Б.Ғ. НҰҒман а. А. Абдрахманова а. О. Жетписбаев


ІХ-бөлім. ХІХ-ХХ ғасыр аралығындағы қоғамдық-саяси өмір



Pdf көрінісі
бет47/51
Дата01.12.2022
өлшемі1,25 Mb.
#54211
түріУчебное пособие
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
Б. . Н ман а. А. Абдрахманова а. О. Жетписбаев

 
ІХ-бөлім. ХІХ-ХХ ғасыр аралығындағы қоғамдық-саяси өмір 
Бірінші орыс революциясының басталуына қарай дала өлкесі отарланған 
шет аймақ құқығымен ресейлік мемлекеттің экономикалық және саяси 
қатынастар жүйесіне нық енді. 18 ғасырдың бірінші жартысында басталған 
оның құқықтық жағдайын рәсімдеу процесі аяқталды десе болады. 
Сондықтан Ресей империясындағы кез келген саяси оқиғалар оның далалық 
түкпірлеріне бірден жететін. 
Қазақстанда революция қарсаңында өмірдің жеке салаларында оның 
құрылымында болып жатқан терең ішкі өзгерістерді дәлелдейтін жаңа 
құбылыстар туындай бастады. Әсіресе бұл өзгерістер, экономикалық өмірге 
қарағанда, жаңа қалыптасып жатқан қатынастарға қатты әсер ететін көшпелі 
қоғамның рухани өміріне тиісті болды.
ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басы Ресей империясының 
қазақ және басқа да түркі халықтарының ұлттық санасының күрт 
өсуінің уақыты болды, бұл қоғамдық-саяси өмірдің белсендендірілуінен, 
мәдени прогрестен, ұлттық тілдердің, әдебиет пен баспасөздің 
орнығуы мен дамуынан, реформалық қозғалыстардың (жәдітшілдік), 
жаңа 
идеологиялық 
тұжырымдамаларының 
(түркішілдік, 
исламшылдық, тұраншылдық) таралуынан және т.б. көрінді. ХХ 
ғасырдың 
басында 
қазақтардың 
этникалық 
сана 
сезімінің 
қалыптасуына, мәдени және әлеуметтік-саяси шоғырлануына 
жалпыресейлік сұлба бойынша басқару жүйесін орталықтандыру, бір 
ізге келтіру процестері, қазақ элитасының салыстырмалы түрде 
маңызды білімді таптарының қалыптасуы және қарқынды қоныс 
аудару саясатының, жер пайдаланудың дәстүрлі жүйесінің 
бұзылуының, ежелгі тұрғындардан жерлердің тартып алынуының 
нәтижесінде халық жағдайының нашарлауы шешуші ықпал етті. Сол 
уақытта мемлекеттің интеграциялық саясаты тек жалпыресейлік 
басқару органдарының ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік-мәдени 


нормалардың да енгізілуіне мүмкіндік туғызды. Бұл қоғамның ойшыл 
бөлігінің адамның экономикалық, саяси, мәдени, оның ішінде діни 
құқықтары саласындағы төзуге болмайтын жағдайларды ұғынуын 
тездетті.
 
Патша өкіметі өзінің жоспарлары мен мәселелерін шешу үшін Дала 
өлкесінде білім мен мәдениет саласын кеңейтуге мәжбүр болды, өйткені 
оның табиғи қорларын өңдеу үшін білімді мамандар, сауатты қосалқы 
шенеуніктер аппараты және жергілікті тұрғындар санынан жалдамалы 
жұмысшылар қажет болды. Рухани саладағы белсенділік, барлық өкілдерін 
бірдей байытатын әр түрлі мәдениеттер түйісетін ірі облыстық орталықтарда
оқитын немесе жұмыс істейтін қазақ жастары арасынан байқалды. Қазақтың
ұлттық зиялы қауымы сыртқы және ішкі факторлардың өзара ықпалдасуында 
өзінің орнығуын осылайша бастаған.
Өзінің құрамы мен бағыты бойынша, қоғамдық-саяси қызметінің сипаты 
бойынша зиялы қауым әр түрлі топтарды біріктірді, бірақ оның негізгі 
бөлігін отаршыл әкімшілік өкілдері, оның ішінде дәрігерлер, мұғалімдер, 
адвокаттар және т.б. құрады.
Жергілікті зиялы қауымның қатарлары өздерінің көзқарастары мен 
әрекеттері бойынша айрықшаланатын. Олардың кейбіреулері, негізінен 
төменнен шыққандар, социалистік идеяларды ұстанды, өздері социал-
демократтар, эсерлер болды немесе олармен бірігіп қызмет етті. Қазақтың 
зиялы қауымының екінші, саны жағынан емес, ықпалы жағынан маңызды 
бөлігі либерал-демократиялық жолын ұстанды. Бұл негізінен даланың 
ақсүйектер таптарының өкілдері болды (Ә.Бүкейханов, Б.Қаратаев, Ж.Ақпаев 
және т.б.), дегенмен олардың арасында ауылдың орта және төменгі 
таптарының өкілдері де кездесіп отырды (А.Байтұрсынов және т.б.).
Батыс ойшылдарынан алынған либерализм және демократия туралы 
классикалық идеялардан басқа ұлттық зиялы қауым өз идеялық қаруы 
ретінде исламшылдық пен түркішілдіктің теориялық негіздерін алды.
Исламшылдық (панисламизм) (ежелгі грек тілінде Pan – «барлығы» және 
араб. Islam – «ислам») – діни-саяси идеология, оның негізінде төмендегі 
түсініктер жатыр: 

әлеуметтік, ұлттық және мемлекеттік тиістілігіне қарамастан, 
бүкіл әлем мұсылмандарының рухани бірлігі туралы; 

және олардың жоғары дін басшысының (халифтің) қоластында 
саяси бірігу қажеттілігі туралы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет