Стилистикалық бөгет, қатынасу кезінде мейірбикенің тілі ситуацияға сәйкес болмаса, мысалы, ол турпайы сөйлеп,
науқастың психологиялық ерекшеліктеріне, жағдайына байланыссыз, мәдени, білім дәрежесіне сай емес сөздерді қолдануы.
«Соңғы мәлімет» - әсері- егер науқас туралы алынған соңғы мәлімет жағымсыз болса, бұл ол туралы алдындағы оңды көзқарасты керісінше өзгертуі мүмкін.
Сенсетивті реакцияда - науқас өзінің ауруы туралы мәліметтің айналадағы ортаға қандай әсерін тигізетінін ойлап тұрады.
Симуляция дегеніміз- ауруғашалдықпаған адамның саналы түрде дерттің белгілерін ұсынып, шағымдануы.
Фонетикалық кедергілер, медициналық қызметкер науқасқа айқын емес, өте тез сөйлегенде немесе әр тілде және диалектте сөйлесе, тіл және дикция ақаулары болған жағдайда кездеседі.
Шиеленістік талас- шындықты іздестіруге бейімдел- меген, маңыздылығы-шындыққа жету емес, «қайтсем де жеңіске жетем» деген ой.
Әргопатиялық реакция - науқастың аурудан алшақтау үшін жұмысқа берілуімен сипатталады.
Эгоцентриялық реакция- «ауруға ену, бас ұру» деп сипатталады, науқас өзінің ауыру сезімі туралы өзіне көңіл аудару үшін жақын адамдарға, туысқандарға әңгімелей береді.
Эмоциялық жану синдромы- медициналық қызметкер жәрдем көрсетуде пациенттермен тығыз эмоционалдық жанасуы себебінен пайда болатын өзгеріс, яғни медициналық қызметкер психикалық әлсіреуге душар болады.
Эмоционалды турақтылық- Бұл көңіл-күйдің тұрақ- тылығы, медицина қызметкерінің салмақтылығы, біркелкі күйде болуы, эмоцияларын және тәртібін сақтап, бақылау.
Эмпатия - науқастың уайымын эмоционалды түрде медициналық қызметкер өз басынан өткергендей сезінуі, науқастың қайғы-қасіретіне ортақтасуы, науқастың қайғысы- на психологиялық тұрғыдан қосылуы, қоса қайғыруы, оның ішкі ойын сезінуі («мен сенімен біргемін»).