Билет №1 Қозғыш тіндер


Орталық нерв жүйесін зерттеу әдістері



бет21/65
Дата30.03.2023
өлшемі245,42 Kb.
#77656
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   65
2. Орталық нерв жүйесін зерттеу әдістері.
Орталық жүйке жүйесін (ОЖЖ) зерттеу әдістері. ОЖЖ-ін зерттеу әдістері екі үлкен топқа бөлінеді:
1) жануарларға жасалатын тәжірибелік (эксперименттік) әдіс; 2) адамдарға қолданатын физиологиялық-клиникалық әдістер.
Қалыпты физиологияда жүргізілетін тәжірибелік әдістер қатарына жүйке құрылымдарының қызметтерін белсендіруге немесе төмендетуге (басуға) келтіретін әдістер кіреді. Оларға мына әдістер жатады:
ОЖЖ-нің әр түрлі деңгейінде көлденең кесу әдісі;
экстирпация әдісі (денервация, ми бөлімдерін алып тастау);
тітіркендіру әдісі (физикалық, химиялық, көбіне электрлік әсерлер);
бақылау (ертеден келе жатқан және маңызын жоғалтпаған әдістердің бірі). Оны дербес қолдануға болады, көбіне басқа әдістермен бірге жасалады.
Тәжірибе жасаған кезде бұл әдістер бір бірімен үйлестірілген түрде өткізіледі.
Клиникалық әдістер адамның ОЖЖ-нің физиологиялық жағдайын зерттеуге бағытталған. Оның қатарына келесі әдістер кіреді:
бақылау;
бас миының электрлік потенциалдарын тіркеу және талдау әдісі
(электроэнцефалография, магнитоэнцефалография, т.б.);
радиоизотоптарды пайдалану әдісімен нейрогуморалдық реттеуші жүйелер қызметтері зерттеледі;
шартты рефлекстік әдіс (ми қыртысының үйрету, бейімделу
әсерленістерінің даму механизмдеріндегі ролі зерттеледі);
сауалнама (анкета) өткізу әдісі (ми қыртысының үйлестіру қызметі бағаланады;
модельдеу әдісі (физикалық, математикалық және т.б.) Организмдегі өтіп жатқан үдерістердің (әрекеттердің) механизмдерін түсіндіретін жасанды үлгісін жасау;
кибернетикалық әдіс (жүйке жүйесіндегі басқару мен байланыс үдерістерін зерттейді). Ол жүйке жүйесінің әр түрлі деңгейдегі қызметтерін ұйымдастыруды, жүйелер мен мүшелердің жұмыстарына қажет әсерлерді таңдау және басқаруды, ақпаратты қабылдауды және өңдеуді қамтамасыз етеді.


БИЛЕТ №16



  1. Нерв орталықтары. Нерв орталықтарының қасиеттері.

Нерв орталығы белгілі бір рефлекстердің жүзеге асуына қажетті және ағзадағы белгілі бір қызметтерді реттеуді жүзеге асыратын нейрондардың шоғыры болып табылады.
Орталық нерв жүйесінде қозу өтудің ерекшіліктері нерв орталықтарын құрайтын нейондар арасыдағы синапстар қасиеттерімен тікелей байланысты.
1) Қозуды біржақты өткізу. Орталық нерв жүйесінде қозу тек бір жақты, рецепторлық нейроннан эффекторлық нейронға қарай өткізіледі. Бұл қасиет орталық нерв жүйесіндегі нерв орталықтарында көптеген синапстық байланыстың болуына байланысты. Синапстарда қозу тек бір жақты ғана беріледі. Пресинапстық мембранадан бөлінетін медиатор постсинапстық мембранаға әсер етеді.
2) Нерв орталықтары арқылы қозудың кешеуілдеп өтуі. Бұл қасиетте синапстардың санына байланысты. Себебі, рефлекторлық доға жүйесінде қозу орталық нерв жүйесінің синапстары арқылы кідіріп өткізіледі. Нақты өлшеу жүргізгенде бір синапстағы кідіру 0,5 мсек болатындығы анықталған.Соған байланысты рефлекстің орталық уақыты қондырма нейрондардың санына тәуелді болады.
3) Нерв орталықтарында қозудың жинақталу құбылысы. Жинақталу құбылысын нерв орталықтарының қасиеті ретінде алғаш байқап сипаттаған И.М.Сеченов (1863) болды. Бұл қасиет нерв орталықтарының бірінен кейін бірі әсер еткен табалдырық асты күшіндегі тітіркендіргіштерді ұштастырудан туындаған өзгерістерді (єлсіз қозуларды) жинақтауынан жауап реакцияны алуымыздан көрінеді. Жиынтықталудың екі түрін айырады: жүйелі, бірізді (уақыттық) және кеңістік. Уақыттық жиынтықталу – нерв орталығына бір афференттік нерв талшығы арқылы қысқа интервалмен бірінен соң бірі келетін қозулар арасындағы өзара әрекеттесуден көрінеді. Кеңістік жиынтықталуды алу үшін бір рецептивтік алаңдағы екі немесе бірнеше рецепторлар бір мезгілде тітіркендіріледі. Сонда, бір ғана рецептор бір рет тітіркенгенде тумайтын рефлекторлық акт байқалады.
4) Қозу ырғағының трансформациясы. Нерв орталықтары өздеріне келген импульстер ырғағын өзгерте алады, трансформациялайды. Сол себептен де нерв орталығының жұмыс органына жіберетін эфференттік импульстері белгілі шамада тітіркендіру сипатынан басқаша бола алады. Афференттік нервке түскен бір стимулға жауап ретінде нерв орталығы жұмыс органына қозу импульстарының тобын жібереді. Нерв орталықтарынан шеткі жұмыс органдарына секундына 50-200 нерв импульстары түседі.
5) Әрекет соңы. Бұл қасиет жауап реакциясының ұзақтығы тітіркендіру ұзақтығынан артық бола алуында. Неғұрлым тітіркендіру күші жоғары болса және оның әсер ететін уақыты көп болса, соғұрлым әрекет соңы да ұзаққа созылады.
6) Нерв орталықтарының шаршауы. Нерв талшықтарына қарағанда нерв орталықтары жеңіл және тез шаршайды. Сондықтан да афферентік нерв талшықтарын ұзақ тітіркендіруден бастапқы кезде рефлекторлық акт біртіндеп әлсірей келе, ақырында тіпті тоқтайды.
7) Конвергенция, окклюзия және жеңілдену құбылыстары. Орталық нерв жүйесіндегі бір нейронда әр түрлі жолдармен жүретін импульстар тоғыса алады. Осыны конвергенция құбылысы деп атайды. Әр түрлі талшықтардағы импульстердің бір нейронда тоғысу кезінде олардың әлсіреуі де (окклюзия), кушеюі де (жеңілдену) мүмкін. Окклюзия кезінде, мысалы, екі афференттік талшық арқылы бір мезгілде нерв орталығындағы бір немесе бірнеше нейрондарға жететін импульстер тудыратын эффект сол афференттік талшықтарды жеке-жеке тітіркендіргенде туатын эффектілердің қосындысынан аз болады. Жеңілдену – бұған кері құбылыс. Әр түрлі нерв жолдары арқылы импульстер 2 не 3 нейронға бір мезгілде жеткенде пайда болатын эффектілердің қосындысынан артық болады.
8) Оттегі жетіспеушілігіне жоғары сезгіштік. Адам миы әр минут сайын шамамен 40-50 мл, оттегін сініреді. Бұл тыныштық күйдегі бүкіл организм пайдаланатын оттегінің 6/1-1/8-і. Оттегіне қажеттіліктің осынша жоғарылығынан оның жетіспеушілігін де нерв жасушалары тез сезеді.
9) Химиялық заттардың орталық нерв жүйесіне спецификалық әсер ететіндігі. Нерв клеткалары мен синапстар әр түрлі химиялық заттар әсерін таңдап сезе алады.
10) Нерв орталықтарының тонусы. Орталық нерв жүйесінде биоэлектрлік құбылыстарды зерттеуден мынадай ерекшілік анықталды: тыныштық күйде болғанның өзінде нерв орталықтарынан, ондағы нейрондардан ылғи да белгілі жиіліктегі нерв импульстері шығып шеткі органдарға қарай бағытталып отырады. Сондықтан да олардың тұрақты тонусы (қозу күйі) болады деп есептейді.
ОНЖ өзара әрекетінің принциптері
Қабылдау принципі-функционалды мақсаты бойынша антагонистік орталықтардың өзара әрекеттесуінде көрінеді. (қолдың иілгіштері)
Конвергенция-әртүрлі жүйке орталықтарынан бір нейронға импульстарды табу, қабылдау.
Жалпы ақырғы жол принципі -әртүрлі кірістерден бірдей эфферентті нейрондарға импульстердің конвергенциясы мүмкіндігі.
Кері байланыс-орындалуын бақылау. Басқару сигналының эффекторлық құрылымдарға әсер ету нәтижесі және реттелетін параметрдің мәні
Доминанттар-доминантты қозу ошағы тұрақты белсенділікке ие. Ол басқа орталықтардағы белсенділікті басады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет