Бердібек соқПАҚбаев



Pdf көрінісі
бет20/28
Дата19.12.2022
өлшемі0,66 Mb.
#58165
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28
ОН ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУДА 
Бір сөзбен «қызғаныш» деп атаса да болар еді. 
 
Майқанова науқастанып қалыпты, сабағы болмады. Бұған, әрине, біз 
пәлендей қайғыра қойған жоқпыз. Қайта жек кӛретін мұғалім ауырып, 
сабаққа келмей қалса, балаларда одан үлкен қуаныш бар ма? Кластың іші 
мәз-мәйрам улап-шулаған дауысқа толып кетті. Добымызды алып, дүркіреп 
волейбол алаңына қарай жүгірдік. Класта бірімен бірі бақас екі команда бар. 
Орын-орнымызға тұра қалдық та, ойынды дереу бастап жібердік. 
Егер сенбесеңдер, келіп кӛрулеріңе болады, мен волейболды жаман 
ойнамаймын. Ал бұл жолы ерекше бір шабытпен ойнадым. Талай қыңыр 
доптарды қиырдан қағып алып, жалт-жұлт етіп, жан таппай жүрмін. Мүмкін, 
тобымен келіп, біздің ойнымызға қыздар қарап тұрғандықтан осылай шығар. 
Жанардың алдында нашар ойнауға менің қандай қақым бар. Кейбір шебер 
қимылдарым ӛзге түгіл, ӛзімді де сүйсіндіреді. Бір рет қиын бір допты 
жығылып жатып алғанымды қайтерсің. Етпетімнен тӛрт тағандап дік ете 
қалдым, бірақ допты аспандата қағып та үлгердім. 
- Ӛй, жарайсың! 
- Ӛлме, Қара Қожа! 
- Молодец! — деген дауыстар жамырап кетті. 
Орнымнан лып етіп тез түрегелдім де, қыздар жаққа кӛз салдым. Олар да 
мәз. Жанар... Япыр-ау, Жанар қайда? Мыналардың ішінде Жанар жоқ қой. 
Бағанадан бері мен Жанар қарап тұр екен деп, жанымды пида етіп ойнап 
жүрсем... 
- Сегіз де сегіз. Тепе-тең. Допты оң жақ береді. Доп беру менің кезегім 
екен. Аяқ астынан еңсемді әлдеқандай кӛңілсіздік басты да, қалай болса, 
солай ұра салдым. Доп торға барып тиді. 


54 
Sauap.org
- Ӛй, саған не болды? 
- Не қара басты, Қара Кӛже? 
- Мұның не, ей. Аш ӛзегіңе түсіп кетті ме? 
- Қолымнан шығып кетті, — деп сылтаураттым. 
Біздің команда ұтылып қалды. 
- Мен ойнамаймын, — дедім. Орныма жүгіріп барып, басқа бір бала тұра 
қалды. 
Жанар қайда? Оның класта орнынан тапжылмай кітап оқып отыратын 
бір әдеті болушы еді.Қолымның шаңын шарт-шұрт қағып, мектепке қарай 
бет алдым. Кластарда сабақ жүріп жатыр. Жетінші кластың есігі сәл ашық 
тұр екен. Тарихшы Оспановтың дауысы саңқылдап естіледі. «Аз ұлттар 
теңдік алғысы, ӛздерінің ұлттық қасиеттерін сақтап қалғысы келсе, бірігулері 
керек. Қорқау империалистер онсыз олардың дыбысын да шығармайды...». 
Ӛзіміздің класқа кірдім. Кірдім де, сілейіп тұрып қалдым. Кӛргенімнен 
де менің мұны кӛрмегенім артық еді ғой. Класта Жанар мен Жантас екеуі 
ғана отыр. Басқа ешкім жоқ. Отырғанда, жайдан жай отырған жоқ. Бір 
партада — Жанардың партасында біріне бірі тақала түсіп, әлдеқандай бір 
суретті журнал оқып отыр. Беріліп оқып отырғандары соншалық, бастары 
түйісіп кеткен. Маған бір-бір кӛз тастады да, екеуі ӛздерімен ӛздері бола 
берді. Оқып отырған Жантас еді. 
- Не оқып отырсыңдар? — деп мен қастарына келдім. Назар 
аудармайды. Кӛзімді салып байқасам, олардың мұнша қадалып оқып 
отырғандары чех саяхатшылары Зигмунд пен Ганзелктің Африка туралы 
жазған очеркі екен. Барын салып, мәнерлеп, құбылтып оқиды Жантас қу. 
Жанар оны ұйып тыңдап отыр. 
Не істерімді білмей, сілейіп тұрдым да қалдым. Ішімде әлдеқандай бір 
отты құйын кӛтерілгендей болды. Мен Жанармен бір де бір бұлай отырып 
кӛрген жоқпын. Неткен ақымақпын десеңші. Сабақ болмай қалғанда, ӛстіп 
қызық бір журнал тауып әкеліп, Жанарға оқып беру бұған дейін ойыма неге 
келмеді екен?! Жантастың қуын... 
- Жүр, волейбол ойнаймыз, — деп Жантасты иығынан жұлқыдым. Сол 
кезде Жанар шытына қарап: 
- Қожа, бӛгет жасамашы, — дегені бар емес пе. 
Мәссаған, керек болса! Мен оның аузынан осындай сӛз естимін деп 
ойлап па едім. Тӛбемнен ыстық су құйып жібергендей жидіп түстім. 
Ӛз орныма бардым. Портфелімді алып, ақтара бастадым. Не іздегенімді 
ӛзім де білмеймін. Жүрегім дүрс-дүрс етіп, қабына соғады. Мисызбын-ау, 
мисызбын! Ештеңе ойлап табуды білмеймін. Қашанда басқалардың ісіне 
қызығып, қызғанып тұрам. Менің де басым жұмыс істейтін заман болар ма 
екен, болмас па екен. 
Портфелімді орнына қайта қойып, сыртқа шығып бара жатырмын. 
Жанар мен Жантасқа әдейі қарамауға, оларға мен де назар аудармауға 
тырыстым. Дегенмен, есіктен шыға беріп, кӛз қиығымды бір тастап ӛттім. 
Дәл осы минутта Жанардың да маған қабағының астынан сүзіле қарап 


55 
Sauap.org
қалғанын аңғардым. Кӛздеріміз бір сәтке түйісіп ӛтті. Қателеспесем, Жанар 
күлімсіреген тәрізді болды. Маған күлімсіреді ме, жоқ әлде тыңдап отырған 
очерктің қызығына елтіді ме? О жағын мен талдап пайымдай алған жоқпын. 
Жанар күлімсірегенде, мен ашу шақырып, қабақ шытқандай бір қыр 
таныттым да, есіктен шығып кеттім. 


56 
Sauap.org


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет