Ббк 8. Д13 Давлатов Саидмурод


Муравьи всегда идут к своей цели



Pdf көрінісі
бет91/134
Дата18.10.2022
өлшемі6,49 Mb.
#43839
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   134
Байланысты:
2 5332646650437436556

Муравьи всегда идут к своей цели
С. Саналық даму
Өз санаңызды жаттықтыру қажет. Тағы бір 
рет қайталайын: ең жақсы салым – өзіңізге өз 
интеллектіңізге салған салым. Бұл ештеңемен тең 
келмейді. Сіз табысқа жететін жетпейтініңізді 
шешетінсіздің миыңыз, ол сіздің еңбек ету құралыңыз 
болып табылады. Қатысуға мүмкіндігіңіз болған 
барлық тренингтарға қатысыңыз. Сіздің интеллек­
туалды деңгейіңізді жоғарылататын кітаптарды 
көп оқыңыз. Шет тілдерін оқу арқылы өз есте 
сақтау қабілетіңізді нығайтыңыз. Өз дарыныңызды 
дамытыңыз. Өз қабілеттеріңізге сай білім алыңыз. 
Дене шынықтыру мен спортпен айналысуға уақыт 
бөліңіз. Өз мақсаттарыңызға жетуге тырысыңыз 
және өмір қуанышына бөлене біліңіз. Сол кезде сіз 
ешқашан шаршаңқы болмайсыз. 
Өмірден қалай демалуға болады? Неліктен адам­
дар жұмыстан кейін үйлеріне келіп, шаршағандарын 
айтып, демалғылары келеді? Себебі, жұмыс оларды 
қуантпайды, мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал 
етпейді. Ұнатпайтын жұмыс ауыр міндетке, еңбек 
борышына айналады. Өз жұмысыңызды сізге 
қуаныш алып келетіндей, бақыттың көзі болатын­
дай және энергиямен қамтамасыз ететіндей қылып 
жасаңыз. 


164
Мен және Ақша
5. УАҚыТТы ДҰРыС ҚОЛДАНА БІЛУ
Өз уақытының тіпті бір сағатын да 
бос жібермек болған адам – 
өмір құндылығын түсіну деңгейіне 
әлі жетпеген адам.
Ч. Дарвин
Сіз білесіз бе, адамдарда ертеңгі күніне деген 
сенімділік жоғалып, іштей қорқыныштың пай­
да болу себебі неде екендігін? Былай қарағанда
барлығы жақсы – бала-шағаларының дені сау, 
өздерінің табыстары да жаман емес және өз ба­
спаналары да бар, бірақ осыларға қарамастан 
іштей үрей ұялайды. Себебі олар өз уақыттарын 
басқара алмайды, үнемі асығып, әрдайым жүйке 
күйзелісінде болады. Сондықтан уақытты дұрыс 
басқара білуге үйренген жөн. Көптеген адамдар 
уақыттың тапшылығын үнемі сезініп жүреді. Егер 
оларда тәулігіне 48 сағат болса да, олар бәрібір еш­
нарсеге де үлгермес еді.
Кейде адамдар уақыттың жетпейтіндігіне 
тұйықталып қалады. Олар кешігіп жүргендей, 
берілген мерзімге үлгермейтіндей сезінеді. Деген­
мен, осыған қатты назар аудармауға тырысыңыз. 
Уақытты шексіз деп білетін балалық шағыңызды 
еске алыңыз. Толықтай үш айлық өміріңізді өз 
рақатыңызға өткізген жаздық демалысты еске 
түсіріңіз! Сабақтың бес минуты бітпес мәңгілік 
уақыттай көрініп, ал 5 минуттық үзілісте ойнап, 
жүгіріп, айқайлап, мейіріңіз қанғанша ойнап 
үлгердіңіз...
Өз тәніңізге сергектік қуатын беріңіз, ал ол 


165


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет