1864 жылы Жаркент уезі Байынқол облысы, қазіргі XIX парт-съезд ауылында туған. Қазыбек батыр 1916 жылғы Албан көтерілісінде ел басқарған. 1920 жылдары туған жерін ақтардан азат еткен. Қарқара көтерілісінің қахарман ұлы әрқашанда елдердің естерінде сақталады.
Мәмбетұлы Жәмеңке – шешен би
1830 жылы Жаркент уезі Текес елді мекенінде туған. Албанның атақты биі көсем сөздің көселі ұстазы Жәмеңке шешен айтыпты деген ойлы-сөзді әңгімелер ел ішінде көп.
Жетісу өлкесін билеген Тезектөре Қарақара жәрмеңкесінде Албан елін басқарған азаматтармен кездескеннен кейін Жәмеңке жайлы
"Шіркін – ай, адамзатқа сирек бітетін дене бітімі бар екен – ау. Мойын омыртқасы бүкіл денесімен тұтаса біткен тапқыр сөздің жүйрігі екен. Алдына адам салдары қоймас" – депті. Ақпатшаның әділетсіз саясатына елді басқарып қарсы шыққан көсем. Алқа топтың алдында, солдатқа бермек бала өледі. Бермесек шал өледі. Өлсе шал өлсін, бермейміз деп еліне басшылық жасаған. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың "Қилы заман" көркем туындысында Жәмеңке батыр тапқырлығымен сомдалады. Жәмеңке батыр Қырғыз республикасындағы Қарақол қаласындағы ақпатшалардан қаза тапқан зираты Қарақолда.
Ұзақбайұлы Монай – халық көтерілісінің қолбасшысы
1883 жылы Жаркент уезі Байынқол облысы, Сарықаптал елді мекенінде туған. Жасында орысқа малай болған, орсы тіліне жетік. 1916 Қарқара жәрмеңкесінде Ұлт Азаттық көтерілістің қолбасшысы. Осы көтерілісте қаза болған. Зираты туған жерінде.
Ахметов Әділ Құрманжанұлы – ғалым
1941 жылы 23 мамырда Алматы облысындағы Райымбек ауданның Нарынқол ауылында туған. 1958 ж. орта мектепті бітіргеннен кейін Алматы шетел тілдері институтының ағылшын тілі факультетіне түсіп, оны 1963 жылы ағылшын және қазақ тілі мамандықтары бойынша үздік тәмамдап, сол жоғарғы оқу орнында жұмысқа қалдырылды.
1963-1997 жылдар аралығында ол аталмыш институттың қатардағы мұғалімі, аспиранты, аға мұғалімі, доцент, профессоры, декан орынбасары, деканы, оқу ісі жөніндегі проректоры, және ректоры қызметін атқарды, жоғары білім саласына тән ғылыми-педагогтік жұмыс баспалдақтарынан өтіп, еліміздің ішкі және сыртқы сұраныстарына қажет шет тілі мамандарын даярлауға сүбелі үлес қосты.
1992 ж. Алматы педагогтік шетел тілдері институтының ректоры болып тағайындалды. Бұл қызметте осы жоғары оқу орнының мәртебесінің биіктеп, Қазақ мемлекеттік әлем тілдері, кейіннен
Абылай хан
атындағы
Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар
және әлем
тілдері
университеті болып қайта құрылуына,
Университеттің материалдық – техникалық базасының бекіп, халықаралық байланыстарының күшеюіне, ғылыми-педагогтік қызметкерлер құрамы мен саласының нығаюына, жаңа факультеттер мен бұрын қолға алынбаған онға тарта жаңа шет тілдері мамандықтарын даярлайтын факультет және кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғайтын университеттің ғылыми кеңесінің құрылуына көп еңбек сіңірді.
Ол әкімшілік және ұстаздық қызметті ғылыми жұмыспен ұштастыра отырып, филология саласы бойынша 1973 жылы кандидаттық, 1995 жылы докторлық диссертация қорғады. Ғылымның ғылыми басылымдарда жарық көрген еңбектерінің жалпы көлемі 150 баспа табақтан асады.
1995 жылы Қазақстанның және Ресей Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының мүшесі.
1990 – 1992 жылдары Америка Құрама Штаттарының Аризона штатындағы Тсон қаласында уәкілдік қызметте болды. Сол жылдары "Халық кеңесі" газеттінің штаттан тыс тілшісі қызметін қоса атқарды.
1995 жылдан Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі әрі осы Одақтың сол жылғы Бейімбет Майлин атындағы сыйлығының жүлдегері.
1997 – 1998 жылдары Қазақстан Республикасы Білім Комитетінің төрағасы және 1999-2000 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министірінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.
2000-2001 жылдары ол Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі, Ирландия Республикасындағы, Норвегия Өкілетті Елшісі қызметін атқарды. Еліміздің сыртқы саясатын іске асыратын дипломатия саласында да нәтижелі қызметтер жасады.
Бүгінде ол Қазақ-Британ техникалық университеттің ректоры. Әділ Ахметов қоғамдық жұмыстарда. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жөніндегі Ұлттық комиссиясының мүшесі, Білім және Ғылым Министрлігінің қасындағы "Қазақстан жоғарғы мектебі", "Ғылым академиясының хабарлары", "Қазақстан мектебі" журналдарының алқа мүшесі. Көркем аудармамен де айналысады. Ағылшын тілінен тікелей қазақшаға Агата Кристидің таңдамалы
әңгімелерін, Ауған халық ертегілерін т.б. тәржімеледі. Олар жеке- жеке кітап болып басылып шықты.
Бүгінде ұлағатты ұстаз, ғалым, дипломат "Қазақстан Республикасы білім саласының үздігі", "Астана" және "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл" медальдарының иегері.