Би Темірге айтқан бірінші толғауы


ТӨҢБЕК – жұт, зілзала. Ағынды сулар, аймақ көл Тасыса төңбек келтірер. (Шалкиіз) ТӨРТКІЛ



бет11/11
Дата06.04.2023
өлшемі66,03 Kb.
#79876
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ТӨҢБЕК – жұт, зілзала.
Ағынды сулар, аймақ көл
Тасыса төңбек келтірер. (Шалкиіз)


ТӨРТКІЛ – таудың ұшар басындағы тегіс жер.
Төрткілдеп ошақ қаздырып,
Төбел бие сойғызып. (Шалкиіз)


ТҰҚЫЛДЫҚ – сиыр мүйізінің түбі.
Тұқылдықтан тарсылдап
Үзілер болғай сол мүйіз. (Шалкиіз)


ҰЯЛЫ БЕРІК – нар деген мағынада.
Ұялы берікке қос артып,
Сен есенде, мен сауда,
Ырысымды сындайын. (Шалкиіз)


ХАҚ - 1. Шындық, күмәнсіз, ақиқат.
2. діни. Мұсылман дініндегілердің ұғымы бойынша дүниені жаратқан алла тағала, құдай,тәңірі.
Табылмаса қайтейін,
Мен ісімді Хаққа тапсырғанмын һәр жерде. (Шалкиіз)


ШАЛУЛЫҒЫ – бітімі, бітісі, өсіктігі.
Жапырағы жасыл жаутерек,
Жайылмағы оның желден-дүр.
Шалулығы белден дүр,
Төренің кежігуі елден-дүр. (Шалкиіз)


ШАЛ САҚАЛ – ақ сақал, бурыл сақал сөздерінің көне варианты.
Ашалай шалың ақталап,
Шемшірлігің ноқталап,
Шал сақалын жылаттың. (Шалкиіз)


ШЫРЛАПшарықтап, биіктеп.
Асқар, асқар, асқар тау,
Асқардан биік тау болмас.
Басына балапан торғай шырлап ұшып қона алмас. (Шалкиіз)


ЫРЫС – 1. зат. Адамды үстем ететін, қуанышқа бөлейтін игілік, мерей, бақ, береке, мол байлық.
2. Адамның талайына жазылған, бұйырған ішіп-жем, күнкөріс, несібе, бақ. Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық (Қаз.мақал.).
3. фраз. Ырыс қонды - бақ орнады. Ілгері басқан адамға іркілместен ырыс қонар. Ырысы бес елі - бақ-құты, несібесі мол. Ырысы қайтты - береке-байлығы шайқалды.
Сен есенде, мен сауда
Ырысымды сындайын,
Сегіз қиыр шартараптан іздермін! (Шалкиіз)


ҺӘР – әр, әрбір.
Ау, бөрілер, бөрілер,
Бөрімін деп жүрерлер,
Һәр бірінің баласы
Алтау болар, бес болар,
Ішінде абаданы бір болар,
Абаданынан айрылса,
Олардың һәр біреуі
Һәрбір итке жем болар. (Шалкиіз)

Тайғақ кешу, тар жерде,


Менің досым бар-ды һәр жерде. (Шалкиіз)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет