''Аналогия''' деп түрлі объектілер арасындағы, олардың белгілерінің, қасиеттерінің, қатынастарының арасындағы ұқсастықты атаймыз. Объектілер арасындағы ұқсастың пен айырмашылық оларды салыстыру кезінде айқындалады. Демек, аналогия әдісінің негізі салыстырудан тұрады деген сөз. Аналогия әдісі ғылымның көптеген салаларында — математикада, физикада, химияда, кибернетикада, қоғамдық пәндерде қолданылады.
Осылай XVI ғасырда Галилеймаятник тербелісінің заңдылықтарын зерттеу шіркеудегі шамдалдың (люстра) тербелуі мен маятниктің ауытқуы арасындағы аналогиядан басталды. И.Ньютонныңбүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына да ағаштан алманың түсуі мен аспан денелерінің жерге құлауы арасында аналогия түрткі болғаны белгілі. Дыбыс пен жарықтың берілу, бейнеленуі, сыну құбылыстарының арасындағы аналогия XVII ғасырдағы голланд физигі Гюйгенсті жарықтың толқын сияқты табиғатын айқындауға бастап әкелді.
Аналогия бойынша қорытынды шығарудың өр түрлі тұрпаттары бар. Бәріне ортақ нәрсе — тура зерттеуге алынатын объект басқа болып, ал қорытынды екінші объект туралы жасалады. Сондықтан аналогия бойынша қорытындыны жалпылама мағынада ақпаратты бір объектіден екіншісіне аудару деп қарауға болады.
Э. Гуссерль феноменологияны барлық ғылым салаларына, жалпы танымға негіз болатын әмбебап философиялық көзқарастар жиынтығы ретінде ұсынады. Ол ғылыми зерттеулер жүргізудегі феноменологиялық редукцияның маңызын ерекшелей отырып оның үш түрі бар екендігін де байқатады. Олар сыртқы әлемге аңғалдықпен ене бермей, назарды санадағы актыге (ойға, уайымға) шоғырландыру керек,-дейді және оны феноменологиялық-психологиялық редукция деп атайды. Бұл бірінші түрі. Ал екінші түрін жоғарыда аталған эйдетикалық редукция деп көрсете келе, санадағы бұл ой мен уайымды нақты факты ретінде емес, идеалды мазмұн ретінде қарастыру қажет екендігіне тоқталады. Міне осыдан соң сыртқы ортаны ғана емес рухани дүниедегі толқулар мен ойлар таза санаға жеткізеді, бұдан үшінші түрі - трансценденталды редукция қалыптасады деп есептейді. Байқап отырғанымыздай феноменологиялық редукцияның бұл үш түрі бір-бірімен байланысты және бірінен бірі туып жататын түрлері.