Мақсаты: диагностикалық
Көрсеткіштері: науқасты зерттеу.
Асқынулар: гематома, тромбофлебит, сепсис, вирустік гепатит, АҚТҚ.
Қан алатын жерлері:шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік тамырлары.
Құрал-жабдықтар:залалсыздандырылған: 10-20 мл көлеміндегі бір рет қолданылатын шприц, лоток, мақта шариктері, салфеткалар, 70 этил спирті, бет перде, қолғап, қорғаныс көзілдірігі, алжапқыш, штативтегі таза пробиркалар, резеңке бұрау, клеенкалы жастықша, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. Емшара таңертең (ашқарынға) ерте асқа дейін алынады Науқастан таңертең тамақ қабылдамағаның анықтаңыз.
Зертханаға жолдама жазып, пробирканы нөмірлеңіз.
Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуына көмектесіңіз.
Гигиеналық деңгейде қол декотаминациясын жүргізіп, оларды тері антисептигімен өндеңіз.
Бет перде, қолғап, қорғаныс көзілдірігін, алжапқышты киіңіз.
Бір рет қолданылатын шприцтің орауын ашып, оны құрастырып, инеден қалпағын алмай тұрып, ауасын шығарыңыз, шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз.
Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз.
Резеңке бұрауды иықтың ортанғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе киімінің үстінен байлаңыз.Бұрауды былай байлаңыз:оның бос ұштары жоғары қарай бағытталған болады, ал ілгегі төмен.
Көк тамырды зерттеңіз. Ең көп толған көк тамырды табыңыз.
Көк тамырды толтыру үшін науқастан жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын сұраңыз. Сосын оны қысуын.
Спирттелген екі мақта шариктерімен шынтақ бүгілісі аймағын, инъекция жасайтын жерді реттілікпен тазартыңыз, оларды контейнерге салыңыз. 3-ші мақта шаригін сол қолдың ІV және V саусақтар арасында ұстаңыз.
Оң қолыңызға шприцті алыңыз: ІІ саусақ иненің канюлясында, ал ІІІ, ІV саусақтармен цилиндрді жоғарыдан орап алыңыз, І саусақты төмен ұстаңыз.
Сол қолдың үлкен саусағымен болжаған тесетін жерден төмен көк тамырды бекітіңіз.
Инеден қалпағын алып, әдеттегідей көк тамырды тесіңіз (науқастың жұдырығы қысылған).
Поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, ине көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.
Сол қолмен ақырын поршенді өзіңізге қарай тарта отырып, 5-10 мл қанды шприцке сорып алыңыз.
Резеңке бұрауды шешіңіз, науқас жұдырығын ашуы қажет, жылдам қозғалыспен көк тамырдан инені шығарыңыз.
Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге 3-5 минутқа салыңыз, науқастан шынтақ буынынан қолды сәл бүгуін сұраңыз.
Шприцтен инені алып, контейнерге салыңыз.
Шприцтен қанды пробирканың қабырғасына жай қысусыз құйыңыз, оның шашырамауын қадағалаңыз.
Пробирканы су өтпейтін тығынмен жабыңыз.
Пробирканы қанмен бірге штативпен бірге контейнерге қойыңыз, оны тығыз жабыңыз.
Науқасқа тұруға немесе жайлы қалып алуына көмектесіңіз.
Көк тамырды тескен жерден қан бөлінбегеніне көзіңізді жеткізіңіз. Науқастан мақта шаригін алып ҚЖКЖК-ға салыңыз.
Контейнер мен жолдаманы биохимиялық зертханаға жіберіңіз.
Қолғап, бет пердені шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
биохимиялық анализге көк тамырдан қанды алу таңертең ашқарында 10 мл мөлшерінде жүргізіледі;
ЖҚТБ және RW қан алуды күннін әрбір уақытында 5 мл мөлшерінде жүргізіледі;
қанды алуға арналған пробирка құрғақ болуы керек (әйтпесе эритроциттердің гемолизі болады). Химиялық таза, қашап қыйыстырылған резеңке тығыны болады;
шприцсіз қанды алуға тиым салынады. Тек инемен (қан шашырау қауіпсіздігі бар).
жолдамасында пробирканын нөмерін, зерттеу мақсатын, науқастын аты-жөнін, жынысын, жасын, диагнозын, бөлімін көрсетіңіз.