Қозғыштық - жасушалардың тітіркендіргіш әрекетіне белгілі бір жолмен жауап беру қабілеті.
Қозу - бұл белсенді физиологиялық процесс, қозғалғыш жасушалардың реакциясы, бұл әрекет потенциалының пайда болуымен, оның бұлшықет жасушалары үшін өткізгіштігімен және жиырылуымен көрінеді. Жасушалар эволюциясындағы қозғыштық барлық тірі жасушаларға тән тітіркену қасиетінен дамыған және бұл тітіркенудің ерекше жағдайы.
Тітіркену- бұл өмірлік процестерді өзгерту арқылы тітіркендіргіш әрекетіне жауап беру үшін жасушалардың әмбебап қасиеті.
Қозғыш тіндер - бұл тітіркендіргіштің әсеріне жедел реакцияларды жүзеге асыру үшін арнайы бейімделген жүйке ұлпалары, без ұлпалары және бұлшықет тіндері.
Тітіркендіргіштердің жіктелуі. Тітіркендіргіш дегеніміз өз әсерімен тірі ұлпаларда қозу үрдісін тудыратын ішкі немесе сыртқы орта факторлары, агенттері.
Олар бірнеше принцип негізінде жіктеледі.
Табиғатына байланысты тітіркендіргіш химиялық (қышқылдар, сілтілер, тұздар, улар т.б.), физикалық (механикалық, термиялық, электрлік, сәулелік, дыбыстық т.б.), биологиялық (микробтар, вирустар, гормондар т.б.) болып бөлінеді.Ұлпалар мен жалпы организмге ететін әсерінің мәніне қарай тітіркендіргіштер үйреншікті (адекваггы) және тосын (инадекватгы) болып бөлінеді. Ұлпалар мен құрылымдар әсеріне эволюциялық даму барысында жақсы бейімделген, сондықтан оларға қалыпты, табиғи жағдайда әсер ететін тітікендіргіштерді уйреншікті тітіркендіргіш дейді. Мысалы, ет талшықтары үшін нерв тітіркенісі, көз фоторецепторлары үшін — сәуле, есту рецепторлары үшін — дыбыс толқыны т.с.с. үйреншікті тітікендіргіш болып табылады. Ұлпалар мен мүшелерге табиғи жағдайда әсер етпейтін тітікендіргіштерді — тосын тітіркендіргіш дейді. Қалыпты жағдайда олар ұлпаларда қозу үрдісін тудырмайды, бірақ әсер күші мен тітіркендіру мерзімі жеткілікті болғанда олар қозу үрдісін тудыра алады. Мысалы, әр түрлі механикалық факторлар (соғу, шаншу, қысу т.б.), электр тогы, қышқылдар әсерімен бұлшық ет жиырылады.Әсер кушіне қарай тітікендіргіштер табалдырықты, табалдырықтан жоғары және табаддырықтан төмен болып бөлінеді. Тітіркендіргіштің қозу үрдісін тудыратын ең аз шамасын табалдырықты тітіркендіргіш, немесе бастау куш, дейді. Әсер күші табалдырықтан кем тітікендіргішті табалдырықтан төмен, ал табалдырықтан артықтарын — табалдырықтан жоғары тітіркендіргіштер дейді
Қозғыш тіндердің жалпы физиологиялық қасиеттеріне мыналар жатады: 1) қозғыштық – тірі тіндердің, күші мен ұзақтығы жеткілікті және тез әсер ететін тітркендіргішке, өзінің физиологиялық қасиеттерін өзгерте, қозуға келіп, жауап беру қабілеті. Қозған тіндер әрқайсысы өзіне тән қызметін атқара бастайды: жүйке қозуды өткізеді, бұлшықет жиырылады, бездер сөл шығарады. Қозатын тіндердің қозғыштығы бірдей болмайды. Ең жоғары қозғыштық жүйке тіндерінде болады. Қаңқа бұлшықеттерінің қозғыштығы, бірыңғай салалы еттермен салыстырғанда, жоғары. Қозғыштықтың өлшемі тітіркендіру табалдырығы болып саналады.
өткізгіштік – пайда болған қозуды электрлік сигнал түрінде, тітіркендірген жерден әрі қарай, тіннің ұзына бойымен өткізу қаблеті. 3) рефрактерлік (қасарысу, қозбау) кезеңі – тіндердегі пайда болған қозу кезіндегі оның қозғыштық қабілетінің уақытша төмендеуі. Рефрактерлік екі түрлі болады: абсолюттік (тітіркендіру күші қандай болса да жауап жоқ) және салыстырмалы (тіннің қозғыштығы біртіндеп қалыпқа келе бастайды, сондықтан ол табалдырықтан жоғары күшке жауап береді). Абсолюттік рефрактерлі кезеңнің ұзақтығы жүйке талшығында – 1-2 мс болса, ет талшықтарында – 4-5 мс, ал жүйке-ет байланысында (түйіспеде) 8-10 мс. 4) лабилдік – қозғыш тіндердің тітіркендіруге белгілі бір жылдамдықта жауап беру қабілеті. Алғашқы рет лабилдік туралы ұғымды физиологияға енгізген орыс ғалымы Н.Е.Введенский. Лабилдік деп әсер етуші тітіркендіру жиілігіне сәйкес 1с ішінде пайда болатын қозудың ең жоғарғы (максималды) санын айтады. Тін неғұрлым қозғыш болса, оның лабилдігі сонша жоғары болады. Мысалы, жүйке талшығының лабилдігі 500-1000 Гц, ет талшығында – 250-350 Гц, ал жүйке-ет түйіспесінде – 100-125 Гц болады. Қозғыш тіндердің жауабы әсер ететін злектр тітіркендіргішінің күші мен жиілігіне байланысты. Тітіркендіру жиілеген сайын, белгілі бір шамаға дейін, бұлшықеттің жиырылу шайқалымы (амплитудасы) арта түседі, одан да жиі тітіркендірілсе, белгілі бір межеге жеткен сәтте, ол тіпті жиырылмай қояды. Бұлшықеттің сіресіп жиырылуын қатты күшейтетін ең жоғары (максималды) тітіркендіргіш саны оптимум – оңтайлы жиілік, ал сіресу күшін төмендететін не жауапсыз қалдыратын тітіркендіру шамасы – пессимум – күйректік жиілік деп аталады.