тарау  болып 
бөлінеді:  1)  Дыбыс  жүйесі  мен  түрлері;  2)  Сөз  жүйесі  мен 
түрлері; 3) Сөйлем жүйесі мен түрлері.
1-нші бөлімі сөйлеу мен сөйлемді, сөйлем мен сөзді, сөз бен 
буынды, буын мен дыбысты танытады. Дыбыс танудан қаріп 
мәселесі туады. Дыбыс пен қаріп мәселесінен жазу ережелері 
мен сөз түрлері, тұлғалары сөз түрлену, өзгерулері туады.
Сүйтіп, «Тіл – құралдың» 1-інші бөліміндегі дыбыс жүйесі 
мен түрлері деген тіл таныту біліміне осы айтылған нәрселердің 
бәрі  де  кіреді,  әрқайсынан  қысқаша  бастауыштық  даражалы 
білім беріледі.
«Тіл  –  құрал»  үшке  бөлінгенмен  әрқайсысы  әр  жыл 
оқылмайды.  Бұл  үшке  бөлу  жылдық  оқу  мөлшерімен  емес, 
тіл білімінің жүйесі бойынша үйреткен уақытта әр жүйесінен 
балалардың  шамасына  қарай  әлі  келерліктері  алынып 
үйретіледі.  Қандай  қай  жылда  үйретілетіні  бастауыш  мектеп 
програмдарында көрсетілген.
Мұндағы баяндалған тіл білімінің қайсысын қандай әдіспен 
үйрету жағы да толық көрсетілген жоқ. «Тіл – құрал» – қазақ 
тілінің  жүйеленген  білімін  баяндайтын  нәрсе,  әр  мұғалім 
әртүрлі әдіспен үйретсе де, балалардың үйренетін білімі осы 
«Тіл – құралдағы» білім болып шықпақ.
Қазақтың тілі – түрік тілінің бір тарауы, дүниедегі жұрттың 
тілі негізінде үшке бөлінеді: 1) Түбіршік тіл; 2) Жалғамалы тіл
3)  Қопармалы  тіл.  Түбіршік  тіл  түпкі  қалпынан  өзгерілмей 
жұмсалады. Мәселен: қытай, жапон тілдері. Жалғамалы тіл 
–  сөздің  аяғына  жалғау  қосылып  өзгерілетін  тіл,  мәселен, 
түрік,  финн  (пин)  тілдері.  Қопармалы  тіл  –  сөз  түбірімен 
қопарылып, өзгерілетін тіл, мәселен: орыс тілі, араб тілі. Біздің 
қазақ  тілі  түркі  тілдің  бір  тарауы  болғандықтан  жалғамалы 
тіл.  Қазақ  сөзінің  түбірі  өзгерілмей,  аяғына  жалғау  қосылып 
өзгеріледі.  Жалғау  екі  түрлі:  бірі  сөздің  тұлғасын  өзгертсе 
де,  ішкі  мағанасын  өзгертпейді;  екіншісі  сөздің  тұлғасын  да, 


67
мағынасын  да  өзгертеді.  Сондықтан  бастапқысы  тысқарғы
соңғысы ішкергі жалғау деп аталады.
«Құлақ» деген сөзге «-тың» деген жалғау қоссақ, «құлақтың» 
болады. Тұлғасы өзгерді, мағынасы өзгерген жоқ. «Құлақтың» 
дегенде де бастың мүшесінің атын көрсетеді. Егер де «құлақ» 
деген  сөзге  «-шын»  деген  мағына  қоссақ  «Құлақшын»  бола-
ды. Мұнда тұлғасы да, мағынасы да өзгереді. «Құлақ» бастың 
мүшесін көрсетуші еді, «құлақшын» болған соң басқа киетін 
киімнің атын көрсетіп тұр. Міне, сондықтан «-тың» тысқарғы
«-шын» ішкергі жалғау болады.
  Екі  түрлі  жалғаудың  тысқарғысы  сөйлегенде,  жазғанда 
сөздерді біріне-бірін қиындастырып тізу үшін қажет, ішкергісі 
бір мағыналы сөзден екінші мағыналы сөз шығарып, сөзден-
сөз  туғызып,  көбейтіп  тілді  байыту  үшін  қажет.  Ішкергі 
жалғаудың бірсыпырасы осы бірінші жылдық «Тіл – құралда» 
сөз тұлғасын сөйлеген орындарда көрсетілді, тысқарғы жалғау 
туралы екінші «Тіл – құралда» айтылмақшы. Сөзді дұрыс тізіп 
сөйлеу әсіресе, дұрыс тізіп жазу туралы үшінші жылдық «Тіл – 
құралда» айтылмақшы.
«Тіл  –  құралда»  дағдыландыру,  сынау  деген  сөздер  ұшы- 
райды. «Тіл – құралмен» балаларды оқытқанда, әр ереже ту-
ралы  аңдату  әңгімесі  болғаннан  кейін,  бала лар  әбден  түсіну 
үшін  сөйлем-сөйлем  сөздерді,  мақалдарды  үлгіге  алып, 
олардың ішінен ережеге келетін жерлерін балаларға таптырып, 
басқалардан айырту.
Солай  бірнеше  рет  істеп  көрсеткеннен  кейін  бала лар  ке-
рек  сөздерді  өздері  тауып,  өздері  айыруға  дағдыланады,  со-
нан  соң  балалар  дағдыланып,  үйреніп  болды  ғой  дегенде 
нық  біліп  болған,  болмағанын  байқау  ке рек,  сынау  керек, 
сынағанда үйренген ережелерді ор нына келтіріп жаза ала ма?. 
Жаза алмай ма? Соны сы нау, сондықтан мұғалім балалардың 
үйренген  ережесі  келетін  сөздерді  ауыздан  жаздыру  тиіс  яки 
кітапшадағы жорта қате жазып қойған сөздерді дұрыстап жаз-
дыру тиіс. Бір ережені балалар әбден үйреніп, тиісті орнында 
жұмсай білгеннен кейін ғана келесі ережені үйрету. 
А. Б.


68


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет