Билет Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы


-билет 1)Ақ орда мемлекеті (XIII-XVғ.ғ)



бет35/79
Дата07.06.2023
өлшемі202,52 Kb.
#99524
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   79
Байланысты:
қаз тарих

18-билет
1)Ақ орда мемлекеті (XIII-XVғ.ғ) Ақ Орданың құрылуы. Алтын Орда саяси дербестік алған бірнеше хандықтарға бөліне бастаған уақытта Қазақстан жерінде Ақ Орда деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды. Ақ Орда – Қазақстан аумағында монғолдардан кейінгі құрылған алғашқы мемлекет. Орталығы – Сырдария өзенінің орта ағысы бойына орналасқан Сығанақ қаласы болды. Жер аумағы.1242 ж. Батый ханның Еуропаға жасаған 7 жылдық жаулап алу жорықтарына қатысып, монғол күштерінің сол қанатын басқарған Орда Ежен Алтын Орда мемлекетінің шығыс бөлігін Алтай таулары мен Ертіс, Жайық өзендерін, Балқаш көлін, Сырдария алқабы мен Арал теңізінің солтүстігіне дейінгі ұлан байтақ өңірді өз үлесіне алды. Ішкі-сыртқы саяси жағдайы. Батыс, Түрік, Түркеш, Қимақ, Қыпшақ дәуірінен басталған қазақ халқының өз алдына халық болып қалыптасуы осы Ақ Орда дәуірінде үздіксіз дамыды. Монғол шапқыншылығы аса ауыр зардаптар әкелгенімен халықтың дамуын тоқтатқан жоқ. Қайта қазақ тайпаларының бытыраңқылығын, өзара қырқысын толассыз қан төгісті жойып, оларды бір мемлекет Ақ Орданың қоластына топтастырды. Ақ Орда 240 жыл өмір сүрді.
2) XVIII ғасырдағы өнер және музыка Көшпелілердің музыкалық мәдениетінің тамыры өте тереңде жатыр. Жартастардағы суреттерден билеп жүрген адамдардың, таяққа ілінген сылдырмақтарда ойнап тұрған адам бейнелерін кездестіруге болады. Әсілі, көшпелілердегі ең көне музыкалық аспаптар — ұрмалы даңғыра, курайдан жасалған үрмелі сыбызғы, ілмелі-шертпелі қобыз, домбыра іспеттес қарапайым аспаптар болған. Эпостардағы “адырнасын ала өгіздей мөңіреткен” деп келетін жыр жолдары өнерпаз жауынгердің садағының адырнасын іркіп-тартып музыкалық үн шығаратынын білдірсе керек. Орталық Азия, Сібір, Тибет халықтарында бүгінге дейін кездесетін бір ішекті қобыз осы музыкалык аспаптың көне түрі болуы мүмкін. Ауызбен үрлеп ойнайтын казақтың қыштан жасалған уілдек деп аталатын аспабының көне түрлері ортағасырлық Отырар қаласынан, Жамбыл облысындағы Ақтөбе (Баласағүн) қаласынан табылған. Олар X—XII ғасырларға жатады. Қоркыт ата бүкіл түркілер әлемінің сарын, күй, әуен өнерінің атасы болса, одан бергі музыка өнері әл-Фарабидің (IX—X ғғ.), ибн-Синаның (X ғ.), Ұлы жыршы Кетбүғаның (XIII ғ.), Сыпыра жыраудың (XIV ғ.), Асанкайғының (XV ғ.), Қазтуғанның (XV ғ.), Әбу әл-Қадырдың (XV ғ.), Әбдірахман Жәмидің (XV ғ.), Бұқардың (XVIII ғ.), Нысан абыздың (XVIII ғ.) аттарымен байланысты. Олар күйші-сазгер, жыршылар болған. Ал әл-Фараби, ибн-Сина музыка ілімінің теориясын алғаш жасаушы ғалымдар. Қазақта би өнері ертеден дамыған. Өкінішке орай, қазақ би өнері әлі жақсы зерттелмеген. Қазақ билері кебінесе би биленетін әуен, күй атымен аталып жүр. Мысалы, “Былқылдақ”, “Айжан қыз”, “Боз іңген”, “Сәулем-ай”, “Кербез сылқым”, “Қос алқа”. Ескі билер катарына “Алқа қотан”, “Ұтыс би”, “Киіз басу”, т.б. жатады. Қазактың әдет-ғүрыптык фольклорына “Жар-жар”, “Беташар”, “Сыңсу”, “Жоқтау”, “Бесік жыры”, “Тойбастар”, т.б. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет