Бердібек соқПАҚбаев



Pdf көрінісі
бет23/28
Дата19.12.2022
өлшемі0,66 Mb.
#58165
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
ЖИЫРМА EКIHШІ ТАРАУДА 
Бақа мен қаздың шуы, жайлаудан мамамның келуі, 
әжемнің мені қорғауы сөз болады. 
«Бір айналдырғанды Құдай шыр айналдырады» деген сӛз бар. Соңғы екі-
үш күннің ішінде басымнан кешкен оқиғалар мені есімнен тандырды. 
Майқанованы талдырып түсірген бақаның шуына Әбдібайдың шатағы 
ұласты. Біз жеген қаз дүкенші Әбдібайдікі екен. Оның кӛкбет қатыны келіп, 
біздің үйдің әлегін аспанға шығарды. Шіркіннің айтпаған сӛзі, атпаған оғы 
қалсайшы: «Ұрысың! Қарақшысың! Баскесерсің! Қаршадайыңнан осыны 
істеп жүрсің, жүре бара кім болам ғой дейсің. Әлі біреудің басын кесіп, 
сотталасың. Итжеккенге айдаласың». 


60 
Sauap.org
Мен ӛзімді ӛзім онша біліңкіремей жүреді екем, Әбдібайдың қатынының 
айтқандарына қарап, тӛбе шашым тік тұрып кетті. «Япыр-ай, шынымен-ақ 
осындаймын ба?» деген ойға қалдым. 
Әйелінің соңынан түтігіп Әбдібайдың ӛзі келіпті. Жұрт оны 
«Жұмыртқадан жүн қырыққан Әбдібай», «Қу бастан қуырдақтық ет алған 
Әбдібай», «Шық татырмас Шығайбай Әбдібай» деп бекер айтады деймісің. 
«Қазым қаз емес еді. Асыл тұқымды қаз еді. Ондай қазды бұл аудан түгіл, 
облыс кӛлемінен таппайсың» деп, оның тӛлемі үшін біздің бағлан қара 
қозыны алып кетті. Бұнымен де тынбады, мені желкелеп директорға алып 
барды. 
Ахметов қатал адам. Шынымды айтсам, мен оның алдына барған сайын 
қалтырап тұрам. Сусылдаған қызыл күрең шашы желп-желп етіп, қабаты 
түксиіп, шүйлігіп қарағанда, сұп-суық кӛздері адамның ӛңменінен ӛтеді. 
Майқанованы талдырып түсірген бақаның кесірінен мен кеше осы кабинетте 
бір сағаттан артық болып, жарты ӛмірімді беріп шығып едім. Енді, міне, түн 
айналмай тағы бір шұрқан арқалап және мӛлиіп келіп тұрмын. 
Әбдібай қайдағы жоқ пәлені кӛкітіп, қаздың оқиғасын есірте баяндап 
берді. Ахметов сызданған қалпы, үнсіз отырып тыңдады. Оқта-текте кӛзін 
ғана бұрып, маған қарап қояды. Мен еріксізден жерге қараймын. 
Әбдібайды тыңдап боп, Ахметов стол үстіндегі телефонның тұтқасын 
бұрай бастады. Жайлауды сұрады. Одан сатылап сүт фермасы, бірінші 
бригадамен жалғасты. Телефонмен менің мамамды шақырып алды. 
- Бұл кім? Саламат боларсыз, Миллат апай. Шаруаңыз күйлі ме? Бұл 
Ахметов қой, мектептен. Аманшылық, түгел аман. Миллат апай, сізге 
айтайын дегенім мынау еді: сіз ертең қалайда ауылға келіп кетсеңіз. 
Маңызды бір шаруа болып тұр. Қожа жайында. Біз ол жӛнінде ӛзіңізді 
қатыстыра отырып, педсоветте арнаулы мәселе қарамақшымыз. Балаңыз 
нағыз бір оңбаған жолға түсіп алған... 
Менің ӛзегіме шыжылдап қайнап тұрған ыстық майды қотарып құйып 
жібергендей болды. Арқа-басым шымырлап, терлеп кетті. Тап қазір 
алдымдағы жер тесік болса, кӛзімді шарта жұмып, күмп берген болар едім... 
Ахметов ұзақ сӛйлесті мамаммен. Сонан кейін трубканы орнына қойды 
да: 
- Жайлаудан шешең келеді, сонан соң сӛйлесеміз, бар, — деді маған. 
Мектептен құр сүлдерімді сүйретіп шыққандай болдым. Байғұс мамам
әлгі әңгімеден кейін қандай күйге түспекші. Ішкені ірің, жегені желім болады 
ғой. Онсыз да кӛңілі жарым адамды азапқа салып ӛлтіретін болдым-ау. 
«Қожа ӛйтіп қойды, Қожа бүйтіп қойды. Қожа бүлдірді» деп, былтыр да 
жыл бойына Майқанова оның құлағын талай сарсытып еді. Енді, міне, оқу 
басталғанына бір ай болмай жатып, тағы басталды... 
Біздің қораның тӛбесінде жуырда ғана үйілген жас жоңышқа бар еді. 
Келген бойда, үйге кірместен, соның үстіне шықтым да, иттің ұясындай 
шұқырлап алып, етпетімнен жатып қалдым. Ешкімді кӛргім, ешкімге 
кӛрінгім келмейді. Сан-сапалақ ойлар басыма бірі кіріп, бірі шығады: 


61 
Sauap.org
«Педсоветте қарағанда, не айтпақшы? О, Тәңірім, менің де тыныштық 
табатын күнім бола ма, жоқ па? «Осы аурудан жаным қалса, ендігі аурудың 
алдымен кетер едім» деген екен біреу. Сол айтпақшы, осы жолы бір жайлы 
болсам, бұдан былай қой аузынан шӛп алмайтын момақан болып жүрер едім-
ау». 
Осындайда сүйеу болудың орнына, Сұлтан досым қарасын 
кӛрсетпестен, тағы да зым-зия жоғалды. «Оңбаған ӛтірікші, диірменші 
Иванның торын әкеліп берем деп алып еді, апарып берген де жоқ, тор, әне, 
біздің үйдің тӛбесінде жатыр. Адамшылық дегеннен жұрдайсың-ау, Сұлтан. 
Енді сенің маңыңа жолай қоймаспын...». Әр қилы мазасыз ой тепкісінде 
қалжырап жатып ұйықтап кеткен екенмін. Тұмсығымның дәл астынан трт-
трт-трт-трт деген дауыстан селк етіп ояндым. Кӛзімді ашып алсам, тӛңірек 
ала кӛлеңке, кеш батып қалыпты. Мен жатқан кез бесін шені еді. Қалай кӛп 
ұйықтағанмын. 
Есіктің дәл алдына босағаны тірей келіп тоқтаған үш дӛңгелекті 
мотоциклді кӛрдім. Одан екі адам түсіп жатыр. Бірі еркек, бірі әйел. 
Мотоциклдің иесін танып, әлгіден бетер селк ете қалдым — Қаратай еді. 
Қасындағы менің мамам. 
Кӛше жақтан қолына ошақ ұстап әжем келе жатыр: 
- Миллатпысың? Ат-кӛлігің аман ба? 
Мотоциклге мініп келген адамға әжемнің «ат-кӛлігің аман ба» деуі 
маған сӛкеттеу кӛрініп кетті. 
- Мына ошағыңыз не? — деп сұрады мамам. 
- Балалар тиіскен бе, бір сирағын түсіріп тастапты. Соны бағана ұстаға 
апарып тастап едім. 
- Әй, жарықтық-ай, не керегі бар мұның. Пайдаланып жатпаған соң, 
тастамайсыз ба лақтырып. 
- Неге тастаймын. Мүлік емес пе. Әкем марқұмнан қалған бір кӛз ғой. 
Жайша келдің бе? 
- Жұмысты тастап, жайша адам келуші ме еді. Әлгі жер-әлемді шулатып, 
ӛрт қойып жүрген бұзақы балаңның әлегі. 
- Бұзақы боп, ол не істепті? Ел тонап, кісі ӛлтіріп пе? — деді әжем. 
- Біреудің қазын ұрлап сойып жеу — ел тонаған емес пе екен? Сабақ 
үстінде мұғалімді шошытып талдырып жыққан адам тура бара кісі ӛлтіруден 
тайынбас. 
- Бақа әкел деген ӛздері кӛрінеді ғой. Бір Қожа емес, осында ӛзге 
балалар да мұғалім әкел деді, соямыз деп, кӛлшіктен бақа ұстап алып жүрген. 
Енді соның бәріне баяғы аты шулы Қожа кінәлі. 
- Сонда әкелген бақаны оған мұғалімнің сумкасына салып қой деп пе? 
- Әдейі салды деймісің, тарбаңдаған неме ӛзі кіріп кетті де. 
Оңбай кетейін, әжемнің сӛзі мені елжіретіп жіберді. 
Балапанын қорыған мекиендей шыр-шыр етіп, сотқар немересін 
қамқорына алуын қарашы. Әй, жаным әжем, қайырымды әжем, менің кінәлі 
екенімді біле тұрып ӛстесің-ау. 


62 
Sauap.org
- Балаға қорушы болғанның жӛні осы деп, оның терісін де дұрыс, 
дұрысын да дұрыс деп, сіз бүлдіріп жүрсіз. Бір мезгіл жазғырып, қатал 
ұстасаңыз, ол мұндай жолға түспеген болар еді, — деді мамам. 
- Менің Қожашым тірі болса, ешкімнен кем болмайды. Ӛсе келе ӛзі-ақ 
түзеліп кетеді. Сабырбек нағашысына тартқан. Ол да жас кезінде осы секілді 
шығаннан шыққан сотанақ еді. Бұл қайта оқу оқып, мұғалімдерінің айтқанын 
орындап, кейде әтіншік боп жүр ғой. Ал Сабырбек нағашысы осындай 
күнінде молданы қақ басқа таяқпен бір салып қашқан болатын. Кейін есейіп, 
балалы-шағалы бола бастағанда, ӛзі-ақ түзеліп кетті. Қожатай да сӛйтеді. 
Бала күнінде баланың бәрі тентек, — деп әжем шұбатып ала жӛнелді. 
- И-и-и-и, жарықтық-ай, — деп мамам қолын бір-ақ сілтеді. — Сіздің 
мына ӛсиетіңізді тыңдап ӛскен бала қалай оңсын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет