«бекітемін» Директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары



бет10/12
Дата08.03.2022
өлшемі109,5 Kb.
#27209
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
6. Дипломдық жұмысты қорғау


    1. Комиссия төрағасы қорғау жөнінде хабарлайды (тәртіп бойынша тізімдегі студенттерді ретімен шақырады), тақырыбы, ғылыми жетекшісі мен рецензентінің ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы жарияланады.

    2. Студент тақырыптың өзектілігі, дипломдық жұмысқа негіз болған теориялық, әдістемелік қағидалар, зерттеу жұмысына байланысты жүргізілген әдістердің нәтижелері, зерттеу жұмысынан алынған нәтижелердің қорытындылары мен нақты ұсыныстары жөнінде қысқаша баяндайды. Баяндамаға бөлінетін уақытты комиссия анықтайды. Содан кейін ізденуші-студент қорғауға қатысушылардың сұрақтарына жауап береді.

    3. Ғылыми жетекші дипломдық жұмыс бойынша өз қорытындысын айтады. Ресми оппонент немесе рецензент сөз сөйлейді. Рецензент қатыса алмаған жағдайында сол адамдардың пікірлерін кафедра жетекшісі оқиды.

    4. Студент негізгі ескертулерге қысқаша жауап береді.

    5. Әрі қарай тақырыпқа қатысты пікірталасқа қорғауға қатысушылардың барлығы араласа алады.

    6. Жұмыс бес балдық жүйемен бағаланады. Комиссиясы мүшелерінің айрықша пікірлері хаттамаға енгізіледі.

    7. Әрбір комиссия мүшесі хаттамаға студенттің сынақ кітапшасына қойылған бағаны қуаттап, қол қояды.

    8. Дипломдық жұмысты бағалауда мына мәселелер ескеріледі:

  • орындалған жұмыстың көлемі;

  • жұмыстағы ізденушінің өзіндігі;

  • рецензенттің, жетекші ұйымның қорытынды пікірі;

  • жұмыста қолданылған жаңа технология;

  • пайдаланылған әдебиеттердің көлемі мен жаңалығы;

  • алынған нәтиежелердің теориялық, практикалық тиімділігі;

  • материалдың анық, сауатты баяндалуы;

  • жұмыстың талапқа сай рәсімделуі;

  • дипломдық жұмысты қорғаудағы баяндаманың сапасы (нақтылығы, сауаттылығы, кәсіби терминдерді пайдалана алу қабілеті, көрнекіліктерін пайдалануы т.б.)

  • қорғауда берілген сұрақтарға, рецензенттің ескертпесіне студент жауабының толықтығы және дұрыстығы;

  • осы тақырыпқа сәйкес кафедрада ұйымдастырылған ғылыми іс-шараға қатысуы.

1-қосымша

Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы

«Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК




Педагогика, психология және

жеке пәндер әдістемесі кафедрасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет