2.2.1.1 мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу /рөлге бөліп/ мәнерлеп оқу
2.2.2.1 мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу
Сабақтың барысы.
Сабақтың кезең
уақыт
Педагогтіңәрекеті
Оқушыныңәрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Жұмыс ережесін келісу
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) «Елестету» әдісі арқылы жаңа тақырыпты шығару.
Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.
Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.
ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау.
Психологиялық ахуал.
Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары.
Ортасы
Ширату тапсырмасы.
Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда) «Көршіңе әңгімелеп бер» Бұл әдіс оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады. Сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз, одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз, оқушыларға жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз.
Түсініп оқы. Ғылым таппай мақтанба
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба?
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Сөздік жұмысын жүргізу.
Бекер мал шашпақ – текке шығындану. Қанағат – барға риза болу. Рақым – кеңшілік, ризашылық. Дескриптор:
мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу мәнерлеп оқи алады.