Мақсаты: қуыктағы несепті дер кезінде шығару, кейіннен қалыпты табиғи несеп шығаруды қайта қалпына келтіру, қуықты жуу.
Көрсеткіштері: жедел және созылмалы зәр бөлінудің тоқтауы, қуықты жуу және оған дәрілік, рентгенконтрастық ертінділерді енгізу, несіптік және жыныс жүйелеріне операциядан кейінгі кезең, зәр бөліну мүшелерін эндоскопиялық зерттеу алдында, клиникалық және бактериологиялық зерттеуге зәрді алу, қалдық зәрді анықтау.
Қарсы көрсеткіштері: уретраның (үрпінің) жарылуы, жедел уретрит,простатит, эпидидимит, гематурия, зәр шығару каналының тарылуы, простата ісігі, зәр шығару каналының жедел қабынуы.
Асқынулар: уретралды қызба, уретраның қуықтын шырышты қабығының зақымдануы, асептика ережесін сақтамағанда жұқпалы ауруларды енгізу.
Құрал-жабдықтар:залалсыздандырылған катетер, 2 дана анатомиялық пинцеттер, корнцанг, лоток, салфеткалар, алжапқыш, 2 дана қолғап, вазелин майы, 1:5000 фурацилин ерітіндісі, несеп жинайтын ыдыс,тері антисептигі, 1% спирттелген йод ертіндісі, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, клеенка, жаялық, керме, науқастың жыныс мүшесін жууға арналған құрал-жабдықтар, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі: Наукаспен өзара сенімді қарым-қатынасты орнатыңыз.
Науқаска емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Науқасты кермемен оңашалаңыз.
Науқасты арқасына жатқызыңыз: тізесінен бүгілген екі аяғын жан-жаққа аздап қана ажыратқан.
Бөксе астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз. Судноны беріңіз.
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп,тері антисептигімен қолыңызды өңдеп, қолғап пен алжапқышты киіңіз.
Жыныс мүшесін жууға арналған құрал-жабдықты дайындап (стандартты қараңыз), оны жүргізіңіз.
Науқастың оң жағына тұрып сол қолыңызға залалсыздандырылған салфетканы алып оны жыныс мүшесінің үстіне қойып 3,4- ші саусақтарыңызбен ұстап, ал 1,2- ші саусақтарыңызбен оның күпегін жыныс мүшесінің басынан жылжытыңыз.
Қолыңызды тері антисептигімен өңдеңіз
Оң қолыңызға пинцетпен дәке тампонын алып оны фурацилин ертіндісіне малып алыңыз, жыныс мүшесінің басын айналмалы қозғалыстармен сағат тілінің бағытында жоғарыдан төмен зәр шығару каналынан переферияға қарай тампондарды ауыстыра отырып жуыңыз.
Зәр шығару каналының сыртқы ашық тесігіне бірнеше тамшы залалсыздандырылған вазелин майын тамызыңыз.
Ораудын саңылаусыздығын оның жасалған күнін тексеріңіз. Пинцетті ауыстырыңыз.Орауды ашып катетерді пинцет арқылы алыңыз.
Оң қолыңызға залалсыздандырылған пинцетпен катетердің тұмсық ұшынан 5-7 см қашықтықта алыңыз, катетердің сыртқы ұшын алақан үстінен айналдырып алып, оң қолдың ІV-ші, V-ші саусақтарының арасына қысып ұстаңыз.
Катетердің тұйық жағына лотоктың үстінен 15-20 см арақашықтықта залалсыздандырылған вазелин майын құйыңыз.
Сол қолдың 1-2 саусақтарымен жыныс мүшесінің басын ұстап тұрып катетердің бірінші 4-5 см енгізіңіз.
Катетерді тағыда 4-5 см арақашықтықта ұстап жәймен 19-20 см ұзындығына зәр шығару каналына енгізіңіз.
Жыныс мүшесін төмен қарай түсіріңіз.
Катетердің қалған бөлігін зәр жинауға арналған ыдысқа салыңыз.
Пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.
Зәр бөлінуі аяқталғаннан соң катетерді шығарыңыз, қасағаның үстінен іштің алдыңғы бетін сол қолыңызбен басыңыз. Катетерден шығарғаннан сон зәр ағымы зәр шығаратын каналды жуады (несеп жолын табиғи жолмен шайып өтеді).
Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа катетерді салыңыз.
Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, сүрткілерді мақта шариктерін ҚЖКЖК-ға салыңыз.
Алжпқышты дезерітіндімен 2 рет 15 мин аралығынд сүртіңіз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.