Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет32/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   151
ғаскербасы, сипағсалар,  аталық,  қарашабек, құма, емелдес,
тұтқауыл, ертауыл, маңдайсүбе сияқты көнерген сөздер,
сондай-ақ   Әбіш   Кекілбаевтың   «Үркер»,   «Елең-алаң»   атты
дилогиясында   кездесетін  күлдірмамай,  жекеауыз,  бірауыз,
қандыауыз,   жездауыз,   шиті,   берен  сияқты   көне   мылтық,
қару-жарақ атаулары, жалаңқат, зере, кіреуке, дулыға, жағы
сияқты әскери сауыт-сайман аттары, даңғырашы, сайыскер,
қылышкер, садақшы, айдауыл, торуыл, тосқауыл, қарауыл
тәрізді әскери топ аттары қазіргі заманды суреттейтін роман-
дар   мен   әңгіме-повестерде   мүлде   кездеспеуі   –   заңды,   яғни
көне   тұлға-тәсілдердің   жиі   қолданылуы   –   жалпы   көркем
әдебиетте норма емес  болса,  тарихи шығармаларда  бұлар –
нормадағы қолданыстар.
Сол   сияқты   жергілікті   ерекшелік   деп   аталатын   диалек-
тизмдерді   көбінесе   кейіпкерлер   аузына   салғанда   жазушы
стильдік   мақсатты   діттейді:   кейіпкердің   белгілі   бір   өңірдің
тұрғыны   екенін   көрсеткісі   келеді   (мысалы,   М.Әуезовтің
«Білекке   білек»   әңгімесінің   кейіпкері   Мақпалдың   Оңтүстік
Қазақстанның   тұрғыны   екенін   білдіреді),   сол   сияқты   әдеби
нормадан тыс тұратын қарапайым сөздер, кейде тіпті дөрекі
сөздер, макаронизмдер деп аталатын бөгде тілдік элементтер
– кейіпкер бейнесін айқындай түсетін тілдік құралдар болады
(мысалы,  Қалихан   Ысқақовтың   «Қара  орман» романындағы
«калымшіктердің» диалогтеріне назар аударыңыз).
Демек, жанр, тақырып түрлеріне қарай көп қырлы болып ке-
летін көркем прозаның нормалары бір алуан болса, поэзияның
тілі,   оның   заңдылықтары   (нормалары)   –   өз   алдына   бөлек   сөз
ететін сала. Поэзия тілінің нормалары өлеңнің ырғақ, өлшем,
73


дыбыс гармониясы – эвфония, поэтикалық синтаксис шартта-
рына   сай   сөз   таңдауда,   сөйлем   құрастыруда   жалпы   әдеби
тілдің   лексикалық,   грамматикалық   нормалары   шеңберінен
шығып   кететін   қолданыстар   болады.   Мұнда   да   поэтикалық
ойды   (образды)   күшейту   үшін   бірқатар   ақындар   тосын
сөздерді із-дейді, олар қарапайым сөз, жергілікті сөз, архаизм,
сирек   қолданылатын   бөгде   тілдік   сөздер   қатарларынан
табылады.   Мысалы,   ақын   Қуандық   Шаңғытбаев   «Қасым
өлімін есіткен-де» деген өлеңінің:
Қатардың мен де сондай дүрі болсам, 
Құлшынған илхам ұлы, ірі болсам, –
деген екі тармағында дұр, илхам сияқты сирек қолданылатын
сөздерді   поэтикалық   қуаты,   яғни   оқырманға   беретін   әсері
күшті   құралдар   ретінде   таңдайды.   Бұларды   поэтикалық
стильдің нор-масы, белгісі дегеннен гөрі, «стильдік бояу» деп
тапқан   дұрыс,   дегенмен   бұл   сияқты   тосын,   кәнігі   емес
қолданыстардың (сөздердің, тұлғалардың) көркем әдебиетте,
оның   ішінде   өлең   тілінде   еркін,   жиі   кездесуі   –
функционалдық   стильдердің   нормаларын   және   стильдік
белгілерін де бір-бірінен айырып тұратын өлшем.
Қазақ   тілінің   функционалдық   стильдерінің   бір-бірінен   айы-
рым белгілері көрсетіліп келеді. Ол белгілерді қазақ тілін зерт-
теушілер   орыс   тіл   білімінің   танымынан   шығарып,   яғни   соған
орайластырып айтатынын мойындаймыз. Бұған, біріншіден, тіл-
тілдегі   функционалдық   стильдер   табиғатының,   қызметінің
универсалий (ұқсас, ортақ, бірдей) құбылыс екендігі не-гіз болса,
екіншіден,   ресми-іс   қағаздарының,   ресми   ақпарат
материалдарының,   тіпті   ресми   публицистиканың,   ғылыми
әдебиеттің,   қазақ   тілі   мен   әдебиетінен   басқа   пәндер   бойынша
жазылған   мектеп   оқулықтарының   күні   кешеге   дейін   көбінесе
орыс   тілінен   аударылып   ұсынылып   келгені   себепкер   болды.
Сондықтан публицистикалық стиль жалпы әдеби тіл нормасын
қатаң   сақтайды,   әдеби   нормадан   тыс   лексикалық   тұлға-бірлік-
терді – диалектілік, қарапайым, жаргон сөздерді пайдаланбай-ды,
морфологилық   тұлғалардың   да   бәсең   нормаға   жататын   ва-
рианттарын (мысалы,  -тұғын,  менен,  дағы)  қолданбайды, жал-
пы   синтаксистік   нормаларды   да   қатаң   сақтайды,   яғни   сөйлем
мүшелерінің, құрмалас сөйлем компоненттерінің орын алма-
74


сып келуі кездеспейді деген белгілер аталады. Бұл белгілер
– осы стильдің тілдік нормасы болып та есептеледі.
Ғылыми стильде де нормадан тыс тұратын сөздер қолда-
нылмайды, морфологиялық тұлғалардың да жалпы тілдік бей-
тарап (нейтрал)  варианттары  жұмсалады, сөйлем құрылысы
да тілдік қатаң тәртіпті сақтайды, сөздердің дәл (денотаттық)
мағыналарын жұмсау үстем болады, баяндау барысында син-
таксистік нормалардың да жалпы тілдік варианттарына  жол
беріледі.   Бұл   стильде   ғылыми   терминдердің,   оның   ішінде
жалпы әдеби тілдік нормаға енбейтін, тар ауқымды мамандық
терминдері   деп   аталатындарының   да   еркін   әрі   жиі   орын
алуын   ғылыми   әдебиеттің   стильдік   белгісі   де,   нормасы   да
деуге бо-лады.
Кеңсе-іс   қағаздарының   стильдік   нормалары   (әрі   белгі-лері)
өзгелерден   мүлде   ажыратылып   көрінеді,   мұнда   шаб-лон
құрылымдар:   сөйлем   түрлері,   сөз   тіркесімдері,   мәтіннің
құрылымы   орын   алады,   лексикалық   норма   қатаң   сақталады,
сөздердің метафора, теңеу, эпитет сияқты көріктеуіш  қызметте
жұмсалуына,   сөздің   коннотаттық   мағынада   келуіне   жол
берілмейді.   Әсіресе   заң-закон,   қаулы,   ереже   сияқты   ресми
құжаттардың тілдік нормасы берік әрі тұрақты болуы шарт.
Ал бұлардың барлығынан оқшау тұратын – көркем әдебиет
стилінің нормалары. Әрине, бұл айтылғандардың барлығы –
функционалдық   стильдердің   әрқайсысының   тілдік   сырттай
бел-гілері   және   соларға   орай   нормалары   туралы.   Ал   әрбір
стильдің өз ішінен мазмұндық-жанрлық бөліністеріне қарай
және   функционалдығына   (мақсатына)   орай   бөлшектеп,
әрбіреуіне   тән   шағын   белгілерін   (детальдарын)   көрсетер
болсақ, сөз жоқ, функционалдық стильдер нормаларын жеке-
жеке өз алдына ғылыми ізденіс объектісі етуге тура келеді.
Тақырып   желісіне   орай,   алдымен,   ұлттық   көркем   -   әдеби
нормалар туралы сөз етіп алу керек. Ұлттық әдеби тіл нормасы
мен ұлттық көркем әдебиет нормалары дегендер – бір катего-рия
емес. Әдеби нормалар – жалпы тілдік нормалар, ал көркем әдеби
нормалар – функционалдық көркем әдебиет стилінің нормалары.
Стильдердің қай-қайсысының да тірегі, негізі, қазығы, қоймасы –
ұлттық   әдеби   тіл,   соның   нормалары.   Демек,   көркем   тіл
нормалары   –   тұтастың   бөлшегі,   жалпының   тармағы   ретінде
танылуға тиіс. Қазақ тілінің тілдік нормасы дегеніміз
75


–   алдымен,   осы   тілдің   жүйесіне,   яғни   табиғи,   тұрақталған,
орныққан   фонетикалық,   лексикалық,   грамматикалық   заңды-
лықтарына сәйкес келуі керек, екіншіден, дәстүрлі болуы шарт,
үшіншіден, солай қолданылып кетуге,  яғни тілдік узус  дегенге
қатысты болуы керек. Демек, жалпы тілдік әдеби норма дегеніміз
–   белгілі   бір   кезең   ішінде,   мысалы,   қазіргі   кезеңде,   көпшілік
қабылдаған, тұрақталған қолданыстар, атап айтқанда: сөздердің
денотаттық та, коннотаттық та мағынасы, олардың бір қалыптағы
көбінесе   вариантсыз   фонетикалық-графикалық   көрінісі
(тұлғасы), сөз жасау және сөз өзгерту мо-дельдері, синтаксистік
амал-құрылымдары. Бұл жерде «белгілі бір кезең ішінде» деген
түсінік әдейі айтылады, өйткені тілдік нормалар – бір уақытта
пайда   болып,   ешбір   өзгермей,   қатып   қалатын   категория   емес.
Тілдің өзі сияқты оның нормалары да
–  «тірі», «жанды» құбылыс. Айталық,  норма  ретінде  танылған
белгілі бір қолданыс (сөз, емле тәртібі, грамматикалық амал т.т.),
айталық, дәл сол кезеңде дұрыс деп көпшілік қабылдаған норма
болғанмен,   тіл   тәжірибесінде   өзгеріп,   «үлгілік»   сипаты-нан
айрыла   бастауы   мүмкін   немесе   «норма»   деп   көрсетілгеніне
қарамастан,   кейбір   қолданыстар   оған   бағынбай,   күнделікті
баспасөзде,   радио   мен   теледидарда,   шаршы   топ   алдындағы
шешендік   сөздерде,   тіпті   ғылыми   әдебиетте,   әсіресе   мектеп
оқулықтарында   қолдау   тауып,   кеңінен   жұмсала   бастайды   да
бірте-бірте   нормаға  айналады.   Мысалы,   жалпы  грамматикалық
норма   бойынша   етістіктің   өткен   шақ   есімшелі   сұраулы   мәнді
құрылымы барған жоқ па, келген жоқ па деген модельде ке-
луі тиіс.Бұл – жалпы тілдік норма. Соңғы жылдарда, әсіресе
публицистикалық стильде осы модельдің орнына  барды емес


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет