Билет Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы


-билет 1)Батыс-Түрік қағанаты



бет31/79
Дата07.06.2023
өлшемі202,52 Kb.
#99524
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   79
Байланысты:
қаз тарих

16-билет
1)Батыс-Түрік қағанаты: Түрік қағанатының осыншама ұлан-байтақ жер енді ғана қалыптаса бастаған мемлекеттіктің шеңберінде ұзақ уақыт қала алмайтын еді. Олар іштен және сырттан болатын қысымға қарсы тұра аларлық өзара байланысты біртұтас экономикалық және этникалық-саяси организм болмады. Тек қарудың күшімен ғана құрылған империя оған ұзақ уакыт сүйеніп тұра алмады. Түрік қағанатында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, олардың талай жылдарға созылған мал індеттерімен, жұттарымен және ашаршылықпен ушыға түсуі, Суй Қытайының қағанат шекараларына шабуыл жасауы (581—618 жылдар), ақырында, оның аудандарының автономиялану үрдісінің табиғи түрде басталуы жалпы Түрік қағанатының 603 жылы екі дербес қағанатқа — Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінумен аяқталды; Батыс қағанаттың орталығы Суяб (Жетісу) болды. Бөлінуіне қарамастан, Батыс Түркі қағанаты Шығыс түркі қағанатына біршама саяси тәуелділікте болды, онда өкімет билігі түркілердің қаған руы ашиналардың қолында болды.
2)XVIIIғ. Қазақ әдебиеті: Қазақ әдебиеті — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады.
Халық фольклоры мен поэзиясының негiзi сол тайпалар шығарған ертегi, аңыз, мақал-мәтелдерде жатыр. Батырлардың отаншылдық сезiмi, туған халқының азаттығы жолындағы күрестерiн жырға қосқан батырлық эпостар («Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», т.б.), халық арасына кең тарап, сүйiктi шығармасына айналған, жастардың адал махаббаты, алмағайып тағдыры жырланған лиро-эпикалық дастандар («Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Қыз Жiбек», т.б.) қазiргi қазақ әдебиетінiң өз алдына мол мұрасы болып саналады. Ежелгi түркiлердiң арғы ата-тегi саналатын сақтардың батырлық жырлары арасындағы мазмұн, түр, стиль бiрлiгi көркемдiк дәстүр жалғастығы тұрғысынан ғыл. негiзде дәлелдендi. Сол себептi б.з.б. дәуiрлерде шығарылған «Алып Ер Тоңға»Шу батыр, «Атилла», «Көк бөрi» және «Ергенеқон» дастандары бүгiнгi қазақ әдебиетінiң қайнар-бастаулары болып табылады. Сондай-ақ аталған қаһармандық дастандар өзiнен кейiнгi тарихи кезеңдердегi — Түркі қағандығытұсындағы (8 ғ.) әдеби жәдiгерлердiң («Күлтегiн», «Тоныкөк», «Бiлге қаған» жырлары) жазылуына үлгi-өнеге, негiз болды. Түрiк қағандығы тұсындағы жазба әдебиет өзiнен бұрынғы сақтар мен ғұндардың ауыз әдебиетi үлгiлерiмен генезистiк, типологиялық, дәстүрлiк үндестiкте дамыды. Түркі қағандығы дәуiрiнде шығарылған ерлiк эпосының бiрi — «Қорқыт ата кiтабы». Ал, бұдан кейiнгi Қарахан мемлекетi тұсындағы немесе ислам дәуiрi (10 — 12 ғ.) деп аталатын тарихи кезеңдегi түркi халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихындағы Қайта өркендеу — Ренессанс дәуiрi деуге болады. Бүкiл түркi қауымын әлемге танытқан Әбу Насыр Әл-ФарабиӘбу Әли ибн СинаӘбу Райхан әл-БируниМахмұт ҚашқариЖүсiп БаласағұниАхмед ЖүгiнекиҚожа Ахмет ИасауиСүлеймен Бақырғани, т.б. осы Қайта өркендеу дәуiрiнде тарих сахнасына шықты. Олар өзерiнiң ғылыми және көркем туындыларында гуманистiк идеяларды, адамгершiлiк пен қайырымдылықты, т.б. iзгi қасиеттердi көтердi. Бұған әл-Фарабидiң «Риторика», «Поэзия өнерi туралы», ибн-Синаның «Данышнамесi» («Бiлiм кiтабы»), әл-Бирунидiң «Хикметтерi» («Даналық сөздерi»), Махмұт Қашқаридiң «Диуани лұғат ат-түрiк» («Түркi сөздерiнiң жинағы»), Баласағұнидiң «Құтты бiлiгi», Иасауидiң «Диуани хикметi» («Ақыл кiтабы»), Бақырғанидың «Бақырғани кiтабы», т.б. толық дәлел бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет