Дәріс №1
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЕВ
(1857-1931)
Белослюдов: «19-ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ әдебиетінде жаңа кезең – жазба әдебиеті басталды. Жазба әдебиеттің негізін салушы – Мәшһүр Жүсіп Көпеев».
Өмірі. Павлодар облысы, Баянауыл ауданында ауқатты отбасында туған. Жасынан білім алады. Бұқар, Ташкентте оқыған.Араб, парсы, Орта Азия әдебиетімен жақсы таныс болған. Серілік те құрған. Өзінің жастайынан білім алғаны, зеректігі туралы өлеңдерінде былай дейді:
Артына мінгестіріп алып келді,
Бес жаста бес шақырым берге берді...
...Мәнді оқыған жоқ менен басқа бала,
Араб, парсы өлеңді жатқа жана...
...Бес жаста «бісміллә» айтып жаздым хатты,
Бұл дүние жастай маған тиді қатты.
Сегізден тоғызға аяқ басқан күнде,
Мұса еді қосақтаған «Мәшһүр» атты.
Достарыңызбен бөлісу: |