Билет Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы


-билет 1)әл-Фараби шығыстың-ғұлама ғалымы



бет57/79
Дата07.06.2023
өлшемі202,52 Kb.
#99524
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   79
Байланысты:
қаз тарих

28-билет
1)әл-Фараби шығыстың-ғұлама ғалымы Отырар (Фараб) ойшылдарының ең атақтысы, топ жарғаны — “Шығыстың Аристотелі” атанған ұлы ғұлама Әбунасыр әл-Фараби. Оның толық аты-жөні — Әбунасыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби. Түркі оқымыстылары Әбунасыр ныспысының соңына кейде “әт-түрки” деген сөзді қосып, оның түркі текті екенін шегелей түседі. Араб, парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда, әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар) қаласында, отырарлық әскербасының отбасында дүниеге келген. Әл-Фараби алғашқы білімді Отырар медреселерінің бірінде алған. Өйткені көне дәуірден қалған бір деректерге қарағанда, “Мәуереннахрда балаларды түрлі қолөнері мен ғылымға үйрету, баулу, оқыту, олардың бес жасар кезінен басталатын болған”.
Ол кезде мұсылман дүниесінің рухани орталығы Месопотамия болғандықтан, жас Әбунасырды ата-анасы Таяу және Орта Шығыс елдеріне сапарға дайындайды. Бірақ Әбунасыр Бағдатқа бармастан, жолай Шаш пен Самарқан, Бұхара шаһарларында білімін толықтырады. Әбудің мұнда қанша болғаны жайлы араб шежірешілері ештеңе айтпайды. Кейін ол Иран еліндегі Мешһед, Нишапур, Рей, Исфаһан қалаларына келеді, халқының мәдениетімен танысады. Содан соң әрі қарай Бағдатқа аттанады. Әл-Фараби логика, әуез (музыка), астрономия және басқа ғылымдар бойынша көптеген еңбектер жазған. Ибн Хаукаль өз еңбегінде әл-Фараби жайлы: “Ол — аса ірі мұсылман философтарының бірі. Олардың ешқайсысы да оның деңгейіне жеткен жоқ. Әбу әли ибн Сина да (980—1037 жылдары) өзінің шығармаларын жазу үстінде оның еңбектерін пайдаланғанын, сол арқылы мәшһүрлікке қолы жеткенін еске алады”, — деген.
Әл-Фараби өздігінен оқып-жетілген ғалым. Ол, ең алдымен, грек ғылымын, оның философиясын, әсіресе ұлы ұстазы Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған. Ибн Халиканның айтуына қарағанда, Әбунасыр Аристотельдің “Meтoфизикacын” қырық, “Жан туралы” еңбегін жүз, ал “Риторикасын” екі жүз рет оқып шығыпты. Осындай ыждаһаттылығының арқасында ғана ол Аристотельдің ғылыми мұрасын еркін игерген. Әл-Фараби педагогика, психология, эстетика мен акустика, астрономия мәселелерін де терең зерттеп, мәдениет пен ғылымға жемісті үлес қосқан. Сондай-ақ ол парасаттылық пен ағартушылықты жақтаған үлкен гуманист. Әбунасыр — халықтарды бейбіт өмір сүруге, достыққа шақыра отырып, адам баласының білім мен парасатты ойын терең бағалаған кемеңгер. Әбунасыр метофизика, тіл білімі, логика, география, этика, т.б. ғылым салаларын қамтитын жүз елуге тарта трактаттар жазып қалдырыпты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет