Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет36/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   151
варианттары  деп тану орнықты.  Бұл таным бірте-бірте тілдің
грамматика,  лексика сияқты өзге қаттауларына көшті. Фоноло-
гияда: инвариант – «фонема», вариант – «аллофон, фон»; лек-
сика   саласында:   инвариант   –   «лексема»,   варианттар   –   «лекса,
аллолекса»; морфологияда: инвариант – «морфема»,вариант
– «алломорф, морф» деген ғылыми терминдермен атала баста-
ды.   Демек,   жалпы   тілге  қатысты   қарағанда,   варианттылық  де-
геніміз – тілдік жүйеге тән табиғи құбылыс болып танылады.
Варианттылық   фонетика  саласында   фонемалардың   жуан,
жіңішке,  қысаң,  созылыңқы немесе өзге фонемаларға жуық
құбылып айтылуы (естілуі) сияқты жарыспалы қатарларды
81


түзсе,   грамматикада   морфологиялық,   синтаксистік   амал-
дардың   қызметтеріне   орай   бірінің   орнына   екіншісінің   ал-
масып   қолданылуы,   дәлірек   айтсақ,   бір   қызметтің   әртүрлі
грамматикалық амалдар арқылы берілуі  варианттар қатарын
құрайды,   лексика   саласындағы   варианттар   қатары   тіпті   көп
екендігі мәлім. Ол қатарларды:
әдеби сөз бен диалектизмдер; 
сөздердің фонетикалық варианттары;
төл сөз бен кірме сөздердің жарыспалы қатарлары; қазіргі 
қолданыстағы сөздер мен олардың көне вариантта-
ры; жаңа атаулардың бірнеше вариантта 
кездесуі;
кірме сөздердің тұлғалық варианттары; туынды сөздердің 
тұлғалық қосарлары – қысқасы, осындай
жарыспалы топтар лексикалық варианттар әлемін көрсетеді. 
Демек, варианттылық тілдің барлық қаттауында орын ала-
ды екен, сондықтан оны:
1) лексикалық немесе сөз варианттары;
2) грамматикалық варианттар;
3) лексика-фонетикалық варианттар деп бөліп-бөліп қарас-
тырған жөн.
Сонымен   қатар   варианттылық   құбылысын   сөз   еткенде
зерттеушілер   (негізінен   орыс   тіл   білімінде):   варианттылықты
тудыратын   факторлар,   оның   ішінде   тілден   тыс   тұратындары,
варианттылықтың әлеуметтік лингвистика тұрғысынан қарағанда
туындайтын   проблемалары   деген   жайттарға   көңіл   аударуды
ұсынады. Бұлардан басқа: ситуативтік варианттар, әдеби тіл мен
диалектілер   тұрғысынан   алғандағы   варианттылық   мәселелері
дегендер де зерттеуші назарынан тыс қалмауы керек. Ең соңғысы
–   тілдік   бірлік-тұлғалардың   варианттылығын   және   норма
мәселелерін   зерттеу  ұсынылады.   Біздің   бұл   жұмыстағы   негізгі
нысанымыз да осы – соңғы көрсетілген проблема.
Демек,  вариант құбылысын әдеби норма қырынан қарас-
тырар болсақ, алдымен тағы да кейбір терминдерді айқын-дап
алу қажет. Ол: вариант және дублет терминдері. Зерт-
теушілердің басым көпшілігі, оның ішінде орыс тіл білімін-де
де бұл екі сөздің терминдік мәндері бірдей деп қарайды, яғни
бірінің орнына екіншісін жұмсау жиі кездеседі. Тепе-тең
82


мағыналас қатарлар болмағанмен, әбден ажыратылып, еке-уі екі
бөлек тұрақты термин болғанға дейін, осылайша алма-кезектеп
жұмсай   беруге   де  болар.  Тіл  мәдениетіне  қатысты  бұрынырақ
жазған   бір   мақаламызда   біз   де  дублет  терминін   «жазба
әдебиетімізде екі, кейде тіпті одан да көп вариантта қолданылып
жүрген   жеке   сөздер,   тұлғалар»   деген   мағынада   жұмсаған
болатынбыз
8
.   Қазақ   тіліндегі   варианттылық   пробле-масын
арнайы зерттеп, монографиялар жазған И.Ұйықбаев, С.Бизақов
сияқты ғалымдар да бұл екі атаудың бір-біріне сино-ним болып
келетінін айтады. Дегенмен оларды айырып жұмсау қажеттігін
де ескертеді. И.Ұйықбаев: «Вариант сөзінің ауқымы кең жатады,
өйткені   ол   барлық   жарыспалы   сөздерді   қамтиды,   ал  дублет
көбінесе   лексикалық-семантикалық   дәлме-дәлдікті   (аллолекса)
білдіру   үшін   қолданылады»   деген   пікірді   айтады
9
.   Зерттеуші
С.Бизақов   А.А.Реформатский,   Н.М.Шанский,   Ро-гожникова,
И.А.Короленко   сияқты   зерттеушілердің  вариант  пен  дублет
терминдерін   орыс   тіл   білімінде   ажыратып   қолдану   туралы
пікірлерін   келтіріп,   бұл   терминдер   жайында   бірсыпы-ра
толығырақ мағлұмат береді де қазақ тіліндегі еңбектерде бұл екі
терминнің   ара-жігі   ашылмай,   қабат   алынып   келе   жатқанын
білдіреді
10
.   Бұл   зерттеуші   де   «вариант»   пен   «дублет»
құбылыстарын бір-бірінен ажыратып танытатын белгілерді атап,
фонетикалық   дублеттер   мен   сөздің   дыбыстық   вариантта-рына
жеке-жеке сипаттама береді.
Ұсынылып   отырған   жұмыста   біз   варианттылық   құбы-
лысының зерттелу тарихын, таным деңгейін тәптіштеп толық
баяндауды мақсат етпей, қазақ тілінің бүгінгі әдеби нормасы
тұрғысынан   келгенде,   варианттар,   дублеттер,   қосар   сөздер
(И.Ұйықбаев   ұсынған   атаулардың   бірі),   жарыспа   сөздер
(тұлғалар)   деп   атап   жүрген   тілдік   элементтерді   қалайша
танып,   жіктегеніміз   жөн   деген   таным-талдауларымызды
ұсынамыз  (бұрынырақ жариялаған  кейбір  материалдарымыз
бен пікір-лерімізді де пайдаланғанымызды ескертеміз).
Әдеби норма дегенді сөз етуде де зерттеушілердің алдында
8
 Сыздықова Р. Қазіргі қазақ әдеби тіліндегі дублеттер жөнінде //Тіл 
мәдениеті және баспасөз. - Алматы, 1968. - 28-б.
9
Ұйықбаев И. Қазіргі қазақ тіліндегі варианттылық проблемасы. - Алматы, 1976.
- 14-б.
10
 Бизақов С. Тілдік норма және варианттылық. - Алматы: Ғылым, 1997. -16-19-б.
83


«қай қолданыс қазірде «әдеби» болып танылады, қайсысы та-
нылмайды?» деген мәселе тұрса, мұның бір ұшы вариант, дуб-
леттерді тануға, іріктеуге барып тіреледі.
Кейбір зерттеушілер тіпті варианттылық құбылысы болма-
са, нормалану процесін сөз етуге тура келмес еді деген сияқты
пікірлерді де айтады. Мұның жөні де бар, өйткені норма де-
геніміз  –  таңдау, ал  тандау үшін  ең кемінде   екі  варианттан
тұратын   дүние   (сөз,   тұлға,   дыбыс,   тіркес,   сөйлем   түрі   т.т.)
болу   керек.   Таңдау   тілдің   қолданыс   үстінде   болады.
Сондықтан   қай   жерде,   функционалдық   стиль   үлгілерінің
қайсысында,   қай   кезеңде,   айталық,   дәл   бүгінгі   тілімізде
болатын таңдаудың ере-кше мәні бар. өйткені тіл дамуының
бір   кезеңінде   норма   емес   элемент   келесі   кезеңінде   норма
ретінде танылуы мүмкін және керісінше.
Әдеби норманы анықтауда әлеуметтік талғам, яғни қоғам-
ның   сол   қолданысты   дұрыс   деп   санауы   негізгі   рөл   атқара-
тындығы   жоғарыда   айтылды.   Мысалы,  сұраным,  қойылым,
оқылым, салым, салымшы сияқты сөздер бұрын тым жасан-ды
тұлғалар ретінде әдеби тілде қолданылмаған болса, бұл күнде
олар – тіпті терминдік мағынаға ие болған сөздер. Сол сияқты
функционалдық   стильдердің   бірінде   нормадан   тыс   деп
танылатын   элементтер   екіншісінде   нормаға   сай   түсетін
бірліктер (сөздер, құрылымдар, эстетикалық құралдар) болып
саналуы   әбден   ықтимал   (бұлар   жөнінде   кейінгі   тарауларда
толығырақ айтылады).
Жоғарыда айтылғандай, тіл мәдениетіне қатысты мәселелер-
ді   сөз   еткенде,   зерттеушілердің   де,   қалың   жұртшылықтың   да
көбірек назар аударатыны – жарыспа бірліктер (сөздер, тұлғалар,
орфограммалар   т.т.).  Фонетикалық-орфографиялық  норма-лары,
сондай-ақ жеке сөздер мен грамматикалық амалдарды жұмсауы
көп сәттерде бір ізге түсіп, тұрақталу процесін басы-нан өткізіп
жатқан   қазіргі   жазба   әдеби   тіліміздің   мәдениетіне   нұқсан
келтіріп   отырған   құбылыстың   ең   үлкені   –   кейбір   сөздер   мен
тұлғалардың   әртүрлі   вариантта   жарыса   қолданылып   келе
жатқандығы. Бұл жерде вариант атаулының бәрі әдеби нормаға
нұқсан   келтіреді   деген   тұжырымнан   мүлде   аулақ   болу   керек.
Олардың дені тіл қолданысының белгілі сәттерінде өз орны бар,
жұмсалу әлеуеті күшті элементтер болып келеді. Енді
варианттардың түрлерін жеке-жеке көрсетелік.
84




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет