Билет Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы


-билет 1)Неолит дәуірі 4 билет 1



бет79/79
Дата07.06.2023
өлшемі202,52 Kb.
#99524
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79
Байланысты:
қаз тарих

49-билет
1)Неолит дәуірі 4 билет 1
2)Қыпшақ хандығы 8 билет 2
3) Кіші жүздің ресей империясының құрамына енуі 48 билет 3
50-билет
1)Қазақстан территориясындағы Андронов мәдениетінің 37билет
2)Қазақ жыраулары 18 ғ. ауызекі тарихи дәстүр түрлерінің бірі – сол кезден әйгілі жыраулар суырыпсалып айтқан қазақ толғаулары. Қазақ жыраулары – Ақтамберді, Үмбетей, Шалкиіз, Қожаберген, Бұқар, Жиембет, Доспамбет жыраулары – қазақ халқының ерлік кезеңінің өкілдері болды және өз шығармаларымен көшпелі қоғамның әлеуметтік идеологиясының қалыптасуына жәрдемдемдесті. Халыққа олар ерекше тұлғалар болып көрінді, бұл шын мәнінде де солай, өйткені жыраулар көреген деп есептелді, олардың айтқаны кейде хан билігінен де жоғары тұрды. Олардың шығармаларында ғасырдың аса маңызды оқиғалары сөз етілді, аңызға айналған тұлғалар, әскербасылар және басқалары туралы айтылды.
Ақтамберді жырау (1675-1768 жж.) – жауға, жоңғар басқыншыларына қарсы өліспей беріспейтін шайқасқа шақырған халық жаршысы, өз шығармаларында ол қазақ халқының бейбіт және еркін өмір туралы, әлеуметтік қайшылықтар жойылып, халықтың ізгі үміті орындалатын заман туралы арман білдіреді.
Үмбетей жырау (1706-1778 жж.) – Қазақ хандығының ең ауыр соғыс заманын суреттеді. Жаугершілік заманына тұстас келді. Үмбетей батырлық өлеңдерінде батырлардың қайраты мен ерлігін, халықтың елдік рухын жырлайды, ал батырлар мерт болған кезде, олардың есімдері азат етуші ер туралы жоқтау өлеңде мәңгілікке қалдырған. Үмбетей өз толғауларында даланың қоғ.-саяси өмірін жеткізеді. Бөгенбай батырдың өлімін Абылай ханға естіртудің жауапты міндеті Үмбетей жырауға жүктелді.
Бұқар жырау (1668-1781 жж.) – Абылай ханның ақылшысы және идеяларының жаршысы. Өз шығармаларында өз заманының жекелеген маңызды тарихи оқиғаларын дұрыс бейнелеп көрсетті.
Қожаберген жырау (1663-1763 жж.) – батыр, ел қорғаған, батыр ерліктері үшін Бұқар жырау «Ұстазым» атты толғауында ол туралы баяндайды. Қожаберген Тәуке хан тұсында «Жеті жарғы» заңдар жинағын әзірлеуге белсене қатысты. Қожаберген «Елім-ай» дастанында қазақтардың ауыр кезеңін суреттейді.
Шалкиіз жырау (1465-1560 жж.) – жырау туындылары әсерлі, өткір, аз сөзге көп мағына сыйғызған, сұлу сазды көркемдігімен ерекшеленеді. Оның шығармаларынан ортағасырлық қарапайым көшпелілердің өмірі туралы нанымды моральдік, эпикалық түсініктер көрініс тапқан.
3)ҚР мемлекеттік нышандары 37билет

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет