Билет №1 Қозғыш тіндер


БИЛЕТ №27 Шартты рефлекстің тежелуі. Шартты рефлекстің тежелуі оның түрлері



бет34/65
Дата30.03.2023
өлшемі245,42 Kb.
#77656
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   65
Байланысты:
физио ответы билетов 103 (1) (2)

БИЛЕТ №27



  1. Шартты рефлекстің тежелуі. Шартты рефлекстің тежелуі оның түрлері.


Шартты, немесе ішкі тежелу, ми қыртысына ғана тән құбылыс. Ол ми қыртысының шартты рефлекстік қызметімен байланысты. Шартты тежелу біртіндеп қалыптасады да, ұзақ мерзімге сақталады. Бұл жағдайда орталық басқа, іргелес орталық ықпалымен емес, өзінде жүретін процестердің салдарынан тежеледі, сондықтан да оны ішкі тежелу деп атайды.


Шартты тежелу өшу, жіктеу, бөгеу, шартты тежеу болып бөлінеді.
Өшу — шартты тітіркендіргішті шартсыз тітіркендіргішпен бекітпей қоюдың салдарынан туындайды. Мұндай жағдайда шартты рефлекс күші бірте-бірте әлсіреп, соңынан ол өшіп қалады, осыдан шартты тітіркендіргіш әсерімен шартты рефлекс орталығында козу емес, тежелу процесі туындайды. Рефлекс өшкеннен соң біраз мерзімдік үзілістен кейін шартты сигнал шартсыз сигналмен демемей-ақ рефлекс тудырады. Демек, өшу кезінде рефлексті қамтамасыз ететін механизм жойылмайды, тек ол уакытша әрекеттен шығарылады.
Жіктеу — бір-біріне ұқсас екі шартгы тітіркендіргіштің бірін бекітіп, бірін бекітпеу нәтижесінде қалыптасады. Мысалы, итте метрономның минутына 100 соққысына шартты рефлекс қалыптасқан дейік. Осыдан соң метрономды минутына 96 рет соғатын жылдамдыққа қойып, Бұл тітіркендіргішті шартсыз тітіркендіргішпен ұштастыралмайтын, бекітпейтін болсақ, онда бірнеше қайталанудан соң екінші жағдайда тежелу процесі туындайды, жіктеу процесі жүреді. Осынан екінші тітіркендіргіш шартты тежегіш тітіркендіргішке айналады.
Бөгеу — шартты сигнал әсері мен оны шартсыз тітіркендіргішпен бекіту арасы адақтатылса, шартты рефлекстің басталу мерзімі де дәл сонша уақытқа бөгеледі. Бұл жағдайда шартты тітіркендіргіш әсері екі сатыға — әрекетсіз және әрекетті, бөлінеді. Бастапқы әрекетсіз сатыда шарпы сигналдың әсерімен шартты рефлекс орталығыңда тежелу процесі туындайды да, жауап-реакция бөгеледі. Осынан кейін тежелу тиылады дартта, қозу туындап, әрекет басталады.
Шартты тежеу — шартты рефлекс тудыратын сигналға бөгде тітіркендіргішті қосарлап, қабаттастырып, оны шартсыз тітіркендіргішпен бекінгенде байқалады. Мұнда й жағдайда тітіркендіргіштер қосындысы белсеңці өрекет тудырмайцы, тежелудің бастауына себепкер болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет