Би Темірге айтқан бірінші толғауы


САМҮЙРЕК – үйректің бір түрі. Алма мойын самүйрек, Ана Еділден көксіген. (Шалкиіз) САҺАР



бет10/11
Дата06.04.2023
өлшемі66,03 Kb.
#79876
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
САМҮЙРЕК – үйректің бір түрі.
Алма мойын самүйрек,
Ана Еділден көксіген. (Шалкиіз)


САҺАР – аққудың қоразы.
Айдынды көлге қалшауып,
Тоғызын соғып ұшырған,
Қу сұлтаны саһарсың!
Саһарыңды сайлап қаусырған
Боз сұңқарым өзіңсің! (Шалкиіз)


ТАРАҢ - сәнделу, жөнделу, тарану.
Күпе-күндіз тал түсте,
Тараңдап түзге кетер кісі бар. (Шалкиіз)


ТАРП – малдың алдыңғы екі аяғымен жерді соғуы, ұруы.
Атайы ердің тұсында
Тұлпары тұрар тарп ұрып (Шалкиіз)


ТАРПАҢ – асау ат.
Тарпаңдай тізесін бүгіп су ішкен,
Арқада мезгілсіз жылқы жусаса,
О-дағы бір аш қасқырға жолығар. (Шалкиіз)


ТАУАП ЕТУбір нәрсені, оның ішінде қасиетті жерді айналып жүру.
Ниет еттің тәңірінің үйі кебеге,
Ниет етсең жетерсің,
Жетсең тауап етерсің. (Шалкиіз)


ТӘРІК ЕТУ – дүние-мал жинамау, тастап кету, безу.
Айналаңды берік етер,
Жиған малың тәрік етер,
Атың, тоның бұлды етер. (Шалкиіз)


ТЕБІНГІ – тоқым қысқа болғанда аяқкиім мен шалбар балағын аттың терінен қорғайтын ер-тұрман әбзәлі. “Тебінгіге тер қатып ...”
Еділден аққан сызашық,
Біз көргенде тебінгіге жетер-жетпес су еді. (Шалкиіз)


ТЕБІР – бөтен, кірме, келімсек.
Тебірлерге қалғанда
Теңселер сойды ауыр ноғай жұртыңыз! (Шалкиіз)

Тебірдің жұртта не ісі бар,


Тепкісіздің сеніменен не ісі бар,
Сұлтан ием, жұрт иесі өзіңсің! (Шалкиіз)


ТЕГЕУРІН – мықты, күшті, адуынды, пәрменді.
Тегеурінді болат темірдің
Тегеуріні өзіңсің! (Шалкиіз)


ТЕЛЕГЕЙ - көп жерді алып жатқан ұшы-қиыры жоқ мол су.
Телегейдей сайқалтып,
Жарқыраған беренді (Шалкиіз)


ТОБЫЛҒЫ - раушан гүлділер тұқымына жататын қызыл күрең түсті бұта.
Тобылғының берегі
Иіл болып беріш бітсе (Шалкиіз)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет