2-билет 1)Қазақстан аумағындағы палеолит: ежелгі тас дәуірі. — адам мен оның шаруашылығы қалыптасуының бастапқы уақыты. Алғашқы қауым адамы жабайы өсетін дәндерді, жеміс-жидектерді жинап, жануарларды аулаған.Палеолит дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапкы кезеңі алғашқы тобыр — бірлесіп корғану және шабуыл жасау, аң аулау және жиын-терін үшін бірлесу болды. Бұл әлеуметтік құрылым бейнесіздігімен, қоғамдық катынастардың жетілмегендігімен ерекшеленеді. Сонымен бірге оған неке байланыстарының кейбір реттелгендігі тән болды. Алғашқы тобыр төменгі палеолиттің алдыңғы кезендерінің бірі — ашель дәуіріне сәйкес келеді. Ашель уақытында жаңа әлеуметтік организм — алғашқы қауымның алғышарттары бірте-бірте толыса бастайды. Ал мустье дәуірінде жынысы мен жасына қарай табиғи еңбек бөлінісі болады, қауымның бастапқы нысандары шыға бастайды. Әлеуметтік жағынан алғанда соңғы палеолиттегі адам ұжымы жаңа межемен — алғашқы кауымның толысқан нысандарының қалыптасуымен сипатталады. Палеолит – қазбадан табылған ежелгі адамдардың, сондай-ақ қазбадан табылған, бірақ қазіргі уақытта құрып кеткен жануарлар дүниесінің өмір сүрген дәуірі. Ол алғашқы екі үлкен дәуірдегі төртінші геологиялық кезеңге –эоплейстоцен мен плейстоценге сай келеді. Палеолит дәуірінде жердің климаты, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қазіргіден әлдеқайда өзгеше болған. Палеолит дәуірінің адамдары қарапайым тас құралдарды пайдаланған, оны өндіруді және қыштан ыдыс жасауды білмеген. Олар аңшылықпен және тағамдық өсімдіктер жинаумен айналысты. Балық аулау жаңадан жандана бастаса, егіншілік пен мал шарушылығынан хабарсыз еді. Палеолит дәуірінің басталуы (2 млн-нан астам жыл бұрын) жерде адам тәріздес маймылдар түріндегі архантроптардыңпайда болуына сай келеді (қ. Олдувэй мәдениеті). Палеолиттің аяқталуы б.з.б. 12 – 10 мың жылдар шамасы. Бұл – Палеолит пен неолитаралығындағы мезолитке өту кезеңі. Кейінгі Палеолит кезінде қазіргі адам түрі "Homo Sapіens" (неоантроп) пайда болды.