Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


ТІЛДІК НОРМА ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ



Pdf көрінісі
бет29/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   151
ТІЛДІК НОРМА ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
СТИЛЬДЕР
Тілдік норманы сөз етуде орыс тіл білімінде «тілдік жүйе-
нің қаттаулары» («разные ярусы системы») дегенді жиі атап
келді. Осы орайда «сөз айтылған жағдай» («ситуация речи»),
«стиль   жағынан   орынды»   болуы   («стилистическая
уместность слова») дегендерді де кездестіреміз.
Біз жоғарыда тілдік норма туралы ұғымды түсіндіргеніміз-де,
норманы   тануға   қойылатын   шарттарды,   яғни   норманың
межелерін   (критерийлерін)   баяндағанда   және   варианттылық
құбылысын   нормамен   байланыстыра   сөз   еткенімізде   –
барлығында   да   оларды   «жалпы   әдеби   тілдің   нормасы»   деген
планда алып қарадық. Оның өзінде де әдеби тілдің жазба түрде
қолданысы нысанаға алынды. Әйтпесе тілдік норма дегеніміз
–  тек  жазба  әдеби  тілдің   «мүлкі»  емес,  диалектілік   сөздер  де,
қарапайым   сөзқолданыстарының   да   нормасы   болады,   яғни
ауыекі   сөйлеуде   де   белгілі   бір   «белгілердің»   нормалардың
болатыны   аян.   Бірақ   тілдік   норманың   жазба   және   ауызекі
қолданыстағы   бөліністері,   чех   ғалымы   Б.Гавранектің   дұрыс
танығанындай,   түп-тамырымен   өзгеше   болып   келетіндігінде
емес, белгілі бір нормаларды қолдану міндетті түрде болатын-
болмайтындығында, оның үстіне жазба әдеби тілдің нормала-ры
кодификацияланады (хатталады, тұрақтандырылады), ал ауызекі
сөйлеу   нормалары   кодификацияланбайды,   «еркіндік»   мол
болады.   А.М.Пешковский   жазғандай,   әдеби   тілде   сөйлеуші
(жазушы)   адам  ойын   әйтеуір   айтып   (жазып)  беруді  ғана  емес,
қалай айтып (жазып) беруді көздейді, тілдегі дұрыстықты (иде-
алды) ұстауға тырысады, демек, әдеби тілдік нормада екі мақсат
қатар көзделуі керек: ойды білдіру және оны мәдениетті түрде,
яғни   белгілі   дұрыстық,   көркемдік   нормаларын   сақтап   білдіру.
Әдеби   тілдің   нормалары   «жалпақ   жұртқа»   (халыққа),   барлық
аймаққа  тегіс  міндетті,  ортақ болатын  болса,   ауызекі  сөйлеуде
жергілікті ерекшеліктерді қолдану дәстүрі адамдардың «мәдени»
(сауаттылық,   тілге   деген   ұқыптылық   т.т.)   дәрежесі   сияқты
факторларды, міндеттілікті қажет етпейді.
Оның үстіне қазіргі қазақ әдеби тілінің нормаларына кел-
генде,   олардың   жалпыға   ортақтығын,   міндеттілігін  айтумен
қатар, функционалдық стильдерге бөліп қарау керектігі де
67


назар аударады. «Қазіргі қазақ әдеби тілі» деп, кезеңге қарай
әдейі атағанымыздың себебі – тілдік норма дегеніміз тілдің өзі
сияқты   –   динамикалық   «тірі»   құбылыс.   Тілдің   әр   кезеңдегі
ішкі   («құрылымдық»)   және   сыртқы   (экстралингвистикалық)
дамуына   қарай,   нормалары   да   әлеуметтік   өзіндік   сипат  ала
қалыптасады.   Бұл   жердегі   әңгімеміз   синхрондық   және
функционалдық нормалар жайында болмақ.
Тілдік норманы міндетті түрде қолдану бар да, ыңғайына
қарай   қолдану   бар.   Айталық,   орыс   тіл   мамандарының
(Б.Н.Головник т.б.) тануынша, грамматикалық, орфоэпиялық,
орфографиялық, пунктуациялық нормаларды қатаң, міндет-ті
түрде сақтау керек, ал стилистикаға келгенде ыңғайына қарай
босаң   нормаларға   да   иек   артуға   болады   дейді.   Тілдің
функционалдық стильдерге қарай ажыратылатын нормалары
стилистикалық нормалар дегенмен бір емес. Соңғысы тіл-ді
дұрыс   қолданудың   үстіне   әсем   (искусная   речь)   қолдануды
көздесе,   функционалдық   стильдердің   әрқайсысына   тән
(өзгелерінен ажыратылатын) азды-көпті нормалары дегеніміз
– жалпы тілдік нормалар аясына кіреді.
Грамматика саласында: өткен шақ есімшенің жұрнағы -  тын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет