Әйтеке Байбекұлы(1644 -1700 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері.Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан.[1] Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсындаСамарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан
Қазақ халқының бұл билері елді үш жүздің бірлігін сақтауға шақырды.
6-билет 1)Беғазы-Дәндібай мәдениеті: Беғазы-Дәндібай мәдениеті — қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. 9 — 8 ғасырлар) Орталық Қазақстанды қоныстанған тайпалар мәдениеті. Беғазы және Дәндібай ескерткіш кешендерін алғаш зерттеп, мәдениет атауын ғылыми айналымға енгізген академик Ә. Марғұлан. Беғазы-Дәндібай мәдениетін өркендеткен тайпалар батысында Ұлытау, шығысында Абыралы, Шыңғыс таулары, оңт-нде Жетіқоңырдан Ертіс бойына дейінгі Нұра, Сарысу, Кеңгір өзендері бойлары мен Қызылтау, Бұғылы, Қызыларай, Қарқаралы, Баянауыл таулары аралығындағы кең жазықтарды қоныс еткен. Бұл кезде одан бұрынғы андрон мәдениетіне тән үлгілер сақталумен қатар, жаңа жерлеу ғимараттары, тұрғын үйлер пайда болып, жерлеу салты, өзіндік шаруашылық түрлері қалыптасады. Жаңа мәдениет қауымның жоғарғы лауазымды билеушілеріне арнап салынған қақпақ тастардан тұрғызылған зәулім кесенелерімен, мәйітті бір қырынан, аяқ-қолын бауырына жинап, сонымен қатар шалқалатып жерлеу, олардың жандарына қару-жарақ, әшекей бұйымдар қою ғұрыптарымен ерекшеленеді. Қыш көзелердің пішіні, жасалу, өрнектелу өзгешелігімен де айрықшаланады. Б.-Д. м-нің кесенелері күрделі сәулет өнері ескерткіштеріне жатады (Ақсу-Аюлы, Бұғылы, Беғазы, Дәндібай, Ортау, т.б.). Олар көбіне дөңгелек, төртбұрышты болып келеді. Ғимараттардың үсті қақпақ тастармен немесе жуан бөренелермен сатылы (пирамидалы) әдіспен жабылып, мәйіт ортадағы үлкен тас жәшіктерге жерленген. Қоныстар мен тұрақтардан табылған көзе ыдыстардың таяқшамен батыңқы сызылып салынған сыртқы өрнектері қарапайым, қиғаш, көлбей салынған шырша, тырнақ, шекілдеуік, жарты ай бейнелі, мойны мен ернеуіне белдемшелер жапсырылған. Ал қабірлердің ішіне қойылған ыдыстардың пішімдері мен өрнектері мүлде өзгеше. Олар қыл мойын құмыра пішімді, шығыңқы бүйірлі кесе, тостаған тәрізді, сырты сүйек қалыпшалармен әсем етіп өрнектелген. Осы кезеңде бұл өңірде ірі елді мекендер (Кент, Бұғылы, Шортанды-бұлақ, Қарқаралы, Ақкезең, Ұлытау, т.б.) пайда болған.