Билет Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы


) 1836-1838ж.ж Исатай мен Махамбет бастаған ұлт азаттық көтеріліс



бет6/79
Дата07.06.2023
өлшемі202,52 Kb.
#99524
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Байланысты:
қаз тарих

3) 1836-1838ж.ж Исатай мен Махамбет бастаған ұлт азаттық көтеріліс: Қазақ халқының азат­тық күресінде Иса­тай Тай­манұлы мен Ма­хам­бет Өтемісұлы бас­таған көтерілістің маңызы зор.Ішкі Ор­да­да көтерілістің алғашқы толқыны 1827–1829 жыл­да­ры бо­лып өтті. Қазақ ауыл­да­ры Орал­дың арғы жағына қай­та ора­ла бас­та­ды. Өткір жер да­уы, са­лықтық езгі, әле­уметтік қысым, отар­шылдық қанау 1836 жы­лы көтеріліске әкелді. Көтерілісті белгілі ба­тыр Иса­тай Тай­манұлы мен ақын Ма­хам­бет Өтемісұлы басқар­ды. 1836 жыл­дың ақпа­нын­да Ішкі Ор­да қазақта­рының Жәңгір ханға қар­сы ашық күресі бас­талды. Оған сыл­тау болған Иса­тай­дың хан ор­да­сына шақыры­луы еді. Ол ба­рудан бас тарт­ты және өзінің ауыл­да­рын қыс­та­удан көшіріп алып, көтерілісшілердің үлкен ла­герін жи­нады. Хан мен оның ай­на­ласын­дағылар жа­ла жа­буға көшті. Ба­рым­та кезінде біре­улер бақта­шы шал­ды өлтірген бо­латын. Қара­уылқожа жүргізген тер­геу ісі Иса­тай­дың және оның жақтас­та­рының өлімге қатыс­ты­лығын дәлел­де­уге ты­рыса­ды. 1836–1837 жыл­да­ры Жәңгірге қар­сы арыз-шағым­дар жа­зуды Иса­тай ха­лық ал­дында хан мен оның ай­на­ласын­дағылар­дың са­яса­тын әшке­релеу үшін пай­да­лан­ды. Иса­тай ха­лық көп жи­налған кез­де Ор­даға арыз тап­сы­рады, бұл арыз­ды хан 12 күннің ішінде қарас­ты­руға уәде бе­реді, бірақ еш­теңе де өзгер­мейді. Хан уәдесінен та­яды. 1837 жыл­дың ба­сын­да көтерілісшілердің қимы­лы өрши түсті. Көтерілісшілер Жәңгір хан­нан өзінің ай­на­ласын­дағылар­дың Балқы би мен Қара­уылқожа­ны шет­те­туді, билікті ру стар­шында­рының қолы­на бе­руді, сон­дай-ақ көтерілісшілер­ге қар­сы бас­талған бар­лық істерді тоқта­туды не­месе олар­ды би­лер со­тының құзы­рына бе­руді та­лап етті. Жәңгір хан қат­ты сас­ты. И. Тай­манұлы әкімшілікті хан­мен ара­дағы қақтығыс­ты бейбіт жол­мен ше­шуге бо­латын­дығына көздерін жеткізу­ге ты­рыс­ты. Бұл кез­де Орын­бор әкімшілігі мен хан асығыс түрде ка­зак әскерін, хан жа­сақта­рын жа­сақтай бас­та­ды. 15 қара­шада таң ал­дында Тастөбе елді ме­кенінде көтерілісшілер мен жа­зала­ушы­лар­дың ара­сын­да кескілес­кен соғыс бол­ды. Шайқас­та көтерілісшілер жеңіліп, ора­сан көп мал­да­ры қырыл­ды, он­даған адам қаза тап­ты. Бірақ аз­даған қосын­мен Жайықтың сол жағасы­на өтіп Иса­тай мен Ма­хам­бет құты­лып ке­теді. Енді көтеріліс Жайықтың сол жағасын­да жалғаса­ды. 1838 жылғы 12 шілде­де Кіші жүз жеріндегі Қиыл өзенінің бойын­да көтерілісшілердің жа­зала­ушы­лар­мен ке­зекті шайқасы өтіп, осы ұрыс­та Иса­тай мерт бо­лады. Иса­тай мен Ма­хам­бет бас­таған көтерілістің негізгі қозғаушы күші көшпелі ру­лар бол­ды. Қозғалыс­тың сти­хи­ялығы, нақты бағдар­ла­масы­ның бол­ма­уы, ұйым­шылдықтың жетіспеуі жеңіліске әкелді. Ма­хам­бет Өтемісұлы ха­лық көтерілісінде маңыз­ды рөл атқар­ды. Ол жа­лын­ды жыр­ла­ры арқылы ха­лықты пат­ша үкіметі мен отар­шы­лық билікті жақтаған хан­дарға қар­сы күрес­ке шақыр­ды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет