Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы аурудың қоздырғышын анықтау.
Көрсеткіштері: мұрын микрофлорасын тексеру, жұқпалы ауруға күдік болғанда.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: мақта-дәке тампондарымен аузы (тығынмен) тығыз жабылған пробиркалар штативімен, материал алу үшін құрғақ мақта тампондары бұралып жасалған темір өзегі бар таяқша, крафт пакетіндегі шпатель, пробиркаларды тасымалдауға арналған бикс, стеклограф, жолдама бланкасы, қолғап, бет перде, вазелин майы, турундалар, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, емшараны жүргізу үшін науқастың келісімін алыңыз.
Науқастың мұрын қуысын қарап, оның таза екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.
Мұрын қуысының алдыңғы бөлігін тазартып алыңыз (науқастың мұрнын сіңбіруін сұраңыз), вазелин майымен оларды жібітіп алып мұрын ішіндегі қабыршақтарды тазалап алыңыз. Содан кейін құрғақ мақта турундасымен тазартыңыз.
Беті жабық «Мүрын-2» деген пробирканы сол қолдың III-IV-V саусақтары астына алыңыз, ал оң қолмен тығынынан ғана ұстап, пробирканың (оң қолдың саусақтары тек пробирканың тығынына ғана тиуі тиіс) ішіндегі мақта оралған темір өзекті шығарып алыңыз.
Науқастың мұрынының үшын сол қолдың үлкен саусағымен көтеріңіз, ал оң қолмен тампонды жеңіл айналмалы қозғалыспен бір мұрын қуысына, содан кейін екінші мұрын қуысы ішіне 1,5-2 см тереңдікке, мұрын қабырғаларына, мұрын қалқасына тығыз жанастыра тигізіп енгізіңіз.
Мұрын қуысынан тампонды шырышпен шығарыңыз.
Ептеп пробирканың жиегіне немесе сыртқы беттеріне тигізіп алмай өзекті оның ішіне тампонды енгізіңіз.
Пробирканың ауызы тығыз жабылғанын қадағалаңыз.
Пробирканы штативке орналастырып, сосын бикске оны «кілтке» жабыңыз.