162
Мен және Ақша
үшіңізді, энергияңызды, сезіміңізді рухани әлемге
жұмсасаңыз, ол сізге одан да көп көлемде қайтады.
Алайда сіз, өзіңіз өмірі сүріп отырған шынайы
өміді де жоққа шығармауыңыз керек. Рухани және
материалды жақтар, өзара тығыз байланысты және
біздің екі аяғымыз тәрізді бізге тұрақты тіреу болып
тұр. Қандай күшті болса да бір аяқпен ұзақ тұра ал
майсыз.
В. Дене бітімі бойынша даму
Дене дамуы – бұл сіздің денсаулығыңыз. Жас
кезіңізде ылғи да құдайға жалбарынатын уақыт
табыңыз. Денсаулық, бақыт, махаббат тілеңіз.
Қартайғанда адамдар неліктен белсенді түрде
құдайға жалбарына бастайтынын білесіз бе? Себебі,
олар аурудан, жалғыздықтан, түсініспеушіліктен
қорқады.мені соңғы кездері мешіттер мен храмдарға
жастардың көп баратындығы қуантып жүр. Рухани
өмір үшін уақытты әрдайым табу керек.
Тура сол секілді денеңізді жаттықтыру үшін де
уақыт бөліңіз. Белгілі бур спорт түрін
таңдаңыз,
тіпті бірғана емес, себебі, сіздің дене жағдайыңыз
сіздің ойлау қабілетіңіздің жылдамдығына ықпал
етеді. Сонымен қатар,
өзіндік ерекшелігіңізді де
ескеріңіз, бірақ міндетті түрде ұжымдық ойын
дармен айналысыңыз (футбол, волейбол, баскет
бол және т.б.). егер дене әлсіз болса ми да со
лай. дене солғын ал ми мықты болуы мүмкін
емес. ал егер күнделікті тәтті заттар жеп,
майлы
тағамға әуестенсеңіз және аз қимылдасаңыз, біраз
уақыттан кейін сіз артық салмақ қосып аласыз және
сәйкесінше сіздің денсаулығыңызбен мәселе туын
дайды. Міне сол кезде сіз жоғары мақсаттарыңыз
жайлы ойлана алмай қаласыз.