Б.Ғ. НҰҒман а. А. Абдрахманова а. О. Жетписбаев


ХІ-бөлім. Тұрғын халық және демографиялық процестер (ХІХ-ХХғғ.)



Pdf көрінісі
бет50/51
Дата01.12.2022
өлшемі1,25 Mb.
#54211
түріУчебное пособие
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
Б. . Н ман а. А. Абдрахманова а. О. Жетписбаев

ХІ-бөлім. Тұрғын халық және демографиялық процестер (ХІХ-ХХғғ.) 
Қазақстан Республикасы этникалық, ұлттық және конфессионалды 
құрамы жағынан бірегей құбылыс түрінде ұсынылады. Бүгінгі күнде 
республикада 131 ұлт өкілдері тұрады. Осындай әр тектілік орта ғасырларда 
да өзекті болған. Тіпті Қазақ хандығының өзі бастапқыда бөлініп шыққан 
тайпалар конгомератын құрған. Дегенмен соңғы 150 жыл ішінде Қазақстан 
Республикасы аймағында орын алған демографиялық өзгерістерді ерекше 
деп есептеуге болады. Біздің ел сияқты, кезінде сорлаған, қуылғандар үшін 
туған жерге айналған Бразилия, АҚШ және басқа да көптеген елдермен 
қатарластыра салыстыру өзінен-өзі ойға келеді.
Қазақстан Республикасындағы демографиялық процестер бір-бірінен 
сапалы түрде ерекшеленетін бірнеше кезеңде өтті: 
- Бірінші кезең патша үкіметінің 1917 жылға дейінгі көші-қон 
саясатымен байланысты. 
- Екінші кезең анағұрлым күрделі болады және 1917 жылғы 
революциядан басталады, тоталитарлық жүйе үстемділігі кезеңінде 
жарқын көрініп, біздің тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі болып 
табылады. 
- Ауқымды аграрлық миграция, урбанизация және көптеген басқа 
құбылыстар үшінші кезеңге тән болды. 
- Демографиялық өзгерістердің төртінші кезеңі «тоқырау» дәуірінің 
белгісін алып, қайта құрудан туындаған. 


- Қазіргі заманғы - бесінші кезең бүгінгі Қазақстанның болмысын 
бейнелейді.
Халық санағының мәліметтері, әрине, демографиялық өзгерістерді 
зерттеудің негізгі көздері болып табылады. ХІХғ. аяғына дейін Ресей 
империясындағы жүйеленбеген демографиялық ақпарат (Қазақстан оның бір 
бөлігі болған) біріншіден, полицейлік-әкімшілік есеп материалдарында, 
екіншіден, шіркеу есебінің құжаттарында, үшіншіден, түндік салық 
мәліметтерінде, төртіншіден экспедициялар материалдарында сақталған.
1897ж. Қазақстан Ресей империясында өткізілген 1-ші Бүкіл ресейлік 
санаққа енгізілді. Ресей империясындағы бірінші және жалғыз жалпы санақ 
1897 жылдың 9 ақпанына өткізілді. Санақтың бір қатар маңызды 
кемшіліктеріне қарамастан, дегенмен, оның мәліметтеріне сүйене отырып, 
Қазақстан халқының ұлттық құрамындағы қозғалыс туралы айтуға болады. 
1897-1917 жылдар аралығында қазақ халқы 1 млн. 200 мың адамға ұлғайды, 
бірақ оның меншікті салмағы азайды. 1897-1917жж. аралығында 
демографиялық процестерге әсер еткен негізгі факторлар: 
1. Патша үкіметінің қоныс аударту саясаты: 2 көші-қон толқындары 
(бірінші – ХІХ ғасырдың екінші жартысында және екінші – ХХ ғасыр 
басында). 1871-1917 жылдарда өлкеде 1,6 млн. астам адам қоныстанды, 
олардың көпшілігі Қазақстанға 1907-1916жж. келді.
2. Жоғары балалар өлімі және жеткіліксіз медициналық көмек. 
3. Қазақ халқының орта жылдық өсімінің төмендігі. 
ХІХ ғасырдың соңына қарай халықтың көпшілігі Сырдария; ең азы - 
Торғай облысына келетін. Ел ең тығыз орналасқан уездер – Орал, Петропавл, 
Қостанай және Семей уездері. 1881-83жж. Петербор келісіміне сәйкес 
(1881ж. 12 ақпан) 45373 ұйғыр және 4682 дунған Жетісу облысына көшті. 
Сол кезде шетелден 25 мыңнан астам қазақ көшіп келді. ХХ ғасырдың 
басына қарай Қазақстанда 60 ұлт өкілдері өмір сүрді, олардың арасында түркі 
тілді халықтардан басқа (қазақ, өзбек, ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ, татар, 
башқұрт және т.б.) неміс, поляк, мордва, дунған, тәжік, еврей және т.б. 
халықтар тұрған.
Екінші кезең басталысымен тұрғылықты халықтың тек пайыздық емес, 
сонымен қатар сандық жағынан да күрт төмендеуі байқалады. 1917ж. екі 
революция (ақпан және қазан), азаматтық соғыс, 1918 жылы Түркістан АССР 
құрылуы (және оның құрамына қазақтың екі облсының – Жетісу және 
Сырдария облыстарының енгізілуі), 1920ж. кеңеске қарсы бүліктер және 
олардан кейінгі жазалау экспидициялары этникалық және әлеуметтік құрамға 
теріс әсерін тигізді. Бірақ қайғылы оқиғалар қатары осымен аяқталған жоқ. 
1920ж. қазан айында ҚАССР жарияланды (РСФСР бөлігі ретінде), оның 
құрамына Орынбор губерниясы енгізілді (мұнда орыс халқы басым болған). 
1921ж. 28 ақпанда ҚазОАК қалымды және көп әйел алуды жою туралы 
Декрет қабылданды. 1921-22жж. – қатты құрғақшылық жаппай 
ашаршылыққа әкелді, оның нәтижесінде 1114 мыңнан астам қазақ қайтыс 
болды.


1924ж. – Орта Азия республикаларының ұлт-аймақтық бөлінуі, оның 
нәтижесінде ТүркістанАССР қзақ аудандары Қазақстан құрамына кірді. 
Орынбор губерниясы Ресейге берілді. Бірте-бірте урбанизация процесі орын 
алады, және де қала тұрғындарының саны 1897 жылдағы 265,4 мыңнан 1926 
жылы 520,5 мыңға дейін жоғарылайды. Ең көбірек қалаландырылған 
халықтар – татарлар, өзбектер, орыстар және ұйғырлар; ең аз 
қалаландырылғаны – қазақтар, украиндар, немістер, бірақ ауыл 
тұрғындарының саны қала тұрғынадрының санынан күрт басым болды. 
Кейіннен, демографиялық өзгерістердің екінші кезеңінде мынадай 
тенденциялар байқалды: 
Түрксіб құрылысы, Қарағанды көмір бассейнінің өндірісі және Балқаш 
мыс балқыту заводының құрылысы одақтың басқа елдерінен көптеген 
мамандардың қатысуын талап етті, өз кезегінде Қазақстаннан халықтың бір 
бөлігі ССРО құрылыстарына қоныс аударды: Магнитогор металлургиялық 
заводының құрылысына – 4,5 мыс отбасы (35-37 мың адам), Батыс Сібір 
кәсіпорындарына – 30 мыңнан астам қазақ және т.б. 1918ж. наурыз айынан 
коммуналар құрылысы үшін қозғалыс басталады (Қазақстанға Петербордан, 
Мәскеуден және т.б. жұмысшылар келеді). 1921 ж. басына қарай қоныс 
аударушылардан 
құралған 
150 
коммуна 
құрылды. 
1921-22жж. 
ашаршылықтан кейін Қазақстанда қоныс аударғандардың бірқатары Ресейге 
көшіп кетеді.
Қазақстанда жаппай ұжымдастыру және зорлап седентарлау өткізу 
нәтижесінде 1932-1933 жылдардағы ашаршылық келді.
Демографиялық 
процестерге 
Қазақстанда 
ГУЛАГ 
жүйесінің 
қалыптасуы, 1920-1930 жж. репрессиялар және жер аудару процестері 
маңызды әсер етті.
Сонымен қатар Қазақстандағы демографиялық процестерге Ұлы Отан 
соғысының нәтижелері әсер етті. 1941-1945жж. ішінде Қазақстанда (1995ж. 
мәліметтер бойынша) тікелей майдандарда қаза болғандардың саны 601 011 
адамды құрады.
Үшінші кезең басталысымен 1954-62жж. Қазақстанға негізінен ССРО 
еуропалық бөлігінен 2 млн. адам келді. Урбанизация процестері жалғасуда 
және де қала тұрғындарының саны негізінен көші-қон есебінен ұлғаюда. 
Үшінші кезең кезінде туу жоғарылап, некеге тұру жасы төмендейді, өлім 
азайып, жағымды көші-қон жағымсыз көші-қоннан басым болады.
Төртінші кезеңде күрт өзгерістер орын алады, бұл кезде миграциялық 
ағымдар үш негізгі бағытта байқалады: халықаралық, республика аралық, 
республика ішінде. 1980-ші жылдарға жағымсыз миграциялық баланс тән. 
1981-85жж. эмигранттар саны иммигранттар санына 320 мың адамға; 1986-
89жж. – 481 мың адамға басым болды. Бұл Қазақстандағы жағымсыз саяси 
процестер себебінен және ССРО-дан көшуге тыйым алынғаннан кейін (1988) 
орыстардың Ресейге кетуімен байланысты болды. 
Соңғы – бесінші кезеңде жалпы қазақ халқы санының, сонымен қатар 
жеке халықтардың санының азаюы орын алды. Тек қазақ халқының 
абсолютты саны салыстырмалы түрде шамалы жоғарлауында меншікті 


салмағы 5% артты, ал басқа халықтардың саны айтарлықтай қысқарды: 
орыстар - 5%, украиндықтар – 1,2%, өзбек, неміс, татар және басқа да 
халықтардың меншікті салмағы шамалы ғана қысқарды. Қоғамда саяси 
тұрақтылықты және ұлтаралық келісімді сақтау үшін мемлекет басшысының 
жарлығымен ұлттық саясат мәселелерін шешу үшін Қазақстан халқының 
Ассамблеясы 
құрылды. 
Осы 
мақсатпен 
2003 
жылы 
Қазақстан 
Республикасында планетаның барлық діндерінің өкілдері қатысқан бірінші 
съез өткізілді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың дін 
қайраткерлерінің кездесулерін өткізіп, адамзат дамуының ең маңызды 
мәселелерін талқылау бастамасы барлық діни басшылардың мақұлдауын 
тапты.
Қазақстандағы демографиялық жағдай бірқатар себептермен қолайсыз 
деп танылуда: Туу көрсеткіштерінің нашарлауы; Өлім жоғарылауы; жалпы 
республика, облыстар және жеке этникалық топтар бойынша халық өсімінің 
төмендеуі; Туу көрсеткіштеріне жақсы тұрмыс жағдайы және қалаландыру 
деңгейі әсер етеді; Балалары аз отбасыларынан шыққан жастар балалары аз 
отбасына 
бағдарланады; 
Алғашқы 
ауылдан 
шыққандар, 
қаладан 
шыққандарға қарағанда бала көптігіне бағдарланған.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасында өлімді төмендетуге 
және халық денсаулығын жақсартуға, балалар санын жоғарылатуға және 
жағымсыз миграцияны төмендетуге бағдарланған демографиялық саясатты 
қалыптастыру 
бастамалары, 
көздері 
салынуда. 
Осындай 
сипатты 
мәселелердің шешілмегендігі бүгінгі күнде болашақта жағдайдың одан әрі 
тереңдетілуіне және әлеуметтік болмыстың ұшығуына әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет