Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет31/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   151
 Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі. - Алматы, 1968. - 172-177-б.; 
Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. - Алматы, 1984.
69


де, публицистикада жиі қолданылатыны – осы стильдерге тән
белгілер.   Бірақ   бұларды   өзге   стильдерде   қолданылмайды
деуге болмайды, өзге, әсіресе көркем әдебиетте, оның поэзия
жан-рында көрсетілген қыстырма сөздердің орын алуы сирек
кез-деседі, ол – бұған белгі емес.
Немесе заң-сот материалдарында, ресми құжаттар тілінде
сөздер негізінен номинатив (тура)  мағынасында жұмсалады,
бұл үлгілерде сөздердің сипаттаушы, суреттеуші, көріктеуші
қатарлары қолданылмауға  тиіс. Мысалы, ресми хабарлар-да,
құжаттарда  Президент  деген   сөз  Елбасы  деген   суретте-ме
сыңарымен   ауыстырылмайды.   Соңғы   вариант   көтеріңкі
(пафостық)   тонмен   жазылған   газет-журналдар   тілінде,   яғни
публицистикада,   көркем   әдебиетте,   оның   ішінде   поэзияда
қолданыла береді.
Ғылыми   стильде   ғылыми   терминдердің   мол   қолданыла-
тындығы,   сөйлемдердің   анық,   түсінікті   болуы   –   ғылыми   жаз-
балардың стильдік белгілері болса, мұнда да жалпы тілдік ортақ
нормалармен қатар, осы функционалдық стильдің әрі белгісі, әрі
нормалары болып келетін тілдік элементтер аз емес.
Әрине, тілдік нормалардың функционалдық стильдерге қарай
азды-көпті айырмашылықтарын атағанда, көркем әдебиет стилін
өзгелерінен   бөлек   алуға   тура   келеді.   Жалпы   тілдік   бей-тарап
(нейтрал)   нормаларға   жатпайтын   бірқатар   лексикалық   және
грамматикалық   тұлға-бірліктер   көркем   әдебиетте   жұмсала
беретін,   яғни   нормативтік   элементтер   бола   алады.   Айталық,
қарапайым   сөздер,   диалектизмдер,   дөрекі   сөздер,   жаргондар
жалпы   әдеби   тілдің   лексикалық   нормасынан   тыс  тұрады,  олар
ресми   публицистика,   ғылым,   кеңсе-іс   қағаздары   үлгілерінде
қолданыла қалса, бұл – нормадан уәжсіз (жөнсіз) ауытқу болмақ.
Ал  көркем   проза  мен   драмалық   шығармаларда   бұлар  көбінесе
кейіпкерлер тілінде, тіпті шығарманың жанрлық си-патына қарай
автордың   өз   баяндауында   да   қолданылуы   норма   болып
табылады.
Кейіпкердің  қай өлке тұрғыны екенін көрсету үшін неме-се
оның   мәдениеттілік,   сауаттылық   дәрежесін,   мінез-құлқын
(дөрекі,   тәрбиесіз,   жөнсіз   қасиеттерін)   аузынан   шыққан   сөзі
арқылы бейнесін күшейте түсу үшін жазушы жалпы лексикалық
әдеби норма шенберінен шығып кетеді, бірақ олардың
70


қолданысы көркем әдебиет стилі үшін уәжді (дәлелді, орынды)
болып   тұрады.   Бұған   көптеген   мысал  келтіруге   болады,   мұны
тіпті   кез   келген   сауатты   оқырман   көркем   шығарманы   оқып
отырғанда өздері де көре алады. Мысалы, Қалихан Ысқақовтың
«Ақсу – жер жаннаты» деген романының тіліне зер салсақ, үлкен
бір юмормен жазылған дүние сияқты. Мұнда «маусымдық кәсіп
қуған калымщиктерден басқа барлық жібі түзу де, жібі қисық та,
қысқасы,   «тайганың   ақ   жапалағындай   шақырайып   тас   керең
отырған   кесір   шалына»   дейін   кейіпкерлерінің   тілі   қыршанқы
болып келеді. Автор олардың аузына әкри, ләухи, шорту сияқты
одағай іспеттес ауызекі элементтерден бастап,
бет-мордасы (бет-әлпеті дегеннің орнына), түйекөтен (по-
мидор),  қотқа жүрмейді  («қағазсыз қара басыныз бұл күнде
қотқа  жүрмейді»),  ассалау  («ұрының кәсібі тілге зар емес,
ассалауы не, атанның басы не») деген тәрізді әдеби нормадан
тыс тұрған элементтерді салады. Қарапайым сөз, тұрпайы сөз,
макаронизмдер деп аталатын тұлғасын мейлінше өзгертіп, ке-
кесінмен, мысқылмен қолданылған өзге тілдік сөздер мен сөз
орамдары кейіпкерлерінің диалогтерінде де, автордың өз ба-
яндауында да орын алған: «Бекет осымен біржола шоңқиған...
Бекет   начальникті   таяқ   туқылымен  күситіп  бір   жібергісі   кеп
тұрды...», «қотанаяқ тракторист», бүпит (буфет), әрісдомкрат
(аристократ),  төріс  (турист).   Бұлар   –   әрине,   стильдік
мақсатпен қолданылған бейәдеби бірліктер.
Сөйтіп,   көркем   әдебиет   үлгілері   өзге   стильдердің   элемент-
терін де, диалектизмдер, архаизмдер, кәсіби сөздер, қарапайым
сөздер,   дөрекі   сөздер,   жаргондар,   ауызекі   сөйлеу   тілінің   бел-
гілері сияқты бейәдеби тұлға-бірліктерді де, архаизмдер, кәсіби
сөздер   сияқты   сирек   қолданыстағы   элементтерді   де   ер-кін
жұмсай   алады,   өйткені   көркем   әдебиет   тек   коммуникатив-тік
емес, эстетикалық функцияны да қоса арқалайтындықтан, өзге
стиль үлгілерінен оқшау тұрады. Осы ерекшеліктерінен болар,
кейбір зерттеушілер көркем әдебиетті функционалдық стильдер
қатарына   қоспайтын-ды.   Көркем   әдебиет   туын-дыларында   өз
нормаларын қатаң сақтайтын тұйықтық жоқ, ол көп қырлы стиль
болып   келеді.   Қайталап   айтсақ,   көркем   әдебиеттің   барлық
жанрлары,   әсіресе   поэзия   тілі   поэтикалық   (эстетикалық-
көркемдік) сөз өрнегіне жиірек барады, ал
71


поэтикалық амалдар тіл құралдарын барлық кеңістіктен, яғни
барлық   функционалдық   стильдерден   іздетеді.   Өзге
стильдердің элементтері де, әдеби нормадан тыс тұрған тілдік
тұлғалар да көркем әдебиетте белгілі бір стильдік жүк арқалап
тұрады, яғни олардың көркем шығармаларда орын алуының
уәжі   (мо-тиві,   себебі,   дәлелі)   болады.   Сондықтан   бұларда
ауызекі   сөйлеу   тілінің   де,   кітаби   жазба   тілдің   де   белгілері
тоғысады. Көркем туындылар тілінің бұл қасиеті, кейбір қазақ
зерттеушілері атағандай, «кемістігі» емес ( «көркем әдебиетте
әдеби норма-дан тыс жөнді-жөнсіз ауытқулар көп ұшырайды,
сондықтан басқа стильдер тіліне өнеге-үлгі бола бермейді» –
М.Балақаев), ерекшелігі болып келеді.
Әр функционалдық стиль нормаларының әдеби тіл норма-
ларына қатысы, алатын орны, даму әлеуеті деген мәселелерге
келгенде, бұл проблеманы өз алдына бөлек, кеңінен сөз ету
(зерттеу) қажеттігі байқалады.
Көркем әдебиет стилінің нормаларын тануда алдымен бұл
стиль   үлгілерінің   өзін   көркем   проза,   поэзия,   драматургия,
көркем публицистика, шаршы топ алдындағы ауызша көркем
сөз (мұны ауызекі сөйлеумен шатастырмау керек) деп бөліп-
бөліп қарап, әрқайсысына ең бір тән нормаларын сөз ету керек
болады. Ал көркем прозаның өзін:
тұрмыстық оқиғаларды баяндайтын әңгіме, 
новеллалар; тарихи шығармалар; кең планды эпопея, 
романдар;
фантастикалық шығармалар; 
көркем публицистика; 
сатиралық туындылар; 
философиялық эсселер.
деген   сияқты   тақырыптық,   жанрлық   түрлерге   бөліп   қарап,
әрқайсысына   тән   тілдік-көркемдік   нормаларды   айқындау
қажеттігін де баса айтамыз. Бұлардың стильдік белгілері мен
тілдік-көркемдік   нормалары  көбінесе   тоғысып  жатады   және
ол нормалар бейнелілік, әсерлілік сипат бере жазылған өзге
стильдер үлгілерінде, мысалы, көпшілікке арналған жартылай
ғылыми-публицистикалық   кітапшаларда,   очерк-терде,
мақалаларда,   баспасөз   беттеріндегі   пафостық   үні   бар
информациялық материалдарда ішінара қолданылуы мүмкін.
72


Бірақ   бұл   қолданыстар   –   көркем   әдебиеттен   басқа   стиль
үлгілерінің   нормасы   емес,   яғни   негізгі   стильдік   белгілері
емес, стильаралық «ауыс-түйістер», «қолғабыстар» санатында
таны-лады.
Көркем шығармалардың әр түріне тән белгілер де барлы-ғына
ортақ норма болып есептелмейді. Мысалы, тарихи ро-мандарда
жиі   қолданылатын   көнерген   сөздер,   этнографиз-мдер,
морфологиялық   көне   тұлғалар,   синтаксистік   көне   түзілімдер
көркем   шығармалардың   өзге   түрлерінің   бәріне   тән   емес.
Мысалы,   Мұхтар   Мағауиннің   «Аласапыран»   деген   тари-хи
романының екі кітабында қолданған шортабегі, есікағасы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет