Бейорганикалық химияны оқыту әдістемесінің жазбаша емтихан сұрақтары


Силикат өнеркәсібін оқудың жалпы әдістемелік ұстанымдарын атаңыз Оқушыларды тас көмір, мұнай, газ өндіру өнеркәсібімен таныстыру жолдарын сипаттаңыз



бет13/47
Дата07.02.2023
өлшемі170,06 Kb.
#65741
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47
Байланысты:
Бейорганикалы химияны о ыту дістемесіні жазбаша емтихан с ра

16. Силикат өнеркәсібін оқудың жалпы әдістемелік ұстанымдарын атаңыз Оқушыларды тас көмір, мұнай, газ өндіру өнеркәсібімен таныстыру жолдарын сипаттаңыз.
Табиғи силикаттар мен алюмосиликаттар силикат өнеркәсібінің негізгі шикізаты болып саналады. оның басты салалары: шыны, цемент, бетон, қыш өндірістері.
Шыны өндірісі адамға өте ертеден белгілі. Шыны деп натрий мен калий силикатының артық мөлшердегі кремнеземмен аморфты мөлдір құймасын айтады. Әдетте, кәдімгі терезе шынысын даярлау үшін шикізат ретінде әктас СаСО3, сода Na2CO3 және құм SiO2 алынады. Осы заттарды айрықша пеште 1400оС-та балқытуды шыны қайнату деп атайды. Бұл процестің негізгі силикаттарға айналуы: СаСО3+SiO2=CaSiO3+CO2 Na2CO3+SiO2=NaSiO3+CO2
Шынының құрамы өте күрделі, сондықтан кәдімгі шыныны мынадай формуламен өрнектейді: Na2O*CaO*6SiO2 Ал осы кәдімгі шыныны алу реакциясының теңдеуі: Na2CO3+CaCO3+6SiO2=Na2O*CaO*6SiO+2CO2
Шыны өндіретін зауыттар Алматыда, Таразда, Ақтөбеде бар. 
Силикат өнеркәсібінің маңызды бір өнімі-құрылысқа өте көп пайдаланылатын цемент. Оны алу үшін сазбалшық пен әктасты күйдіреді. Осы кезде кальций карбонаты СаСО3кальций оксиді мен көміртек диоксидіне ыдырайды. Ал негіздік оксид сазбен әрекеттесіп силикат пен кальций алюминатын түзеді. Оны былай жазуға болады: СаО*Al2O3*SiO2.Бұдан алынған қоспаның ұнтағы сұрғылт жасылдау болады, оны силикат-цемент дейді.
Басқа оқу материалы тәрізді химиялық өндіріс ең алдымен сабақта өтіледі.Химияға қызығатын оқушылар үшін «Өнеркәсіптегі химия» деген факультатив ұйымдастырылады.Бұл фаукльтативтің бағдарламсы,оқу құралын және әдістемелік талдаулары жасалған.Өндірісті нақтылы оқып,үйренетін оқу жұмысын ұйымдастырудың ең тиімді түрі-топсеруен.Жергілікті өндірістерді зерттеу оқу-өнірістік сарамандықтары кезінде жүзеге асырылуы мүмкін.Өндіістік материалдармен тереңірек танысуда сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор.Химиялық өндірістерге арналғанполитехникалық кештер өткізіледі.Химия үйірмесінің мүшелеріжергілікті өндіріс орындарын тыңғылықты зерттейді.
Аталған оқу жұмысын ұйымдастырудың түрлерінде сөз,сөз-көрнекі,сөз-көрнекі-сарамандық әдістер қолданылады.Бастапқыда өндірістік материал суреттеме және трихи суреттеме тәсілдері арқылы баяндалады.Мұнда мұғалім кестелерді,макеттерді,фильмдердірджі,диафильмдерді,диапозитивтерді пайдаланып,білімді дайын күйінде хабарлайды.
Өндірістік материалдарды ойдағыдай игеругедің пәрменді құралы -өндірістік мазмұны бар есептер шығарту.Бұл есптер шикізат пен өнім арасындағы сандық қатынастарды терең аңғаруға,технологиялық процестер кезіндегі ысырапты,өнімнің шығымын,шикізаттардың қоспасын ескере білуге үйретеді.Мұның бәрі өндірістің өнімділігін есептеуге айлық және жылдық жұмысын жоспарлау үшін қажет екендігіне оқушылардың көздерін жеткізеді.
Қазақстандағы газ, мұнай және тас көмір қоры жөнінен әлемдегі табиғи ресурстары бай елдердің қатарына жатады.Көмірсутектің отын, мұнай және табиғи газ бүкіл әлемнің өркендеуінің өзегі болып отыр. Қазақстан әлемдік рынокқа көмірсутекті, отынды шығарушы елдердің бірі.
Тас көмір – Қазақстанның энергетикалық ресурстарының негізгі түрі. Республиканың отын балансындағы оның арасалмағы 70 пайызға дейін. Қазақстанда жалпы геологиялық қоры, шамамен 160 миллиард тоннадай болатын тас көмірдің, кокстелетін көмірдің, қоңыр көмірдің түрлері бар.Қазіргі кезде республикада, жалпы алғанда 400-дей кен орнынан жылына 100 млн тоннаға жуық тас көмір мен қоңыр көмір өндіріледі.
Мұнай мен газ- көмірге қарағанда –жану жылуы жоғарғы отын әрі химиялық өнеркәсіп үшін бағалы шикізат. Қазақстанда алғаш рет мұнай бірінші рет дүниежүзілік соғыс кезінде досор, Ембі және Мақатта өндірілді. Қазіргі кезде Қазақстанда 160-тай мұнай кен орны жұмыс істейді. Ал 60-қа жуық кен орында зерттеу жүргізілуде.Негізінен, республикамыздың батыс өңірі – мұнайлы өлке болып табылады.
Табиғи газ өндірісі- Қазақстанның ең жас өнеркәсіп саласы. Табиғи газ, негізінен, Маңғыстау түбегінде, Ембі алабында, Орал, Атырау кеніштерінде өндіріледі.2001 жылы Жамбыл облысында Амангелді кен орны ашылды. Қазақстан аумағындағы барлық газ қоры – 9,5 трлн м болып есептеледі.Оның 68 пайызы Батыс Қазақстан облысында орналасқан.
Халық шаруашылығын химияландыруға байланысты оқу материалын өткенде мынадай әдістемелік тәсілдер қолданылады:
1.Жеке тақырыптардың мазмұнын деректі материалдармен байыту.Химиялық өндірістерді және металлургияны оқытқанда олардың қолы жеткен табыстарын кеңінен көрсету.Осы мақсат үшін Орталық Санақ бөлімінің анықтама мәліметтерін, жергілікті өндірістің материалдрын пайдалану.
2.Жүйелі түрде жиналған материалдардан түсті плакаттар,диаграммалар,графиктер,кестелер әзілеу,оларды тиімді пайдаланудың ұйымдастырудың түрлерін және әдістерін іздестіру.
3.Оқушыларға сабақтарда жасайтын хабарлама және баяндамалар әзілету, іс-әрекет ойындарын ұйымдастыру.Ол үшін ғылыми-көпшілік әдебиеттерін мерзімді баспасөз материалдарын толық пайдалану.
4. Толық шаруашылығын химияландыруға арналған тақырыптық кештер өткізу,үйірме жұмыстарын ұйымдастыру викториналар әзірлеу және қабырғаға газеттерін шығару.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет