Бернияз Күлеевтің ақындық әлемі


III тарау. Ақын поэзиясының көркемдік ерекшелігі



бет4/8
Дата01.04.2022
өлшемі201,5 Kb.
#29558
1   2   3   4   5   6   7   8
III тарау. Ақын поэзиясының көркемдік ерекшелігі
Бернияз алғаш рет өлең жаза бастады, өзінің поэтикалық бағытын анықтап, жолын өлшегісі келді. Жас таланттың ақындық тұлғасы туралы.Шәменов өзінің шығармашылық тәжірибесінде Абайдың жұмбақ лиризмін, сұлтанмахуттың философиялық ойлауын, азаматтық пафосты меңгеруге, сондай-ақ Пушкин мен Лермонтовтың поэзиясын қазақ рухында түсінуге тырысты. Қазақ поэзиясында ол балладалар жанрын, махаббат лирикасын дамытты. Өзінің пікірлестерінің арасында Б. Күлеевше мүсін мен молшылықты ән салатын ақын болмас еді". [9] (қазақ әдебиетінің тарихы. Том. А., 1965)

Бұл арнайы мектеп болды - Бернияз Күлеевтің шығармашылығына үлкен көркемдік ақпарат беріп, оған Сұлулық пен үйлесімділік берді. Бұл ақынның шығармашылығындағы халықтық рух пен болмысқа байланысты болуы мүмкін.

Б.Күлеевтің тамаша өлеңдерінде, таза қайнар көз ретінде, бастапқы көздердегі таза рух пен сана осы халықтық мектептің Ұлы ілімі мен асыл тұқымын сіңіруге және оны шығармашылықпен игеруге тырысты. Ақынды іздеу, зерттеу әдістері туралы белгілі әдеби ғалым А.Дербісалин: "ақынның азаматтық өмірі неғұрлым қысқа болса, оның поэтикалық өмірі соғұрлым аз болады; ол іздеу, оқыту, алдау жолдарын соғұрлым қысқа етіп жасады" [10.128 бет] (а. д."дәстүрлер мен инновациялар". А., 1976) - жазды.

Б. Кулеевтің шығармашылық тұлғасы қажет, ол қазақ поэзиясындағы көңіл-күй әуендерінің шебері болған.

Б. Кулеевтің көптеген жылдар бойы жұмыс істеуі уақыттың қатал дәуірімен және дәуірдің тынысымен байланысты күрделі, қарама-қайшы жарықта бағаланды. Көптеген зерттеушілер ақынның көңіл-күйге көбірек көңіл бөлуіне және тұтас махаббат пен сезімнің жай-күйін сипаттауға бейім болды. Ақын өлеңдерінің сипатына қарап, оның көп қырлы әні тек ақынның басын күйдірген өзімшіл, индивидуалистік ниеттерден туындамағанын көреміз.Б.Күлеев - сырлы сурет, бейнелі образды оралымды тіркес, әсем өрнек, метафора арқылы жасаудың да шебері. Ақынның «Көңіл» деген өлеңін талдап қарасақ.

Көңіл деген - дәрия,

Желсіз күндей жай жатқан.

Кейде соғып дарияға

Ой-дауыл ғой оятқан.

Дауыл ой соқса өкіріп,

Ұйытқыр көңіл – дәрия.

Толқыны көкке секіріп

Тар көрінер дүния.

Ақын көңіл, ой құбылыстарын ғажап метафоралық өрнекпен бедерлеп бейнелеген өлең жолдарындағы дария, дауыл көңіл мен ойға үйлесімді түрде параллель келіп, көз алдымызға өте тамаша метафоралық сурет туғызып, абсрактілі ұғымдар арқылы шындық болмыстың сипатына ие болып тұр. Бернияз өз заманының, дәуірінің тынысын ақындық сезім күйімен кемел толғап, көркем өрнектеген ақын.

Сондай-ақ ақын өлеңдерінде жансыз затқа жан бітіре кейіптеу немесе өзіне ұқсас зат я құбылысқа ұқсата теңеу әсем өрілген эпитет, т.б. сынды көркемдегіш құралдар жиі ұшырасады. Және де Бернияз осы көркемдегіш құралдарды өте шебер, ұтымды қолданған.

Мысал келтіріп өтсек. «Әдемі түн» өлеңі кейіптеу теңеу, эпитетке өте бай.

Ай сүттей, аспан жатыр, желсіз, тыныш,

Айнала естілмейді ешбір дыбыс.

Ыңыранып анда-санда ойсыз айуан,

Күрсініп, рахаттанып алар тыныс.

Мап-майда аспан беті мөлдір судай,

Қалған жоқ айналада жұлдыз тумай.

Теңселіп тұнық суда шалықтаған

Алтын ай көрінеді аппақ қудай.

Міне, көз алдымызда керемет сурет.

Ақындық шеберлік деп осыны айт. Айды сүтке, аспанды мөлдір суға, айды аққуға теңеп, әсем айшықтанған түнгі сурет сізді қиялға, шар-тарапқа жетелері сөзсіз. Қараңызшы, «Теңселіп тұнық суда шалықталаған» деген тіркес аспандағы айдың судағы көлеңкесін суреттеуі қандай?!

Кейіптеуге мына өлең жолдарын алсақ:

Айна көз, көкірегі кең, ойға жетік,

Көрген жан бір қайрылар көңіл кетіп.

Сұлудай сүйіп құшқан ғашық жарын,

Қойнында өзен күлер сылқ-сылқ етіп,

-десе мына үзінді де әрі теңеу, әрі эпитетті кездестіреміз.

Дұрысы - жер жарықтық көңіліңді арбар,

Мұнда тау, мұнда белес, мұнда жар бар.

Айбатпен аузын ашқан айдаһардай,

Алыстан көрінеді терең жарлар.

Ақын терең жарларды айбатты аузын ашқан айдаһарға теңеп тұр. Жай, әншейін ғана айдаһар емес, айбатпен аузын ашқан қаһарлы айдаһар. Мұндағы айдаһарға жарды теңесе, айбатпен аузын ашқан айдаһар - эпитет. «Жаз» өлеңінде эпитеттің мына түрлері кездеседі.

Аспан беті арылған сұрғылт бұлттан,

Қайғылы қыс күндерін мүлде ұмытқан...

Жазғы сурет. Қыс азабынан құтылып, жадырап келген жазға адамзат, тіршілік иесі: құс, көбелек түгел қуануда. Құстар сайрап, гүлдер жайнап, қаз-үйректің қаңқұлын ақын тілімен айтқанда «Мін таба алмай жанғанның кестесінен, тілсіз болып қаласың батып сырға». Ақын поэзиясында мұндай «қатпар-қатпар қара сұр бұлт», «әжім басқан жарық нұрлы жүзін», «тілсіз дала» т.б. тіркестер көптеп кездеседі. Осы сынды тіркестер арқылы табиғат я зат, құбылысты суреттеп, өлең құнарлылығын, көркемдігін байытқан. Әрі ақындық талантын, 20 жасар балаң жастың дарынын танытады. Әрине, мұндай жаста кез-келгеннің қолынан дәл осылай сурет, образ жасау келе бермейді. Дегенмен, ол Бернияздың қолынан келді. Сол үшін біз оны ерекше бағалауымыз, өлеңдерін әділ таразылауымыз абзал.

Б.Күлеев символист ақын. Қазақ символизмінің ірі өкілі Мағжан болса, соның қатарында Бернияздың да есімі аталады.

Символизм әдеби ағым ретінде алғаш Еуропада XIX ғасырдың аяғында Ресейде XX ғасырдың басында пайда болған. Символистердің қатарына А.Рембо, В.Иванов, В.Брюсов, А.Блоктарды атауымызға болады. Түп тамыры романтизм, сентиментализммен өзектесіп жатқан бұл мектеп, ең алдымен адамның ішкі әлемін дербес құбылыс ретінде, сезім еркіндігін, ой-түйсіктің жүйеге түсуді қажет етпейтін ырықсыз жарқылын, астарлы, ғарыштық мәнін дәріптеумен ерекшеленеді.

Б.Майтанов символға «Символизм - әдебиеттің алға шапқан арыстандай жасырын күші мен батыл арманы, жүзеге асқысы келген мүмкіндіктері, түсінген жанға пердесін алған тіршіліктің ешбір тыйымға қарамас ашық мұңы мен қасіреті» [11.83 бет] деп баға берсе, символға теориялық тұрғыда анықтама берген З.Қабдолов болды. Яғни ғалымның түсіндіруінше, символ троптың бір түрі. Бір нәрсені, құбылысты тура суреттемей, бүларға ұқсас басқа бір нәрсеге не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып, ойды ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру.

Ең бастысы — Бернияз символды көп қолданған ақын. Оның өлеңде символ жиі ұшырасады. Белгілі бір зат я нәрсені құбылта суреттеу, ойын жасыра, құпия телу арқылы ақын өлеңдерін тамаша астармен береді.

Қараңғы түн, алдымда тұр шам жанып,

Қиял шырмап отыр едім ойланып.

Сәуле іздеген тоты құс түсті көбелек,

Жерді ұшып жанған отты айналып.


Мәз-мейрам боп гуілдеді, ойнады,

Біз айналды, екі айналды - тоймайды;

Жалмауызды жердің жүзін жалмаған

Әлде сорлы ойыншық деп ойлады.

Ақын тоты құс түсті көбелектің шамды айнала ұшқан кезін өте әсем бейнелейді. Сөйтеді де өз ойымен ұштастырады. Яғни отты ойыншық деп айнала ұшқан көбелек байқаусызда отқа түсіп, күйіп өледі. Ол құбылысты Бернияз былай суреттейді:

Гуілдеді, отты айнала ұшты ол,

Сәуле тартып, кейде жалын құшты ол.

Бір сүйіп от құшағына тартып ед,

Өлі жар боп от ішіне түсті ол.
Өмір от қой, мен көбелек айналған,

Оттан лэззат аламын деп алданған.

Жынды жастың от өмірмен ойнатып,

Бал орнына уын ішіп сандалған.


Бернияз не айтқысы келді екен? Жиырмадан енді асқан жастың өмірден бұлай түңілуіне не себеп?

Өлең емес. Тоты құс түсті көбелек. Шамды айналып жүріп, мерт болды. Осылай ақын өзін сол көбелектің халіне түскенін айтады. «Бал орнына уын ішіп сандалған».

Бернияздың лирикалық қаһарманы көбіне көп өзін әуелі жалғанның күлін көкке ұшырып, содан соң қалауынша қайтадан жаратушы есебінде сезінеді. «Тәңірі- Тағдыр» (Бернияздың өз сөзі) құдіреті бұйыра қалса:

«Қайта бастан ен нұрымды таратып,

Жіберер ем жаңа бір жан жаратып.

Жауыздық не, зұлымдық не - сездірмей,

Беталысын ізгілікке қаратып.

Аспанымнан өзгеше бір нұр төгіп,

Жаратар ем жерге жаңа түр беріп.

Жерім, шөбім, ойым, қырым мақлұғым.

Тұрар еді жаңа түрмен гүлденіп...»

-дегенді баяндайтын үзіктер - осының айқын айғағы. («Не етер ем?»)

Бернияз «Жаным, тәнім от боп жаралған» («Өзім – тәңірі») дейтін сөздерінен біз оның қайта тіріліп, қайта түлеуге иланатынын көреміз. Оның мысалдары мына секілді: «Жалғандағы жанғанымды // тәңірім сонда ескерер // қайта құйып бар қанымды // жан жаратып ес берер // («От - жалындай өртеп») «Жер жүзін, жалған төрін айналармын // Рухпен жаңа түрлі жанданармын» («Болар») т.б.

«Символистер жан мен жаратылысты жаңғырту үшін ілгерідегі рухани мұраларды да «қайта тірілтуді» қалады. Олардың бір абыройлы, азаматтың ісі - өз алдарындағы есімі мен еңбегі көп жағдайда ескерусіз қалған жыр жампоздарына құрметпен қарап, бұлардың шығармаларындағы идеялық көркемдік құпия қалтарыстарды жаңаша танып-түспегендігі» дейді Амантай Шәріп «Қазақ символизмі Мағжан мен Бернияз» [12. Збет] деген мақаласында.

Берниязда тіпті жербауыр сезімдер сөйлеп, тән тояты сипатталатын тұстардың өзі нақты детальдар арқылы емес, әлдебір мистикалық елес, қиялдағы тілек немесе түс кезіндегі оқиға ретінде көрінеді. Оның «Гүләндам» сияқты нақты адресаты қойылған өлеңдері де сирек.

«Жоқты сүйген, жоққа күйген // Мен - бер есер диуана» дейтін ақын, мысалы, өзі «Қияли поэма» деп атаған - астары өмір шындығымен өзектес «Қайда екен?» шығармасында, сондай-ақ «Жердің жүзі жаз еді».

Осы ағымда қалам тартқан ақын-жазушылар шынайы өмірдегі құбылыстарды құпиялай, оқырманын белгісіз әлем тұңғиығына жетелейді. Сондықтан да Б.Майтанов: «...белгісіздік - символизм эстетикасының жүрегі» деп өте әдемі айтқан.

Белгісіздік — символизм эстетикасының жүрегі болса, қазақ әдебиетіндегі әсем, сыршыл лириканың нәзік жүрегі - Мағжан мен Бернияз.

Бернияздың өлеңдерін көркемдігі тұрғысынан алдайтын болсақ, оның өлеңдерінің шумақ, тармақ, ырғағына көңіл бөлгеніміз жөн. Өйткені мұнда 8 тармақты, бес тармақты, төрт тармақты өлең жолдары, онан соң бунақ саныныңда бірде 2 бунақты, 3 бунақты, яки 4 бунақты да болып келетінін көреміз. Енді осыларға мысал келтірсек: Толғанып ойлап, Тереңге бойлап,

Толықсыған шағымда,

Ой, жүрек серік,

Болып сөз берік,

Сүйрер миды ағынға.

Ермейтұғын әлі жоқ,

Ойсыз мидың сәні жоқ.

(«Алалық»)

Абай дәстүрін жалғастырған Бернияздың бұл өлеңі сегіз тармақты шумақ. Мұны «сегізаяқ» үлгісі деуге де болады. Сегіз тармақты шумақтарына «Бостандық күнінде», «Жазғы дала», «Сүйікті қайғылыға», т.б. өлеңдері мысал бола алады.

Қиғаш қасты,

Қолаң шашты

Қия алмайтын мен ақын.

Жүрек ізгі,

Жібек сөзді

Жанымнан да жар жақын.

Нұрлы ажарың

Қызу қаның

Қалай сәйкес жаралған!

Дей қара көз,

Бар ма көрген жараннан?!


Махаббат лирикасына құрылған нақты адресаты қойылған «Гүләндамға» атты өлеңі алты тармақтан құралған.

Бернияздың өлеңдері көбіне-көп сегіз және алты тармақты болып келеді. Керек десеңіз екі поэмасы («Іңкәр жүрек», (Қайда екен») алты тармақты шумаққа мысал бола алады.

«Іңкәр жүрек» немесе «Жердің жүзі жаз еді».

Жердің жүзі жаз еді,

Айт келіп жұрт мәз еді -

Қыз-келіншек күліскен.

Елді еркін аралап,

Жақын жерді жаналап.

Салтанатпен жүріскен.

Ал жеті тармақты, үш, екі тармақты өлеңдерді ақын поэзиясынан кездестіреміз. Дәстүрлі ьарлық ақын қаламына тән төрт тармақты шумақтың Берниязда да кездесуі, әрине, ақын өлеңдерінің тең жартысынан көбі осындай төрт тармаққа құрылған.

Өткен өмір өкініш,

Келесіден үміт аз.

Осы күнгі еткен іс,

Әурелікпен мен араз.

(«Өткен өмір өкініш»)

Жас жігіттей көңілі шағылмаған,

Жас қыздардай қызығы арылмаған,

Өзі ұялшақ, әдепті, өзі ақылды,

Екі беті өртеніп жалындаған.

(«Жас жігіттей көңілі шағылмаған»).

Ақынның қай өлеңін талдасаңыз көркемдігі тұрғысынан да, ақындық шеберлігі жөнінен болсын, өлең мазмұны бойынша да ерекше шеберлік, мән-мағына, тұнып тұрған тұңғиықты көресіз. Бернияз Күлеев поэзиясы көркемдігі жағынан мейлінше ұлы Абай мен лирик ақынымыз Мағжанға ұқсайды. Жас ақын осы екі ұлы, дара тұлғаларды өзіне ұстаз етіп, пір тұтқан. Солардың ізін қуғаны да оның поэзиясынан анық аңғарылатыны сөзсіз.

Б.Кенжебаевтың сөзімен айтсақ: «Мұндай келеңсіз ойдың айтылуына біздіңше ең басты себеп - аталмыш шайырдың көңіл-күй лирикасында айтылатын лирика түрлерінің осы сипатына бейім болса, талант бейіміне орай осы табиғатты жыр жазса ол үшін айыпты болмауы керек» [4.20 бет]

Бернияздың ақындық талантының, шеберлігінің тағы бір қыры - музыка, яғни күй өнерінің өз өлеңдерінде көрініс алуы. Бернияздың көптеген өлеңдерін оқығанда, оның музыканы терең түсінетіні және ерекше сүйетіні сезініп тұрады. «Ән-күй деп аталатын үш шумақтан тұратын шағын өлеңдерінде Абайша толғайды.

Қуаныш па, қайғы ма - ойды шырмап,

Еркін алып өзіне тартады ырғап.

Үші-тысың елжіреп, ес өзгеріп,

Көңіл жасы кетеді бәрін былғап.
Бейіш үні зыңылдап құбылады,

Көзге елестеп, құлаққа құйылады.

Жас жүрекке орнығып, бойыңды алып,

Жерде еместей көрінер адам жаны...


Ақынның әншілік қырын «Затаевич та өзінің «1000 песен казахского народа» деген еңбегінде атап өтеді. Яғни қазақтардың арасында әдемі ән айтатын жігіт барын, оның есімі Бернияз Күлеев екенін, сондай-ақ татар әндерін де әдемі айтатынын көрсетеді.

Жан-жақты қырынан көрініп, заманында қоғамына, халқына жанашыр болған, өмірден жастай өткен, жас та болса құнды дүние, өшпес мұра қалдырған дарынды талант иесінің іздену, үйрену жолдары туралы белгілі әдебиетші ғалым Ә.Дербісалин: «Ақынның азаматтық өмірі қаншама қысқа болса, ақындық өмірі де одан әлденеше аз болды, сол қысқа өмірінде ол іздену, үйрену, адасу жолдарының бәрін өтті» [11.. ] дейді.

Осылайша Б.Күлеев өзінен үміт күткен әдеби жұртшылықты да, халықын да күрсіндіріп, небары 24 жаста қайғылы қазамен көз жұмады. Ерте үзілген ақын тағдырының ескерткішіндей болып оның артында мәңгі өлмес жалындаған жастық жігерге толы, назды да сұлу әсем лирикасы, өшпейтін жырлары қалды.

Әзірге біздің шығаратын басты қорытындымыз - Бернияз Күлеев қазақ әдебиеті тарихынан келелі орын алатын дарын иесі. Әртүрлі жағдайға қарай оның творчествосында кездесетін торығушылық, күйректік сарындар болғанмен, Б.Күлеев реалистік мектептің өкілі, негізінде демократтық идеяны қолдаған. Осы жолда жемісті еңбек еткен талантты ақын.

Қандай да болсын ақын-жазушының шығармаларына тілдік тұрғыдан қойылар негізгі талап — олардың көркемдік  деңгейі. Әдеби туындыны көркем дүние деп атау, ал оның авторын шынайы қаламгер деп тану үшін шығарма белгілі бір көркемдік талаптарға жауап беруге тиісті. Ал көркемдіктің өлшемі — қолданылған сөздің ойды бере алатындай орынды һәм бейнелі қолданыстарға ие болуымен тығыз әрі тікелей байланысты. Проза мен драмаға қарағанда, поэзия тіліне қойылар көркемдік талап жоғары. Өйткені, «Поэзия өмір шындығын ойшылдықпен, ерекше сезімталдықпен ашып көрсетеді, бейнелеп суреттейді десек, тіл, сөз әлгі ақындық, көркем ой жеткізудің құралы» [1, 11].  Көркем ойды жеткізудің соған сай поэтикалық жүйесі қалыптасады. Мұндай көркем жүйенің әр авторға тән өзіндік сипаты болады. Мәселен, кейбір қаламгерлер шығармаларында теңеу мен эпитеттер, кейбір ақын-жазушыларда ауыспалы мағынадағы поэтикалық құралдар, үшіншілерінде синтаксистік айшықтаулар көбірек кездеседі. Б.Күлеев шығармаларының тілінде эпитет, теңеу, метафора, инверсия, қайталау сияқты поэтикалық құралдар мейлінше көбірек қолданыс тапқан.

Б.Күлеев өлеңдерінде осындай көркемдік, бейнелілік тудыратын сөздердің ең үлкен тобы — эпитет сөздер. Кезінде А.Байтұрсынов «Бір нәрсені  көптен айырып, көзге көбірек түсерлік етіп айтуынсыз келгенде, ол нәрсенің атына айқын көрсеткендей сөзді қосып айтамыз» деп [2, 155] жазған. Айқындау, яғни, эпитет-көркем әдебиеттің бейнелілік тудыратын аса мол ресурстарының бірі. Эпитет те теңеу сияқты троптарға, синтаксистік фигураларға жатпайды. Өйткені троптар ауыспалы мағынада тұрса, ал айшықтаулар немесе фигуралар сөздің сөйлемдегі орнымен, қайталануымен немесе тіркес жасау ерекшеліктерімен, яғни олардың синтаксистік құрылысымен байланысты. Кейбір ақын-жазушылардың тілін зерттеуде эпитетті троптың шеңберінде қарастыру ұшырасып жатады, оның тура мағынадағы сөз екендігі, әуелгі семантикалық ерекшелігі бұрмаланып беріліп жүрген жайы да бар. Троптарды қолдану жазушының көркем ойының астарлы ойлау жүйесімен байланысты болса, эпитетті қолдану оның байқампаздығын аңғартады.

Эпитет арқылы тіркестер жасау Б.Күлеев поэзиясында негізінен алғанда табиғат көркін берумен байланысты. Жалпы, бұл — дәстүрлі ерекшелік. Табиғат лирикасында эпитеттер қашан да көбірек қолданылған. Мәселен, жасыл жапырақ, сұрғылт бұлт, қыналы қыр, тобылғылы қызғалдақ, жылтыр қанат көбелек, жазғы таң, қырмызы қыр, т.с.с. Адамның түр-түсін, заттың ерекше белгісін беруде де эпитеттің өзіндік мәні бар. Мәселен, үлкен қала, елең-алаң күй, қатты, қара  жартас, сүйікті анам, сұлу қыз, адал жүрек, ақ ниетті перизат, т.б.

Бернияз белгілі бір эпитеттерді бірнеше рет қайталай қолдана отырып та, бейнелілік тудырады:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет