2)1937-38 ж.ж. жаппай қуғын-сүргін Қарағандыдағы екінші репрессия 1937-38 ж . жүргізілді .Себебі бұл жылдары бүкіл елімізде, әсіресе Мәскеу мен Ленинградта жаппай репрессия басталған еді. Соның ызғары Қазақстанға да келіп жетті . Өйткені Карағанды еліміздегі үшінші көмір ошағы аталды. Мұнда көптеген партия, мемлекет және коғам қайраткерлері , белгілі ғалымдар, ақын - жазушылар , артистер жұмыс істеді.Сондықтан да 1937 жылғы Қазақстандағы репрессия ең алдымен Қарағандыдан басталды.Осы жылы маусымайында Қарқаралы округтік партия комитетінің хатшысы М.Ғатаулин ұсталды .Өйткені ол 1932 жылдын өзінде-ақ Ғ.Мүсірепов ,М.Дәулетқалиев ,Қ.Куанышев , Е.Алтынбековтермен бірге Қазақстан өлкелік партия комитетінін сол кездегі 1-хатшысы Ф.И.Голощекиннің үстінен БК(б) ПОК-не хат жазған болатын. Бұл хат Қазқстан Компартиясы тарихында «Бесеудің хаты» деген атпен белгіледі.Осы хатқа байланысты М.Ғатаулин үнемі бақылауда жүретін.Сол тұста онымен бірге Н.Нұрсейітовты , М. Орддбаевты, Ж .Баймолдинді тұтқынға алады. Сол жылдың күзінде осы іс бойынша А.Асылбеков, Н.Нұрмақов , С.Сейфуллин , Т.Рысқұлов т.б. ұсталып, ату жазасына кесілді . Бұдан кейін осы облыста кызмет істеген Ғ. И. Пинхасик, Ә. Макатов, Ж.Сәдуакасов,М.Тәтімов , Ж.Сұлтанбеков , X.Әміров,О.Беков,X.Жүсіпбеков, Т.Нұртазин,С.Талжанов,Р.Әлсенов , А . Асылбековтыңәкесі-Мүсәпір , С.Сейфулиннің әкесі - Сейфулла , Хасен Жетпісбаев сияқты карттар камауға алынып, ауыр жазаға ұшырады .Сол жылдары Федоровда , Куперман,Мрачковский , Кадаленко, Шедин , Измаиловтардың тобы деген «істер» ұйымадастырылды , көптеген адамдар нақақтан - нақақ жауапқа тартылды. Солардын ішінде Смирнов , Смертюк, Парамонов,Хенкин , Скрипкин , Көрпебаев сияқты жұмысшы гвардиясының көрнекті өкілдері де кетті . Бұлардан басқа «Қарағанды ісі», «Қарқаралы ісі» деген жалған қылмыспен сан қазақ сотталды. Сөйтіп,1937 ж. кезінде Қазақстанның Петропавл, Қостанай,Семей обл ның чекистері тәрізді Қарағанды обл . Ішкі істер басқарма сынын қызметкерлері де ерекше қаталдығымен көзге түсті .Тіпті Ұлы Отан соғысыныңауыр жылдарында Карағанды чекистерінің ұйымдастыруымен 1944 ж. қаланың Жамбыл атындағы орта мектебінің бір топ жастары- 3.Әбділдин, Б. Жақсылықов, А.Рүстемов,Ж.Өмірбеков т. б . « ЕСЕП » («Елін сүйгенерлер партиясы » ) атты ұлтшылдық ұйым құрды » деген айыппен қамауға алынып ,жауапқа тартылды. Ал 1951-52ж. Карағанды оқытушылар институтының профессор К.Жұмашев , аға оқытушысы А.Нарешев, осы институттың түлектері Б. Ысқақов,М. Теміров, Р. Нарешев т.б. жоғарыда аталған ұйымға қатысы болған деген айыппен қамауға алынып, әрқайсысы ұзақ жаза мерзіміне сот алып кетті . Бұл репрессия нын жалғасы 1963-64ж. дейін созылып , сол жылдары ұлтшылдық ұйым құрды деген жаламен К. Жүнісов, К. Сауғабаев т.б . институттан шығарылып, түрліше жазаларға ұшырады.