Ббк 84 Қаз 7-44 б 78 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет6/26
Дата31.03.2017
өлшемі1,81 Mb.
#11030
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
жат,  комсомол  мүшесі  деген  атқа  лайық  емессің  дедім  аға. 
Сонымен... (тағы бір тостаған қымыз құйып сіміріп салды).
–  Құры!  –  деді  айғай  салып  Еркін.  –  Жоғалт  көзіңді  осы 
жерден.  Қайран  қазақтың  ендігі  қалған  тұлғасы  сен  болсаң, 
ақырзаманның орнағаны да... – Қолы дір-дір етіп, өңі бозарып 
кеткен.  Көзі  қанға  толып,  ойы  сарқылғандай  өз  санын  өзі 
мытып-мытып жіберді.
– Үйбай-ау, Ереке-ау, бай болғанда бақырып бола ма деп, 
жазығым не, жер-жебіріме жететін?..
Маза берші, жарқыным, алатыныңды ал да, маза берші.
– Ойбай-ау, Ереке-ау, мен әншейін сөздің сыралғысы...
– Ертең кел, – деді Оспаннан оңай-оспақ құтылмасын сезген 
соң, – өзім шақыртып алам.
– Әттең адвокаттығыңыз болып тұр ғой, әйтпесе, сізді мен 
шақыртып  алар  едім.  Енді  бұдан  былай  есігіңнен  сығаласам 
атымды басқа қойыңыз, – деді де және бір тостаған қымызды 
шалқалап тұрып тартып жіберіп, сарт-сұрт шыға жөнелді.
– «Тоқым салғанға – тоқым сал, сырмақ салғанға – сырмақ 
сал», деп дүниеде бір кісінің бетіне келмей-ақ ел басқарып еді 
марқұм әкем, – деді Омар өзгеше қоңыр үнмен.
– Ал, менің әкем, – деді Еркін. – Сізді айтамын, «Осекеңнің 
басына бір тал үкі тақсақ далаң қағып кетеді» деп мысқылдап 
отыратын.
–  Дегенмен,  ұлым,  тарылып,  ашуланшақ  болып  кеткен 
екенсің.
– «Домбырам-ай, шерте берсе қу тақтай болдырады-ай» деп 
айтатын тағы сіз. Менің жаным екеу емес, әке. Айтысқанмен 
айтыстық, алысқанмен алыстық, қазақ деп айғайладық, алаш 
деп  ұран  тастадық.  Соңымыздан  қылаяғы  ит  екеш,  ит  те 
ермеді. Ақыры міне, бұзауы өлген сиырдай тұлыпқа мөңіреп 
босқа  қалдық.  Жаңа  өкіметке  қазір  керегім  болғанмен,  күні 
ертең-ақ  жалаңаяқтары  оқып,  білім  алған  соң  майын  сығып 
алған бүйендей күресінге тастайды. Енді бұл қызыл деп келген 
қызылкөздерге дауа да, тосқауыл да жоқ! «Түркісіб, Түркісіб» 
деп  жарғақ  құлақтары  жастыққа  тимегендеріне  жылға  таяп 
қалды.

53
– Естігем, – деді ұлын мұқият тыңдап отырған Омар. – Көк-
жасыл  жайлау,  көделі  даланы  көк  түтіні  будақтаған  паровоз 
тапалайды деші.
– Тапалайды, әке, тапалайды. Ең сұмдығы сол – Құланды- 
дағы сіздің қыстақтың тура жүрегін басып өткелі тұр.
Омар елегізген аттай басын селтең еткізіп көтеріп қалды.
– Бекер шығар, – деді. Үні біртүрлі қарлығыңқырап бөтен 
шықты. – Баяғыдағы орыстар жасаған жоспарда олай емес еді 
ғой. Бекер шығар...
– Енді, әке, маған да сенуден қалдыңыз ба?
– Мен тіпті өзім де сенуден қалып барам, ұлым.
–  Что  же,  –  деді  орысша  араластырып  Еркін.  –  Бәрі  де 
заманның  азғанына  саяды,  қазір  мен  де  ешкімге  иланудан 
қалдым. Кейде өз саусағымды өзім санап отырып соның бесеу 
екеніне, екі бесті қосқанда он екеніне күмәнданамын.
–  Шойын  жолдың  Құландыны  басып  өтетіні  рас  болса, 
ойға оралудың өзі бекершілік шығар. Күзеу біткен соң, аз күн 
Ақшиға ықтырмалап алып көшем бе деп отырғанмын. Алдыңғы 
күні «қыстақтың жайын біліп қайт, қора-қопсы бүтін бе екен», 
деп Долдашты аттандырып жібергенмін.
– Ендеше, осы шаруақойлығыңыздың керегі жоқ боп тұр. 
Күзеу  де  болмайды,  өйткені  енді  аз  күнде  малыңызды  түп-
түгел өкіметке санап бересіз.
– Немене, табалағаның ба? – деп шамданды Омар.
–  Жоқ,  әке,  сөздің  расы  сол.  Сіз  бен  бізге  жалғыз-ақ  жол 
қалды – арғы бетке өту.
Бай  өз  тізесіне  өзі  өшіккендей,  жұдырығымен  ұрғылап 
отырып қалды. Әке мен бала арасында сәл үнсіздік орнағандай 
еді,  есік  ашылып,  бұл  тығырықтан  сәл  де  болса  да  сүйреп 
шығарғандай  болды.  Кірген  Рахия  бәйбіше  екен.  Бағанағы 
аудыны басылған, именіп келді де тегенеге үңілді.
–  Е,  қымызды  ішіп  отыр  екенсіңдер  ғой,  –  деді  әлде 
қуанғаны, әлде сараңданғаны белгісіз үнмен.
– Ауыз да тиген жоқпыз. Оспан ғой сыңғыта ішіп, тегенені 
басына қопарып кеткен, – деді Омар.
–  Ой,  сол  сүмелектің  де  сұғынбайтын  жері  жоқ  екен. 
Тамағыңа тас тығылғыр, – деп ортайып қалған тегенені түбінде 
қалған қымызын шайқақтата ала жөнелді.


–  Сонымен  не  істейміз,  ұлым?  –  деді  Омар  әйелі  шығып 
кеткен соң. Қайранға ұрынған қайықтай лаж таусылды-ау.
–  Сіз  бен  менің  арамыз  қандай  жақын  болса  соншалық 
алыс,  әке.  Алыс  болатын  себебі  –  сіз  қамыңызды  жейсіз,  ал 
мені  қинайтын  –  қаймана  қазақтың  болашағы,  ертеңі  қандай 
күйге ұшырар деген қауіпті ой. Мен осыны уайымдаймын.
– Ел қамын жеген Едігемін деші. – Бірақ бұл мысқылының 
орынсыздау шыққанын өзі де сезді д: – Мен малқор болсам, 
қара басымның ғана қамы емес еді ғой. Жақсы атаның аруағы 
жаман баланы қырық жыл асырайды деген. Бұл дүниеден кімдер 
өтпеген. Ерте ме, кеш пе ажалдың арбасына отыра қалсақ, мына 
саған, анау қос қызым – Дүрия мен Гүлия тарықпасын дегенім 
де. Қазақтар малды өзі үшін жинайды дегеннің аузы қисайсын. 
Қазақтар малды – өзгелер үшін бағып-қағып келген. Қане, сол 
сайын  далада  мыңғырып  жатқан  малдың  аш-арықтар  үшін, 
мынау жалаңаяқ, жалаң бас келген жанды өкімет үшін керексіз 
болып қалғаны, қане?! – деп әңгімесін жуасытқан болды.
– Оныңыз рас, әке, өте орынды сөз. Сіздерден тартып алған 
малды  сіздерше  бағып-қаға  ала  ма?  Менің  күмәнданатыным 
осы тұс... Әлде қолды болып, қызыл сирақ күйде күлге аунаған 
түйедей қасынып қалып қоя ма? Сіз бен бізді қойшы, күні ертең 
көздеріне күйік болмай күн көрер жолын табармыз.
–  Сол  жолыңды  айтшы,  жарқыным,  созбаламай.  Түсейін 
де безейін. Алды-артыма қарамай зымырайын егіз қызым мен 
жаман кемпірімді ертіп алып. Ал, өзің бастайсың ба, ересің бе, 
жоқ-ау тіпті қалып қоясың ба, еркің білсін.
– Сізге жөн көрсету, сізді бастау қандай оңай болса, жұртқа 
жол көрсету сондай қиын, әке. Дәл қазір сізге ере алмайтыным 
рас.
– Ендеше, өз қотырымызды өзіміз қасиық. Мен де қамсыз 
емеспін. Айтпағың арғы бет болса, онда да менің жұртым бар. 
Не  бүгін,  не  ертең  сол  арғы  беттен  Таңатар  келіп  қалар  деп 
отырмын.
– Сіздің де есебіңіз түгел-ау, әке. Егер ертерек еуропалық 
білім алып, әлеуметтік мәселеге аралассаңыз, үлкен бір саяси 
қайраткер болып кетер едіңіз,– деді Омардың алыстан ойлайтын, 
кеңінен толғайтын ақылды қулығына еріксіз сүйсініп.
–  Оқығандарды  көріп  отырмыз  ғой...  Жылқының  ерінен 
жығылып қалайын деп отырып, енді бүлінген елді басқарудан, 


орысқа  жалданып,  шошқа  бағу  анағұрлым  жеңіл  шығар.  Ал, 
балам, арбасып болсақ, алдағы күннің қамын ойлайық.
Шаңырақтан қиғаштай түсіп тұрған күн Тарбағатай тауына  
қарай  құлдап  кеткен  секілді.  Киіз  үйдің  іші  біртіндеп  алакө- 
леңкелене  бастаған;  үй  сыртынан  маңыраған  қой,  боздаған 
бота, кісінеген құлын, тебіскен айғырдың үні еміс-еміс естіле 
бастады.  Мал  қайырып,  бие  сауғызып  айқайлаған  кісілердің 
даусы да бағанағыдай емес, айқын да, ажарлы шығады. Жайлау 
кешінің  қоңыр  тіршілігі  біртін-біртін  айшықтана  түскендей. 
Даладағы  салқындық  енді  ептеп  үйге  көшіп,  намаздыгер, 
намазшам  арасында  алдарына  жер  шарының  картасын 
дастарқанша  жайып  тастап  күбірлесіп  отырған  әкелі-баланы 
да жауратқан сыңайда, иықтарына жамылған тайжақты ішікті 
қаусырытады.  Шал  мен  ұлының  өзгені  қойып,  өзін  суқаны 
сүймей  оңаша  отырыстарын  сезген  бәйбіше  қайтып  қайрыла 
қойған  жоқ.  Дәл  осы  кеште  үлкен  бір  шаруаны  түйіндеп 
жатқандарын  ойша  топшылады  да  қонақасы  қамымен  жүрді. 
Ымырт үйіріліп, көз байланған соң, Омар жер таяна тұрды да, 
ұлы Семейден әкеліп берген білтелі шамды жақты. Үй іші ала 
көлеңке  сәуле  тінте  бастады.  Төрдегі  керегеге  тұтқан  қалың 
кілем  үстінде  күмістен  шегелеп,  қасында  алтын  жалатқан 
қазақы ер ілулі тұр еді. Шамның жарығымен қоздап ол да қоса 
жанды.
–  Міне,  мынау  жер  шарының  картасы,  әке,  –  деді  Еркін 
алдарындағы  жайнамаздай  жайылған  картаның  бетін  сипап. 
– Бүкіл дүниежүзі осы тоқымдай ғана қағазға сыйып жатыр. 
Ал,  біздер  ұзындығы  үш  мың,  көлденеңі  екі  мың  шақырым 
ұлан-байтақ қазақ даласынан қонатын қоныс, жайлайтын өріс 
таба алмай отырмыз. Және бір сөзіңізде арғы бет жайын қозғап 
қалдыңыз.  Әрине,  жалғыз  түнге  жалын  деп  жым-жырт  ауып 
кету сіз үшін түкке тұрмайтын шаруа екенін де білемін. Бірақ, 
дәл  қазір  ерте  секілді.  Сол  конфискацияны  ұндемей  қарсы 
алсаңыз қайтер еді, әке. Онан арғысын көре жатармыз...
–  Қызылтабан  қылып  итжеккенге  айдап  салмай  ма?!  Ар- 
тымда қалған егіз қызым мен бәйбішемді, көзіңе айтайын, сен 
асырай алмайсың. Ана айдаһар Ратимаң бір күн шыдатпайды.
– Жоқ, әке, сіз мені әлі де түсінбей отырсыз. Арғы беттен 
Таңатар, Құландыдан Долдаш келген соң бұл мәселені түпкілікті 
шешуге  болады.  Айталық  кәмпіске  қазір  басталғанымен 


қарашаға дейін ию-қиюымен созылады және ол науқан ең әуелі 
қалаға жақын болыстардан басталуы мүмкін. Қиыр жайлап, шет 
қонып кеткен жұрттың ойға, қыстаққа оралуын тосады, демек 
ит  арқасы  қияндағы  Құландыға  тек  қыркүйекте  орталатып 
барып  әрең  жетуі  мүмкін.  Осы  тәуекел  деп  тас  жұта  кіргелі 
отырған ісімізді біржола түйіндеп, ертең еру болып бүрсігүні 
қалаға  қайтамын.  Сіздерге  келер  конфискация  комиссия- 
сын бар әлімше кешіктіруге әркет жасармын. – Қызып ұзақ сөйле- 
гендікі  ме,  Еркін  сөзінің  аяғын  ентіккендей  шаршаңқырап 
барып  бітірді.  Шамның  өлімсіреген  жарығына  тесіле  қарап 
отырған  Омардың  тостағандай  ала  көзі  алаулап,  «әр  сәулені 
жанарына көшіріп алғандай боздап тұр еді.
–  Тәргі  деген  итіңнің  ерте  қапқаны  не,  кеш  қапқаны  не 
бәрібір емес пе?! – деді сол шамға қадалған қалпын бұзбай, тек 
бар үмітім тағдырда қалды. Арғы беттің ыңғайын да, бастап 
барар жолды да тек сол Малтыкөлден шықкан есі бүтін жалғыз 
адам Таңатар біледі.
– Мұндағысы да осалмын деп жүрген жоқ. Большевиктер 
қатарына өтіп алған, – деді Еркін.
– Кімді айтасың?
–  Таңатардың  арғы  бетке  бармай  қалған  ұлы  Дарханды 
айтамын.  Таңертең  өзін  осы  сіздің  ауылдан  көрдім.  Сәлем 
беруге жарамай аяғының басын қайқайтып жатып алды, енеңді 
ұрайынның...
– Ертістің үстіне көпірді жалғыз өзі салғандай шалқақтап 
жүргені рас. Осы үйге де басын сұққан жоқ. Әкесіне тартқан 
тәкаппар  неме  көрінеді.  Өзі  жарылысқа  ұшырап,  мәңгіріп 
қалған дей ме немене...
Еркін  әкесіне  жалт  қарап  еді,  ештеңеден  хабары  жоқ 
қаперсіз отыр екен.
–  Иә,  ондай  уақиғаның  болғаны  шын...  Егер  әкесі  арғы 
беттен  келсе  екеуін  жолықтырмауға  мейлінше  күш  салыңыз. 
Әйтпесе, барлық жоспарды бүлдіруі мүмкін.
Сықырлауық ептеп ашылып, ар жағынан Гүлияның қолаң 
шашы көрінді; табалдырықтан оң аяғымен жұмсақ аттап өтті 
де, өте майда нәзік үнмен:
– Әниім тамақ әзір болғанын хабарла деді, рұқсат етсеңдер 
әкелсек, – деп төмен қарады.

5
– Аздап аялдай тұрсын, өзім айтармын, – деді Омар. Қыз 
есікті ептеп жауып, шығып кетті.
– Сонымен, әке, менің ойым мынадай: қазір сіз Тарбағатай 
сілемінің  арғы  бетке  өтер  ең  бір  өкпе  тұсында,  ұрымтал 
аузында  отырсыз.  Анау  Ақшоқыға  созған  қолыңыз  жетіп 
тұр.  Ал,  Ақшоқының  ар  жағын  мен  біле  бермеймін,  Таңатар 
келсе  өзі  түсіндіріп  айтар.  Менің  білерім,  әке,  арғы  бет 
әзірше  тыныш.  Гоминдан  өкіметі  тым  арыда,  одан  жетіп  ел 
басқаруға  мүмкіндіктері  жоқ  және  қытай  халқы  да  екі  ұдай 
артыс-тартыс кезеңін бастан кешуде. Үрімжіде тек ұйғырлар, 
дүнгендер,  қазақтар  жүр  тайраңдап.  Егер,  Таңатар  бүгін  түн 
келсе  –  ертең,  ертең  келсе  –  арғы  күні  түнде  малыңыздың 
тең жартысынан көбін арғы бетке айдатып жіберіңіз. Шекара 
дейтін,  қайбір  жетіскен  шекара  бар.  Қытай  қорғаны  емес, 
қалың  жылқы  әр  жерден  шошайып  жүрген  бірер  солдатты 
тапап,  жермен-жексен  қылып  өте  шықсын,  қуғынға  түскен 
жылқының  екпіні  өрттен  бетер  екенін  білесіз.  Құланды- 
дағы  қыстағыңызға  бар  болғаны  жүз  тұяқ  қой,  екі-үш  үйір 
жылқымен  түсу  ләзім  және  бұл  шаруаны  қанын  шығармай 
соятын,  жүнін  шығармай  жұлатындай  етіп,  ың-шыңсыз 
атқарып жіберу керек. Таңатар мен Долдаш малды айдап арғы 
бетке өтті-ау деген шақта «барымта» деп айғай шығарсаңыз, 
милиция  шақырып  арыз  айтып,  тау-тасты  қаңғып  іздесеңіз, 
сонда ғана соттың сойылынан аман қаласыз. Әрине, сізге арғы 
бетке қазір-ақ өтіп кетуге болар еді. Оған еш мүмкіндігіңіз жоқ 
қой. Біріншіден, ол жақтың ау-жайын біліп түйіп үлгірмегенсіз. 
Екіншіден, менің естуімше Семейде де біраз қазынаңыз бар, оны 
да ебін тауып жинап-теріп алу керек. Үшіншіден (шаңыраққа 
қарап ойланып қалды), үшіншіден, мені тосуыңыз керек. Совет 
өкіметіне сия алатын түрім жоқ. Сыйдырса да сия алмаспын, 
әке. Егер ағымнан ақтарылсам, мен қытай жеріне де тұрақтай 
алмаспын. Бізсіз-ақ егізден, сегізден күшіктеп, алақандай жерді 
адамға  толтырып  жіберген  ел  құмырсқаша  быжынап,  енді  аз 
жылда түрегеп тұруға жер жетпей қала ма деп қорқамын.
– Сонда қайда барып күн көресің? – деп бағанадан мүлгіп, 
ұлының  әңгімесіне  құлақ  салып  отырған  Омар  оқыс  сауал 
қойды.
– Мен... мен Қытай арқылы Тайландқа жетіп, сол жерден 
кемеге  мініп,  Қызыл  теңіз  арқылы  өзіңіңіздің  тірідей  арма- 


ныңыз болып кеткен Мекке-Мәдинені көрсем, одан әрі Осман 
империясына  өтіп  кетсем  бе  деген  ой  мазалап  жүр.  Қалайда 
түріктер өз қанымыз, түсінер, түсінісерміз. Ал, Түркияға дәл 
қазір  құрлықпен  баруға  жол  жоқ.  Тіпті  түріктерге  сыймаған 
күннің  өзінде  іргесінде  иек  тіреп  Ауғанстан  жатыр.  Онда  да 
біраз қазақтар бар...
– Үй-ішіңді қайтесің? – деді Омар.
– Үй-ішім деген немене, ол да бір ұя. Мен ұшсам басқасы 
келіп  жұмыртқа  салар,  балапан  басар.  Етекке  оралғы  болар 
кішкентайымыз  жоқ  екені  мәлім,  қайта-қайта  «тұяқсыз, 
ұрпақсыз  қалдырасың-ау»  деп  құлақ  етімді  жей  беретін 
өзіңізсіз.  Ратиманың  өзі  де  ере  қоймас,  жағулы  оты,  салулы 
төсегі  бар,  қысырдың  тайындай  бұлғақтаған  әйел,  менің 
кеткеніме қуанбаса қайғырмас. Арғы жаққа аман-есен өтсеңіз, 
мүмкін  сізді  де  азғырып  көрерміз.  Меккеге  барар  одан  басқа 
жол жоқ.
– Әттең, – деді Омар көзі лапылдап, – әттең-ай, сол Меккені 
жалғыз  рет  көріп  жан-тапсырсақ  не  арман?!  Екі  қызым 
қолбайлау  болып  тұр  ғой.  Түріктерге  қымыз  сатып-ақ  жан 
сақтар едім.
–  Түркияға  аман-есен  жетсек  аштан  өліп,  көштен  қалмас 
едік. Әсіресе, орыс, араб, түркі, ағылшын тілін бес саусақтай 
білетін мен үшін суға жіберген балықтай жүзетін бостандық 
туар еді-ау, – деп, Еркін де бір сәт көзі жасаурап армандап кетті. 
– Бірақ, марксизм деген ілім сол Қытайды да, Тайландты да, 
Ауғанстан мен Түркияны да қамтып бара ма деп шошынамын. 
Бұл діннің Мұхаметтің исламын жолға тастап кетер қуаты бар-
ау. Түбінде әлемді билейтін коммунистер болуы және мүмкін.
–  Ендеше  несіне  жылы  орнымыздан  қозғаламыз.  Қайда 
барсақ Қорқыттың көрі екен, көрінген жерге күл төге бергенше, 
өз елімізде ұлтан болмаймыз ба.
–  Коммунистер  билігі  Қытай  мен  Түркияға  кеңінен  тара- 
ғанша  біз  де  бұл  дүниеден  көшіп  кетерміз.  Оның  бәрін 
уайымдай  беріп  қайтеміз.  Әйтпесе,  сол  арғы  бетте  қазірдің 
өзінде большевиктер белең алуда. Сондықтан да, Қытай жері 
біз ұшып, тек Түркияға өтіп кетер көпір ғана болып қалмақ.
Омар ауыр ойға батқандай тағы да үнсіздікке берілді. Оның 
көз алдына боқшасын арқалап ел кезіп күн көрер Құлаша деген 
шал елестеді. Қолындағы асасын серпіп тастап, ауылдан-ауылға 

59
ауысып, жанын сақтау үшін қаңғып келіп жүруші еді жазған. 
Өкшесі қиқайып кеткен ескі етігінің ұлтаны түсіп қалып, оны 
кендір  жіппен  шаңдып,  таңып  алатын  да,  әлдеқайда  алысқа 
лағып бара жатар еді. Мынау жалғанда қайғы-қасірет, қуаныш-
қызық барынан мақұрым, өлі мен тірінің, бар мен жоқтың, бай 
мен кедейдің аражігін ажыратпай бәріне тегіс сәлем беретін, 
бәрінен  тегіс  дәм  тататын,  ешкімнен  қорықпады,  ешкімге 
жағынып жарамсақтанбады, жағасына жабысар жауы, жанашыр 
дос, туыс дегеннен тұл қалған Құлаша мүсәпір тірлігін әлемдегі 
ең керемет деген өмірге айырбастамас еді. Сонда жетім шалды 
мүсіркеп астына ат мінгізіп, үстіне әдемі шапан жаппақ болған 
жомарттарға Құлаша сақалын саумалап отырып айтыпты:
Біздің ауыл Ақшиде,
Сіз жолаушы бұл үйде.
Кімге жолдас болады
Опа бермес сұм дүние,
Аспанның асты қуыс, дүние – боқ,
ер  жігітке  қайда  барса  таң  атар.  Арғымаққа  бергісіз  аяғым 
бар, атқа міну не теңім. Бұл қазақтың табаны жерден екі елі 
көтерілсе,  құдайын  ұмытады.  Қайғысыз  қара  суға  семірген 
тыныштықтан артық бақыт бар ма?
Құлашаның  «ғұламалығы»  ол  шақта  жүрегін  май  басқан 
Омарға  жындының  сандырағындай  естілген  әрі  өлердей  жек 
көріп, бес бересі, алты аласысы болмаса да суқаны сүймеп еді. 
Қатынының қойнына барғандай өшігіп, бұл ауылға жолатпай 
қуған.  Әлі  есінде,  Екірекейдегі  құдаларынан  қайтып  келе 
жатқан жолында болар, Аякөз өзенінің жағасында беті-қолын 
жуып,  демалып  отырған  Құлашаны  жолықтырды.  Ат  үстінде 
тұрып берген байдың сәлемін алмай бажырайып бетіне қарады 
да алақанындағы мөп-мөлдір суды ұрттай берді. «Ей, қаңғыбас 
қақпас, – деді Омар шіреніп тұрып, – сәлемімді неге алмайсың?» 
Шал  сонда  да  үндеген  жоқ,  өзеннің  ағысын  қызықтағандай 
жақ  ашпастан  отыра  берген.  Бұдан  соң  қымызға  қызған  бай 
қолындағы  сары  ала  сапты  қамшысын  жерге  әдейі  түсіріп 
жіберді де:
– Қамшымды әпер! – деп жекіді. Құлаша отырған орнынан 
тырп етпеді, меңіреу адамдай алысқа, сонау көкжиекке қарады. 
Осы  кезде  аттан  лып  етіп  түскен  інісі  Долдаш  Омардың 
қамшысын әперді де:

60
– Қайтесіз дәруіш шалды әурелеп, қайбір жетісіп жүр, – деп 
ақылға шақырған.
– Мұрын-сыбанда Омардың сәлемін алмайтын түу Семей, 
сонау Өскеменнен бергі сыңсыған қалың найман ішінде Омарға 
сәлем бермейтін ұл туған жоқ! – деп, ақ шыт көйлегі шып-шып 
терге малынған Құлашаның арқасын ала қамшымен осып өтті. 
Шал сонда да қыңбады. Ауырсынған да жоқ. Үзеңгі бауын сегіз 
қабаттан тағып серпіген шонжардың қамшысы тулақка тиген 
сабаудай болған да қойған.
Өлмелі  шалдың  қайратына  қайран  қалған  Омар  өз-өзінен 
тіксініп еді. Жүрегі мұздап, түбі келер бір жаманатты сезгендей 
іші сыздап сала берген, шүйкедей ғана қаңғыбас Құлашаның 
айналып соғар киесінен қатты қорыққан.
Ол кезде Омар бүгінгіден әлдеқайда жас, ортекедей орғып 
тұрған шағы еді. Өзінің өрескел ісін кеш, енді ғана аңғарып, 
бойынан жылан жорғалап өткендей тітіркеніп қалды.
– Ей, Омар – деген дәруіш шал қыран бүркіттей шаңқ етіп, 
– өлсең – көріңді көрсетпе. Әйтпесе, мынау тізең батқан сыбан 
молаңның басына күнде барып дәрет сындырады. Саған айтар 
ақылым сол... сол... сол... – Әлі күнге ызыңдап құлағында қақсап 
тұр. «Өлсең көріңді көрсетпе, өлсең көріңді көрсетпе...» Өзі де 
бірте-бірте... сол... сол – Құлашаға айналғанын сезбей қалыпты-
ау.  Сезбей...  «Ол  менен  әлдеқайда  мықты,  бақытты  ғұмыр 
кешкен  екен-ау.  Қазақтың  далиған  даласында  мен  қаңғырар 
жер  жоқ,  тілі  де,  діні  де  жат  жұрттың  «Құлашасы»  болудан 
асқан сорлылық бар ма, тәйірі. «Жоқ! Жоқ!» деді ішінен бір үн. 
Ол үн Омарға қаңғыбас шалдың даусына ұқсаған.
– Ойыңызға не түсті? – деді Еркін әкесінің қызылы қашып, 
қуқылданған бетіне қарап. – Ажарыңыз сынық қой.
– Бұл дүниеде бүп-бүтін болып тұрған не бар дейсің? Бақыт 
деген  құстың,  егер  бар  болса,  бір  қанаты  сынық  па  деймін. 
Күні кеше ғана «Омеке, Омеке» деп тізгініме оралып, тауығым 
болып  шырқ  айналып  жүрген  талайлар  әлден  сырт  бере 
бастады. Ертең-ақ етегімнен тартып, ерінін шығармасына кім 
кепіл. Апыр-ай,– деді бай бұдан соң көкірегіндегі көкжалқақ 
запыраннан  арыла  алмай,  аса  қиналған  қажыспен  аһ  ұрып. 
–  Апыр-ай,  айналдырған  алты-жеті  жылда  ғасырлар  бойы 
қаймағы бұзылмай тұрған қайран ел астан-кестең боларын кім 
ойлаған, кім болжаған? 

61
–  Халық  та  сәби  емес  пе,  әке.  Шымшысақ  жылайды, 
тербетсеқ қуанады. Боздағынан айрылған бозөкпе елде қайбір 
ақыл-ес қалды дейсіз. «Ура!» – дейді де ұра береді, ұрып алып 
ілгері тарта береді. Кімді ұрғанын, неге ұрғанын, қайда бара 
жатқандарын  өздері  де  білмейді.  Сен,  соққан  балық  секілді 
халде. Алданар, қатты алданар...
–  Қара  жерге  қар  жауса  қақ  тұрушы  ма  еді,  ұлым.  Ал, 
түннің бір уағы болды, тысқа шығып бой жеңілдетіп қайт. Оған 
дейін шешеңнің тамағы да дайын болар, – деді де Омар қолын 
таяна еңкеңдеп, алпамсадай шомбал денесін әрең игергендей 
орнынан  тұрды.  Әңгіменің  қызуымен  байқамаған  ба,  Еркін 
малдас құрып отырған аяқтары ұйып қалған екен, шымырлап 
жанын шығарған соң, ауырсынып кешеуілдеп қалды. Уқалап, 
әрі-бері созып қанын тарқатты. Үйден әкесі шыға бере іле-шала 
шешесі кірді. Үйелеген малдай тыпырлап, тоңқаңдап орнынан 
тұра алмай жатқан баласын көріп, әлі де сынын бермеген әдемі 
қылықпен сынғырлай күлді.
–  Ұлым-ау,  екі  жастың  біріне  келмей  бөксебасты  болып 
қалғаның ба?
– Жұрттың бәрін өзіңіздей көресіз-ау, әни. Адамды қартайта- 
тын уақыт емес, уақиға секілді. Қазір отыз жеті жаста деп мені 
кім айта алар...
– Мен үшін тоқсанда болсаң да баласың, – деді Рахия ұлының 
мандайынан сүйіп. – Қолдарыңды жуып бір-ақ келіңдер. Кешкі 
асқа бөтеннен ешкімді шақыртқаным жоқ. Өзіміз болып оңаша 
отырғым келеді. Желдеген иттей танауын көтеріп, осы үйдің 
түтінін аңдып жүргендер көп-ақ. Қайсысының бабын табайық, 
асыңды ішіп, аяғыңа түкіріп отырады бұл қазақ...
– Мен де, әкем де сол қазақ, – деді Еркін әзілдей құшақтап.
Ақжайлаудың  барқыт  түні  ұйып  тұр  екен.  Тарбағатай 
тауының  кұншығысынан  ыңырана  көтерілген  ай  мұқым 
әлемді  ақ  сүт  сәулеге  орап,  мәңгі  жуас,  жым-жырт  мінезбен 
алқаракөкке  баяу  өрмелеп  барады.  Осынау  далада  байқала 
бермейтін  ақ  боз  түн,  жылқының  жусағанындай  мамыражай 
тыныштыққа,  уыз  тазалыққа  батқан  жайлау  түні  өзгеше 
бір  бой  жазған  баладай  күнәсіз,  әрі  аяулы  үнмен  әлдеқайда 
алысқа  әлдилеп  алып  кеткісі  келеді.  Аса  ырзалық  пейілмен 
буалдыр  да  бұлдыр  мұнарға  сіңіп,  мынау  жүйке  тоздырып, 
миыңды  шірітер  жарық  дүниеден  мүлдем  қоштасып,  қол 

62
бұлғамай-ақ  қоштасып,  мәңгілікке  адасып  немесе  мәңгілікке 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет