Ббк 84 Қаз 7-44 б 78 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет5/26
Дата31.03.2017
өлшемі1,81 Mb.
#11030
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
де сондай, тіпті осы Кеңес өкіметі келгелі бұдан басқа байлар 
теперіш көріп, тепкіге ұшырап жатса, Омекең бұрынғысынан 
да өркештеніп, нығыздана түскендей еді, қаз-қалпында, итіне 
дейін  дөңге  шығып  үреді...  Жұрттың  ұға  алмай  жүргені:  бай 
мен  кедей  теңеседі  деп  ұрандап  жеткен  жаңа  нышанның 
лапылдап  жанбауы,  анау  Омар  секілді  түкірігі  жерге  түспей 
келген,  шынжырбалақ,  шұбар  төстерді  қызыл  табан  қылып 
айдап  салмай,  итжеккенге  айдатпай,  керісінше  бұрынғыдан 
әрі кердендетіп, асығын алшысынан түсіріп қоюы жындарына 
тиіп,  меселдерін  қайтарған.  Әсіресе,  Омарды  атарға  оқтары 
жоқ  қаймана  халық,  он  жеті  болысқа  қараған.  Мұрын-сыбан 
«жазмыштан озмыш жоқ тағдырдың бұйрығы осы шығар» деп, 
бұрынғыша малын бақты, бұрынғыша отын жақты.
Қандай  өкімет  орнаса  да  тағынан  таймай,  талтаң-талтаң 
басып алшаңдаудың түпкі себебі де бар еді. Өзінің мұсылманша 
шала  сауаты  болғанымен  Омар  балаларын  ерте  окытқан.  Екі 
қыздан үлкені әрі маңдайға басқан жалғыз ұлы Еркінді Семей- 
дегі  училищеге  оқуға  беріп,  оны  бітірген  соң  Қазан  универ- 
ситетінің заң факультетін тамамдаттырған. Егіз қызы да етек 
басты емес, Семей шаһарындағы қыздар училищесінен дәріс 
алған  сауатты,  қырдың  қылымсыған  қызынан  гөрі  көкірегі 
ояу, көзі ашық, қала бикештеріне ұқсайтын. Осы жаңа мінез, 
қалалық қасиет әсіресе, Дүрияға ерте дарып, жүріс-тұрысының 
еркекке  тән  еркін  болуы,  аздап  болса  да  цивилизация  көре 
қалғандығынан  еді.  Өмір  мың  рет  өзгерсе  де  қара  жердің 
өзіндей өз қалпында қалатын адамдар болады. Қаладағы оқу, 
айдарынан  жел  өскен  желөкпе  тірлік  Гүлияға  әсерін  тигізе 

43
қоймаған; тым көне, тіпті эпостық мінез-құлқының қаймағын 
да бұза алмады. Бұзғысы келмегені емес, бұзылмады...
Ақжайлаудың  таңнан  бастап  абыр-сабыр  әбігерге  түсуі 
Омардың  Семейдегі  қаратаяқ  ұлының  келіп  жату  себебінен 
еді.  Осы  ауылдың  Оспан  бастаған  қазіргі  атқамінерлері  мен 
ежелден  осы  үйдің  есігін  сағалап,  ағалап,  жағалап  үйреніп 
қалған орташа дәулеттілер жығылып-сүрініп қызмет қылысып 
жүр. Мал сойылып, саба-саба қымыз қотарылып ұлы ырғынға 
батты.  Үлкендер  жағы  Ерекеңе  сәлем  береміз  деп  сән  түзеп, 
бай үйіне беттеп бара жатса, балалар босағадан сығалап асыр 
салып,  қазан-ошақты  аңдыған  иттерді  қуып  мәз.  Сырттан 
қараған  адам  анау  ас  бергендей  арпалысқан  көріністі  көріп 
тұрып, Ақжайлаудағы ат төбеліндей ауылға аспаннан екі аяғы 
салбырап  құдай  түсе  қалғандай  естанды  халді  бастан  кешер 
еді.  Осы  ауылды  алатайдай  дүрліктірген  хабарды  таңертең 
бұлақ  басында  қыздардан  естігенде  пәлендей  мән  бермеген 
Дархан күн көтеріле өзі де еріксіз елеңдей бастады. Алғашында 
сәлем  бергісі  келмей  аяғының  басын  қайқайтып  біраз  жатты 
да мұқым ел есі шыға андыздап, Омар үйінің табалдырығын 
тоздыратын  болған  соң,  бұл  да  бұлдана  аяңдаған.  Кешігіп 
келгендіктен кезек тимей киіз үй сыртында торуылдап жүріп-
жүріп,  ақыры  қолын  бір  сілтеп  өзен  жаққа  беттеген.  Бірақ 
жүрегін  мысық  тырнағандай  удай  ашыды.  Сонау  Семейден 
келген үлкен жолаушыны сылтауратып бай үйіне кіріп шықса, 
тым болмағанда Гүлияны тағы бір рет көрудің сәті түсер еді-ау. 
Амал не, ол ойын іске асыра алмады. Іске асыра алмаған соң 
салы суға кеткендей, бұлқына аққан бұлақты жағалап тоғайға 
сіңіп жоғалды.
Жол  соғып,  шаршап  келген  Еркін  күн  көтерілгенше  құс 
төсекте әрі аунап, бері аунап маужырап жатып алды. Ту Семейден 
бері пәуеске арбаға мініп келген; солқылдақ жүрісі әбден ығыр 
қылса да әкесі отырған Ақжайлауға асығыс жетіп еді. Асығудың 
үлкен  себебі  барын  әзірше  өзі  ғана  біледі.  Түн  ортасы  ауа 
ертоқымы мойнына кетіп шалдығып, суыт келген ұлын әкесі 
мазаламаған. Ұлын міне, жылға жуық көрмеп еді, бұрынғыдай 
емес, ұрты суалып, тостағандай екі көзі шүңірек тартып жүдеген 
екен.  Есендіктен  соң,  бірер  тостаған  қымызды  тамсанып 
отырып  ішті  де,  ләм  деместен  есінеп-құсынап  жатып  қалды. 
Әншейінде жарқылдап, әзіл-қалжыңы қалмайтын ашық мінезді 


ұлының  томсарған  жүз,  томаға-тұйық  қабарған  түрін  көріп, 
әлденеге мазасызданып елеңдеген еді. Осы түні Омар байдың 
бүкіл үй-іші болып көз ілмеген-ді. Қыздардыкі махаббат желігі  
болса,  бәйбіше  ұлының  сынықтығынан  сескеніп,  кірпігі-
кірпігіне айқаспай аналық жүрекпен уайым қылған. Қазір де 
Еркіннің тәтті тыныштығын күзеткендей, сәлем беруге келген 
ауыл  адамдарын  маңайлатпай,  қыздарына  тіккен  үйге  бұрып 
жіберіп отыр.
Семей  уездік  сотының,  адвокаты  Еркін  Омарұлы  Кен- 
жин  түстен  кейін  келімді-кетімді  кісілермен  сәлемдесіп, 
ақсақалдармен әңгіме құрды. Ескіше де, жаңаша да көп оқыған, 
ел аралап, көп тоқыған үлкен білімді, әлемдегі заң атаулыны 
жатқа  білетін,  жақ  жоқ  шешен,  «жігітің  қайсы  десе,  мынау» 
дерлік  арқалы  азамат  еді.  Шүкіршілік,  әкесінің  озбырлығы 
болмаса, ат жалын тартып міне сала алысқа оқу қуып кеткен 
ұлының  жаманшылығын  көрмеген  ел  құрмет,  әрі  медет 
тұтатын.  Шүкір,  жақсылығын  да,  жаманшыларын  да  көрген 
жоқ,  айында-жылында  ауылға  ат  басын  бұрғанында  қаздай 
тізіліп  барып  иіліп  сәлем  беретін,  батыс  пен  шығыстың  екі 
ортасында жер қайыстыра сыңсып жатқан сан түрлі халықтың 
бары  мен  жоғын  түгендеп,  айтар  әңгімесін  тыңдап,  қазақтан 
осыншалық  ғұлама  ұл  туғанына  қуанып,  тәубелеп  қайтатын, 
осы  жолғы  сапарында,  баяғыдағыша  әлем  туралы  әңгімені 
судай сапырған жоқ. Әркіммен де әлді, әлсіз демей тең санап, 
жарқын  жүзбен  есендік-саулық  сұрап  болған  соң,  жіптелініп 
басталған әр әңгімені бұйдаламай, ебін тауып шорт қайырып 
отырды. Алыстан келген азаматтың көңіл қошы аздау жүзінде 
мазасыздық  барын  сезген  ел  адамдары  бұрынғыша  көп 
ереуілдей қойған жоқ; тек қаладан оқта-текте ұзын құлақпен 
жетіп  жатқан  жаңалықтың  рас,  өтірігін  білмектей  әуестік 
жеңіп, бірер сұрақ қойып үлгерісті. Көбінің көңілін күптеген 
жыл  басынан  бері  даланы  даңғазаға  айналдырған  «Түркісіб» 
деген шойын жол жайы. Осы шойын жолдың ауы мен бауын 
қазбалаған сұрақ Дарханның ай бойы құлақ етін жеп еді, енді 
міне дөкейдің өзі келіп, жаны тыныш қалатын болды.
Екіндіге  таянғанда  ел  аяғы  басылып  Омар  отауының 
маңында  тірі  жан  қалмады.  «Ерекең  қаладан  сырқаттанып 
келген екен, маза берсін» деген бәйбішенің әмірі баяғы өкімет 
орнамай тұрған кезіндегідей әмірлі естілді. Ешкім тырс етіп үн 


қатқан жоқ, бет-бетіне тарай бастаған. Қыл аяғы осы ауылдың 
итіне  дейін  алысқа  апарып  байлап,  алдына  ас  құйып  бабын 
тапты.
Еркіннің осы жолғы суыт сапары тегін емес еді. Оның бұл 
асығыстығын әккі әке түнде-ақ сезіп, үлкен қауіп еткендей төр 
алдында төңкеріле түсіп жатты. Қалың Мұрын-сыбан ішіндегі 
аяқтыға  жол,  ауыздыға  сөз  бермей  келген  Омардың  он  сегіз 
қанатты киіз үйі Аягөз өңірін ғана емес, түу Семей уезіндегі 
атқамінерлердің бәрі-бәрін таңдай қақтыра тамсантқан атақты 
отаулардың бірі. Оны байдың өзі де зор мақтан, үлкен бедел 
тұтатын.  Жер  басып  жүрген  соң,  көптің  бірі  болып  қойторы 
тірлік кешу Омар үшін намыс, дүниенің қоры болып сезілетін. 
Ежелден  жаңалықшыл,  оқ  бойы  озып  отырар  бәсеке,  егеске 
жаны  құмар  мінезі  қартайғанша  қалмай,  үзеңгілесінің  алды 
болуды балаларына сабақ етіп, бойларына дарытып өсірді. Тіпті 
жас көзінде-ақ осы елдегі небір мыңғыртып мал айдаған шіріген 
байдың  мынау  деген  бикештерін  менсінбей,  сонау  Семейде 
мұсылман  медіресесінде  дәріс  алып  жүрген  жылдарда  татар 
саудагерінің ай десе аузы, күн десе көзі бар маңдайға басқан 
жалғыз қызына құрық салған. Әкесі Кенже өзі айттырған қызға 
қарамай,  іргелес  отырған  атақты  шонжар,  Абайдың  өзімен 
дәмдес болған Көкебаймен кетістіргені үшін ұлының өзімшіл, 
өркөкіректігін  өле-өлгенше  кешірмей  кетті  бұл  дүниеден.  Не 
керек, Омардың ойы қара танымай кеткен қайран әкесінен гөрі 
озық шығып, алысты көре білді. Қайын атасымен жеңұшынан 
жалғаса, тізелесе қимылдап Семей уезіндегі болыс атаулының 
алдына  түсті.  Анау  Абаймен  дәмдес  болған  Көкебай  секілді 
қылқұйрықтың  амандығына  мәз  болып,  сырты  түк,  іші  боқ 
хайуанды  алдына  сап  әрі  айдап,  бері  айдап,  ысқырығы  жер 
жарып,  құрбекер  дөңайбат  жасаған  жоқ.  Тіпті,  ол  секілді 
болыстыққа таласып, өлген адамды тіріге санап, тізімге кіргізіп 
абақтыға  да  қамалмады.  Совет  өкіметінің  тықыр,  сезілмей 
тұрып-ақ Қазан шаһарында оқып жүрген ұлынан бір зауалдың 
төнерін иіскеп білген де, малының тең жартысын қайын атасы 
арқылы Семейдің базарына өткізіп, пұлға, алтынға айналдырып 
жамбасына  басып  алған.  Енді  міне,  сол  өз  көрегендігіне  өзі 
риза болғандай, төбесінде төңкерілген шаңыраққа қарады. Ақ 
қозының жүнінен бастырып, күйген сүйектің күлімен бояған 


он сегіз қанатты үйдің киізі ептеп сарғаяйын депті, сарғылтта- 
найын депті. Торкөзден құрастырған керегенің күміс бастары 
да  уықтың  иінін  әрең  ұстап  тұрғандай  тозаңқы.  Ал,  уықтың 
шаңырақты саусағына сұғып алып тас қылып жібермей тұрған 
қарын күн бе, тебін бе, әбден ыстап, бір кездегі сән-салтанатын 
көсегендей ме-ау... Омар терең күрсінді де шаңырақтан көзін 
тайдырмай  анау  алақандай  аспанды  крестеп,  айқыш-ұйқыш 
торланған күлдіреуішті көздеді. Аспан бүгін таза екен, кісінің 
көңіл-күйі хош емес, морыққан, қайдағы бір қара басқан күні 
көктің  де  шабытсыз  кезде  шалқалаған  арудай  өстіп  мелшие 
қарайтыны жаныңа тиеді. «Еркін неге асығып келді екен, әкесі 
өлгенді де естіртеді, айта салмай ма» – осы ойдың шылауымен 
аунап түсіп, біраз жатты да әлгіден бері ләм демей қолындағы 
қағазға шұқшиып отырған ұлына сұқтанды. «Сайтан, шешесіне 
тартқан көрікті-ақ» деп өз баласының келбетіне өзі сүйсінді.
Әшекейлеп боялған сықырлауық ептеп ашылып еді, қолында 
дөй тегене қымызы бар Рахия аттады табалдырықтан. Дөнен 
қымызға  малтыған  үйрек  ожауды  бұлғақтата  келіп  есіктен 
төрге дейін төсеген ақ киіздің шетін ала жайғасты. Осы үйдің 
жаңа түскен келініндей аса сыпайылықпен бір тізелей шоқиып 
отырып,  қымызды  сапыра  бастады.  Қимылы  майда  болса  да 
құлағындағы  шұжық  сырғасы  жарасымдылықпен  тербеліп, 
үзіліп кетердей болып сәнмен ырғалады-ай. Күзге айналған соң 
Ақжайлаудың  күні  де  сыз  тартып,  салқындай  бастаған,  әмбе 
киіз үйдің ішіне күннің сәулесі түспей шытқылтым суығы бар. 
Төрдің  сол  жағында  астына  торқа  көрпе  салып,  шынтағына 
құс жастық таяна бір жамбастап қағаз қарап жатқан Еркін тық-
тық  жөтеліп  барып  тамағын  кенеді.  Әлі  ешбіріне  де  қымыз 
құя  қоймай  құр  сапырып  қана  отырған  бәйбіше  әдемі  қара 
қасын кіреукелендіре ұлына қарады да, орнынан келіншектей 
инабаттылылықпен лып етіп тұрып, адалбақанда ілулі тұрған 
тайжақты ішікті алды.
–  Жеңіл-желпі  жүріп  кеудеңе  суық  тигізіп  алыпсың-ау, 
ұлым. 
Ішікті  Еркіннің  арқасына  қымтай  жауып,  көлбіреп  өз 
орнына  қайтып  барды.  Қазақ  қатындарындай  емес,  қалада 
өскен,  жүріс-тұрысы  еркін,  күйеуінен  көп  имене  қоймайтын 
Рахия ләм демей бүк түсіп жатқан Омарды ала көзімен ата:

4
– Толғағың қысқандай неғып иленіп жатырсың?! Алыстан 
арып-ашып келген баламен әңгімелесіп, қал-ахуалын сұрайды 
екен десе... бейшара.
Тағы да ешкім жақ ашпады. Жақ ашпаған соң сөзі далаға 
кеткен Рахия қолындағы ожауын тегененің шетіне ұра тастай 
беріп атып тұрды:
–  Аузындағы  маржаның  төгіліп  кетсе,  ал  мен  кеттім! 
Қымызды өздерің құйып ішіңдер... – Бәйбішесін есікке дейін 
жанарымен  ұзатып  салған  Омар  «қазақ  қатындарын  менсін- 
бегендердің көрер күні осы» деді ішінен. Бұдан соң жосамен 
боялған керегені сипалап, көктердің түйіншек басына кигізген 
күміс  шытырашты  шұқылады.  Бұл  әлі  мықты  екен...  Баян- 
сыздығын уайымдағандай қабағын кіржитіп барып саусағымен 
сырт  еткізіп  шертіп  қалды.  Қақ  төрдегі  тұтылған  кілемге 
ілінген  селебе,  он  қара  беріп  жасатқан  домбыра,  анау  алтын 
сағалы қанжар, күмістеген шиті мылтық, бәрі-бәрі көп жылдан 
бері  қол  тимей  жетімсіреп  тұрған.  Омардың  оқшантайы  мен 
әшекейлі  күміс  кісенін  тағынбағалы  қашан?  «Тақпа!»  деп 
айтқан адам жоқ, жаңа заман орнап, құл-құтан, кедей-кепшік 
кердендегелі бері зауқы соқпаған. Енді, міне, сол қимас асыл 
заттарымен мүлдем қоштасқандай, мұңлы жанармен жабырқай 
зер салды. Төс қалтасынан алтын баулы сағатын алып, тамағын 
кенеп: 
– Иә, ұлым, – деді кеудесін көтеріп. – Сөзді сен бастасаң 
мен  қостаймын  ба  деп  едім,  тілің  кесілгендей  жақ  ашпадың. 
Аман-сау келдің – қуандық, бірақ неге келгеніңді біле алмай, 
мүрит болып отырмын. Бұл сенің келгеніңді көпсінгенім емес, 
жөн-жосығыңды айтпай, бұралап жатып алғаныңа ыза болып 
тепсінгенім ғой.
Шешесі  жауып  кеткен  тайжақты  ішікті  бүркене  түсіп, 
шаршаңқы  жанарымен  әкесіне  қарады.  Бет  пішінінде  әкелік 
мейірімділіктен  гөрі  жатсыну  бар  екен.  Қитығыңқырап, 
ішінде бүлк-бүлк қайнаған ашуын зорға деп іркіп тәк-тәкпен 
отырғандай.  Әке  ашуы  тіпті  де  өзіне  арналмағаны  анық. 
Дегенмен, одан әрі қоздата түсуді жөн көрмеді білем, әдетінше 
көзілдірігін түзеп, тамағын кенеп сөз бастады.
– Әке, сіз бен біз үнсіз тілдесіп, айтпай түсінісіп отырған 
жоқпыз ба? Шешенің жөні бір басқа... Мынау ақ орда, – алтын 
қордаңызды қимай, қия алмай қиналасыз, амал не, түбі дүние 


боқты қиясыз. Түу Семейден алаөкпе болып амандық үшін ғана 
келмегенімді тағы сезесіз. Мынау қолымдағы қағаз, әке, сіздің 
енді  қалған  байлығыңыз,  бұдан  былайғы  өмірлік  серігіңіз, 
жолбасшы жолдасыңыз болады.
– Аллата ғаладан соң шимайы көп ала қағаздан қорқушы 
едім, ұлым. Амалым не...
– Ендеше маған жақындаңыз, – деді Еркін. Малдас құра жай- 
ғасып  отырды  да,  қолындағы  картаны  төр  алдына  жайып 
салды.
–  Ең  әуелі  айтар  хабарым  –  сіз  үшін  қаралы...  (Түйіліп 
барып,  көзілдірігін  ақ  жібек  орамалмен  ықтияттап  сүртті). 
Қазақ ССР Орталық Атқару Комитетінің ірі бай-манаптардың 
мал-мүлкін конфискелеп, өздерін жер аудару қаулысы шықты... 
Сентябрьдің  алғашқы  күні-ақ  өз  күшіне  енеді,  яғни  тәргілеу 
басталады. 
– Сентябрің қыркүйек пе, ұлым? – деді Омар. Баласы жалт 
қарап еді, таң қалды. Әкесінің өңі сол қызылшырайлы қалпы 
түк өзгермеген, ертек тыңдап отырғандай шырайын бермепті. 
Осыншалық саппастығына әрі сүйсінді, әрі «осының есі дұрыс 
па»  дегендей  қауіптенді.  Жо-жоқ,  әкесі  бұл  ойлағандай  осал 
адам  емес  екен,  беті  бүлк  етпестен  әр  сөзді  салмақтап,  өзі 
екшеп пікірін қоса жарастырып отыр.
– Көшпелі аудандарда төрт жүзден астам, жартылай көшпелі 
ауданда – үш жүзден, ал отырықшы жерлерде жүз елуден асқан 
малы  бар  байлар,  ханның,  сұлтанның  ұрпақтары  конфискеге 
түседі. 
– Менің малым үш жүзден кем және менің жерім жартылай 
көшпеліге жатады, сонда...
– Сонда да түсесіз, сөзіңізді бөліп жібергенім үшін кешіріңіз, 
әке. «Менің жерім» деген ұғымыңыз да түбірімен қате.
– Менің қатемді түзейін деп келіп пе едің?! Омарды енді 
көр ғана түзетер, – даусы қаттырақ шығып, қомдана отырды. 
– Әзірейіл келсе де әзірмін. 
–  Жоқ,  әке,  сіз  әсте  де  әзір  емес  екенсіз.  Әзір  кісі  бұлай 
сөйлемес  болар.  Конфиске  туралы  заңды  мен  шығарғандай 
ашуланасыз. Маған салса осы заңды шығарған адамның өзін 
заңға  тартып  жіберер  едім,  амал  не,  жалғызбын,  әйтпесе 
көрмей, білмей отыр дейсіз бе? Әсіресе, маған түсінікті бәрі. 
Совет  өкіметін  нық  орнатқан  Лениннің  өзі  сол  патшаның 

49
заң-зәкүнін зерттей келе қатесін тауып, өзінің заңын ұсынды 
емес  пе?  Мен  де  сол  Қазан  университетінде  Ленин  оқыған 
факультетте оқыдым. Қайтейін, әке, ішім қазандай қайнайды, 
күресерге  дәрмен  жоқ.  Алаш  деп  аңдыздаған  азаматтардың 
қай-қайсысы да шілдің боғындай пышырап кетті бүгінде. 
Жер  шұқығандай  болып  өзгеше  бір  қамықты  пішінмен 
үнсіз отырып қалды. Одан кейін әлдене есіне түскендей мырс 
етіп күлді. Күлді де айтты: 
– Баяғыда бір сорлы айтқан екен: «Жұлқынғанда қолымнан 
не келеді, еңкейгенде артымнан жел еседі» депті.
– Сенің шалбарыңның құйрығы жыртық емес, бүтін секілді 
еді, ұлым? – деді Омар сыңар езулеп, таудан да, тастан да қайт- 
пай жағаласып, жанұшырып жүретін ер мінезді жалғыз ұлы- 
ның мұншалық мүжіліп, салы суға кете омырылуы қытығына 
тиді білем, қырсықтана сұрады.
– Шалбары бүтіндердің емес, әке, шалбары жыртықтардың 
заманы бұл.
–  Оны  өзім  де  білем.  Менің  білмей  отырғаным,  кәмпіске 
деген  заңды  әбден  бауыздауға  тақағанда  ғана  естірткенің. 
Енді  қалған  бір  жұмада  не  қайла,  қандай  тосқауыл  жасап 
үлгіреміз?..
– Ол заңның шыққанына, біздің құлаққа тигеніне екі-үш-ақ 
күн болды, әке. Ести сала құс болып ұшқаным осы. Одан артық 
өл дейсіз бе? Жазықсыз күйдіресіз-ау тіпті кейде.
– Сенбеймін. Жаман күйеу қайынсақ деп, әтиің мен әниіңнің 
ыстық самсасын қиып кете алмадың ба деп күдіктенем. – Омар 
баласының  ең  босаң  жерінен  ұстадым-ау  деп  еді,  өзінің  де 
сіркесі  су  көтермей,  түлен  түтып  отырған  Еркін  шарт  кетті. 
Өмірі бетіне келмеген әкенің орынсыз шымшылауы шымбайына 
батқан.
– Әти мен әни деген әнді сізден көп айтпаған шығармын... 
Менікі  сол  сіз  бастап  берген  әннің  қайырмасы  ғана...  соны 
қайталау ғана.
–  Мен  татардан  қатын  алсам  –  ол  сенің  шешең,  Құдайға 
шүкір үш баланың анасы. Келінім секілді пұшпағы қанамаса 
да кердең қағып, кепиетсіз жүрген жоқ. Шүкір, біздің бәйбіше 
қазір  қайдан  шыққанын  да  ұмытып  қалды.  Мен  болсам,  сен 
құсап Ратима деген бізаяқтың үйіне кіріп алғаным тағы жоқ. 
«Қайындағы  күйеуден  қарғыбаулы  тазы  артық»  деп  айтқан 

50
айналайын  аталарым  не  деген  әулие.  Аттай  бір  жылдан  бері 
ат басын бұрып отырғаның осы. Не ескіге, не жаңаға пайдаң 
жоқ, соншалық мол біліммен сандалып, далада қаласың ба деп 
қорқамын, ұлым.
Ойына  не  түскенін  кім  білсін  Еркін  үн-түнсіз  әке  сөзін 
қарымтасыз  қалдырып  шаңыраққа  қарады.  Бұл  қылығы 
көлденең көзге су ішкен тауықты еске салғандай. Жалғыз ұлы 
мен екеуарадағы әңгіме ушыға жаздап барып байыз тапқанын 
және бітімге шақырған өзі емес, баласы екенін Омар енді аңдап, 
өзінің артық айтып қойғанын іштей мойындаған да еді.
«Қызық-ау, – деп ойлады Еркін ішінен, – қызық-ақ, шаңы- 
рақтың  айқұш-ұйқыш  күлдіреуіші  христиандардың  кресіне 
қандай ұқсайды». Осы оқыс ұқсастықты жаңа осы отырысында 
ғана  байқағанына  қайран  қалды.  Осы  ой  жеңген  ол  әкемен 
арадағы  кикілжің  әңгіме  ұмытылғандай,  бой-бойы  босап 
сергігендей  болды.  Ұлының  анау  шыбықтары  шабысқан 
шаңырақтан  не  іздеп  отырғанын  білмей,  немесе  ұлының 
көмейінде  тұншығып  жатқан  сыры  мен  шынын  дөп  баса 
алмай  дал  болды.  Әуестік  жендеп,  өзі  де  жоғары  қарап  еді, 
көкпеңбек аспанды төртке бөлген күлдіреуіштен өзге ештеңе 
көрмеді. Өзінің өрескел қылығын кеш, енді ғана түсінген Еркін 
меңірейіп  төбеге  қараған  көзін  төмен  түсіріп  жіберді.  Жалт 
қараса, қызық, әкесі де шаңырақты арбап отыр екен. Үндеген 
жоқ,  «не  көрдің»  деп  сұрамады  да.  «Қарасын,  –  деді  ішінен, 
қарай берсін, қарап қалсын, қоштасқаны шығар».
– Әуеден не жаумайды, қара жер көтермейді... – деді Омар. 
Күрсініп таусыла айтты.
–  Ол  не  дегеніңіз,  әке?  –  деді  Еркін.  –  Құдай  салды,  мен 
көндім дегеніңіз бе? 
–  Өгізім  көзіңе  айтам,  мен  сені  соямын  деп  тұр-ау  бұл 
советің.  Қара  мойын  құлыңмын,  қанды  қолды  ұрыңмын  деп 
аяғына жығылғаннан өзге амалды көре алмай отырмын. Бәрі 
де бір Алланың жазуы да.
–  Құдай  жан  алған  емес,  –  деді  Еркін  көзілдірігін  сұқ 
саусағымен көтеріп. Бұл – негізгі әңгіме енді ғана жүйесін тапты 
деген ыңғайы сынды. – Қайта адам бойына жан салған. Ал сол 
Алла тағала берген жанды жаһаннамға жіберетін адамдардың 
өздері. Баяғыдан қалған қазақтың бір аңыз сөзі бар екен.

51
–  Алла  дегенді  ауызға  алмаушы  едің,  Семейдің  бас 
имамдығына  сайланғаннан  саумысың,  –  деп  және  қиқарлана 
қалды.  Бірақ  ұлының  бүгінгі  мінезіне  таң  қалып,  мүлдем 
танымай  отырғаны  рас-ты.  Тек  онысын  сездірмегенсіді.  Дәл 
қазір  анау  төрдегі  малдас  құрып  отырған  жігіт  күні  кешегі 
қара  қаттау  киіп,  қара  таяқ  ұстаған,  Керенскийдің  өзімен 
айтыстым деп мол пішіп, кесек турайтын өз ұлы Еркін емес, 
қойнындағы құранын ұрлатып алған шала сауатты қожа-молда 
десе иланатындай жатсынған сезімде. «Апыр-ай, – деді ішінен, 
–  апыр-ай,  кісі  дегенің  заманға  қарай  түлейді  екен-ау».  Осы 
кезде сықырлауық есік сыңсып ашылды да, ит қабатындай сып 
етіп Оспан ауылнай кіріп келді. Ежелгі әдетімен:
– Тайын ерткен танадай боп жарасып отырыстарыңыз-ой, 
пах-пах! – деді арсалаңдап. 
Еркін күліп жіберді. Бай жақтырмай тыржың етті де: 
–  Албасты  басып  жүр  ме,  танада  тай  болушы  ма  еді... 
Қайдағыны  оттайды  екенсің!  –  деп  зекіп  тастады.  Онысы  ә 
дегенде бетін қайтармаса, мыжып отырып алар деген жымысқы 
ойы еді. 
– Бәрібір емес пе, – деп ырсың қақты Оспан.
– Бәрібір болса ары тұр, жарқыным. Бір жылда бір-ақ рет 
көріп отырған ұлыммен сөйлесуге мұрша беріңдер. 
–  Ой,  ақсақал-ай,  өзімсініп  келіп  қалып  едім,  жарайды...
жарайды... Ойбай-ау, жеңешемнің қымызы мөлдіреп сол қал- 
пында  тұр  екен-ау.  –  Тостағанға  толтырып  қымыз  құйып,  
басына  төңкере  салды  да  тілімен  ернін  бір  жалап,  жеңімен 
ауызын  сүртті.  –  Ал  аттанайын,  ауданнан  өкіл  келді  деп 
еді,Омеке, сіздіңүйге түсірсем қарсы емессіз бе?
– Мен бүгін Құдай келсе де қабылдай алмаймын. Анау кім 
еді әлгі... әлде бақсы, әлде жын...
– Қамбарды айтасыз ба, Омеке?
– Иә, сол сойқанның үйіне апарасың. Актеб болып, ауылды 
алатайдай бүлдіріп жүр ғой. 
–  Ол  итті  орнынан  түсірдім,  аға,  –  деп  жалп  етіп  қайта 
отыра кетті де, тағы да бір тостаған қымыз құйып алды: – Түу, 
таңдайымда бір жабысқақ шел бар еді, рахат болды-ау.
– Қалайша? – деді Омар елеңдеп.
– Сельсоветтің хатшылығына жарамайсың дедім, бойында 

52
феодализмнің  қалдығы  бар  дедім,  аға.  Ескілікті  көксеп, 
алтыбақан  құрдың,  ақ  сүйек  ойнадың  дедім,  аға...  пиғылың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет