Бейорганикалық химияны оқыту әдістемесінің жазбаша емтихан сұрақтары


Бақылау - химиялық объектілерді зерттеу мақсатында мақсатты қабылдау



бет5/47
Дата07.02.2023
өлшемі170,06 Kb.
#65741
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
Бейорганикалы химияны о ыту дістемесіні жазбаша емтихан с ра

6.Бақылау - химиялық объектілерді зерттеу мақсатында мақсатты қабылдау.
Бақылау әдісінің химияда атқаратын рөлі: оның мақсаттылығы, жоспарлылығы, таным объектісін сипаттау және таным объектілерін өзгертуге бағытталған қызметтің болмауы.
Бақылау - зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаттары мен міндеттері объектісін, жүргізу әдісімен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде шығпрмашылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми бақылау зерттелінетін педагогикалық құбылысты дұрыс әрі дәл жазып алуды талап етеді. Сондықтан бақылаудын нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және сауаттылығына байланысты.
Зерттелінетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарсы бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады. Оқу - тәрбие барысында жалпы мәселелерді зерттеу үшін бақылау әдісі пайдаланылады.
оқушының іс-әрекеті мен мінез - құлқын зерттеу үшін бақылау әдісі қолданылады. Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін түрлі формулалар,кестелер, сұлба әсіресе техника құралдары кеңінен пайдаланылады.
Педагогикалық бақылау материалдарын анкета мәліметтерімен де толықтырады. Бақылау әдісі бұл педагогикалық құбылыстың ішкі процесі оқушы санасында болатын психикалық процесс жайлы толық мәлімет алу үшін қолданылатын әдістердің бірі.
Бақылау әдісінің педагогикалық мәні - оқушыларға дер кезінде көмек көрсету, олардың шығармашылық қабілетіне сенім білдіру. Бақылаудың бірнеше түрі бар. Олар: тақырыптық бақылау, тараулар бойынша жүргізілетін және қорытынды бақылау
Бақылау әдісі бұл оқу бағдарламасындағы белгілі бір тақырыптар бойынша өткізіледі. Бақылау әдісінің мақсаты- оқу бағдарламасы негізіндегі бақыдау жұмыстары мен түрлі техника құралдар арқылы әрбір тоқсан аяғында оқушы білімінің сапасын, дағдысын анықтау.
Оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет. Олар өзін-өзі бақылау арқылы біліміне сенімі артып, орындаған жұмыстарының нәтижесін бағалайтын болады.
7.Химиялық эксперимент – химияны оқытудың арнайы әдісі екенін сипаттаңыз. Оқу үрдісіндегі химиялық эксперименттің танымдық мәні және оның негізгі функцияларын жазыңыз.
Химияны оқытудың негізі- химиялық эксперимент болғандықтан, оқу үдерісі кезінде зертханалық сабақтар мен практикалық жұмыстарды ұйымдастырумен қатар оған қажетті құрал жабдықтардың заманауи талаптарға сай болуы білім алушылардың химиядан алған білімдерін толық жетілдіре түсуіне мүмкіндік туады. Қазіргі таңда тұлғаның құзіретті болуын білім, білік, дағдымен катар пәндік құзіреттіліктің калыптасу ерекше рөл атқарады.Осыған орай химия пәні бойынша пәндік құзіреттіліктер жүйесін химиялық эксперимент арқылы жүзеге асырып, оны күнделікті өмірде қолдану өзекті болып табылады. Химия саласында тұлғаның дамуы мен тәрбиеленуіне химиялық эксперименттің маңыздылығын химия ғылымының әлемге танылуына айтарлықтай зор үлес қосып, химияның негізін қалаушы ғалымдар- Д.И.Менделеев, А.Лавуазъе, М.И.Ломоносов.
Химиялық эксперимент химияны оқыту кезіндегі оқу үдерістің негізгі бөлігі болып табылады. Химиялық экспериментте әрбір ғылыми түсінік теориядан біртіндеп практикаға ұштасуы қажет. Оқытушылар химияның негізін түсіндіру барысында оның тарихынан бастап, әртүрлі химиялық экспериментті қолдану арқылы теориялық білімді нақтылауға үйретеді, ал білім алушылар химиялық экспериментті жүргізу кезінде жалпы заңдылықьарда өздігінен жүейелеп, нақты нәтижеге қол жеткізуге тырысады. Химиялық экспериментті мынадай бірнеше сатылар арқылы жүргізуге болады:
• химиялық эксперименттің мақсаты міндетін қою
• химиялық экспериментты талдау
• химиялық заттар мен реакцияларды зерделеу
• химиялық эксперименттың орындалу техникасын игеру
Химия пәнінен білімнің жоғары деңгейде болуы химиялық экспериментты білім алушылардың өздері өздігінен жасағанда ғана көрінеді. Сонда ғана біліммен бірге білік, дағды одан әрі пәндік құзыреттілік қалыптасады.
: Химиялық эксперимент:
тәрбиенің қалыптасуына көмектеседі (еңбектік, мәдениеттілік, үнемдік, этикалық, эстетикалық, танымдық, экологиялық және басқалар)дамытушылыққа үйретеді (есте сақтау, ойлау, елестету, сезіну, қажеттілік мотивтері, шыгармашылығы т.б,).танымдық қасиетін дамытуда маңызы зор әдіс функциясын орындайды (химиялық объектілерді тану, оқу проблемасын шешу, оқу гипотездерін тексеру).

оқу құралдар функциясын орындайды (көрнекіліктер, зерттеулер, жетістіктер, қорытындылар, білім және дағдыны қолдану, оқушыларды тәрбиелеу мен дамыту құралдары)


Химияны оқытуда танымдық іс-әрекетті белсендіру – бұл оқушының белгілі мақсатқа бағытталған әрекеті, қызығушылығын тудырып, шығармашылығы мен шеберлігін арттыруда қолданылатын әрекеттер жиынтығы. Оқушыларда танымдық іс-әрекеттері өз бетінше жүрізу дағдысын қалыптастыру – оқытудың аса маңызды мақсаттарының бірі. Мұны жүзеге асыру оқушыларды жинақтылыққа, өзін-өзі дұрыс басқаруға үйретеді, білімді саналы түрде игеріп, оны танымдық шығармашылық және қарапайым тапсырмаларды орындауда дұрыс қолдана білуге жетелейді. Сондықтанда оқу барысында оқушылардың таным белсенділігін арттыруды олардың өз бетінше танымдық ықылас – ынтасын, ізденушілік қабілетін қалыптасатындай етіп ұйымдастыру керек
Химиялық эксперименттің атқаратын функциялары
Химиялық эксперимент маңызды функцияларды атқарады. Олар: білім, тәрбие және даму. Сонымен қатар, ақпараттық, химиялық эксперимент эвристикалық, құрастырушылық, зерттеушілік негізгі функцияларды анықтайды. Олар:
Ақпараттық функция химиялық эксперимент пәннің алғашқы таным көзі ретінде болған жағдайда пайда болады. Эксперименттің көмегімен оқушылар заттың қасиеті мен өзгерісі жайлы мағлұмат алады.
Эвристикалық функция енгізілген фактілерді ғана емес, сонымен қатар, көптеген эмпирикалық танымды құруға белсенді негіз болады. Қарапайым мысал, егер тәжірибе негізінде факт қалыптастырылса: оқушы натрий гидроксидіне бірнеше тамшы индикаторды (фенолфталеин) тамызған кезде, индикатор сілтінің әсерінен өз түсін өзгертетініне көз жеткізеді. Бәрінен бұрын фактіні енгізу қиындау. Мысалы, тұз қышқылының ерітіндісіне мырыштың түйірін салу кезінде оқушы біріншіден, мырыш тұз қышқылында еритінін, екіншіден, бұл реакцияның нәтижесінде газ бөлінетінін анықтайды.
Жоғарыда келтірілген мысалдардың барлығынан эвристикалық шешім жасауға қолдануға болатындығын көруге болады.
Зерттеушілік функция заттарды синтездеу мен талдау бойынша практикалық білік пен дағдыны дамытуға, заттардың қасиеті жайлы білім іздеу мен олардың қарапайым белгілерін зерттеуге, жалпы ғылыми – зерттеушілік жұмыстың қарапайым әдістерін меңгеруге негізделген [34].
Оқу құралы ретінде химияның “бейнесін”, ерекшелігін, бірегейлігін, қамтамасыз ететін химиялық эксперимент. Ол үш жақты білімділік функциясын орындайды (оқыту, тәрбиелеу, дамыту


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет